Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газетінің 9 наурызындағы санында: “Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Русия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш”-деп, бостандық күні туды деп жар салды /1/. «Қазақ» газеті осы жылғы наурыздың 24 күнгі санында Минскідегі Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған қазақ қайраткерлерінің Қазақстанның сол кездегі негізгі орталықтарына жолдаған жеделхат текстін жариялады. Жеделхатта: «Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды… Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың-бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі-демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі »/2/- деп жазылған болатын. Жеделхаттан қазақ қайраткерлерінің саяси айқындамасы анық көрінеді. Олар, біріншіден, халықты жаңа үкіметті қолдауға шақырып, демократиялық республика ұранын алға тартты. Екіншіден, жер жөніндегі мәселелерді шешуді күн тәртібіне қоюды ұсынды. Үшіншіден, Құрылтай жиналысына дайындық жұмысын жүргізу арқылы ұйымдасуға, бірлесуге, сөйтіп, ұлт тағдырына қатысты мәселелерді шешуге үндеді. Майдан жұмысында жүрген қазақ зиялылары ”Ресей барша халыққа ағайындақ, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек,”- деп, М. Тынышпаев, А. Тұрлыбаев, Ә. Сатбаев, Т. Құнанбаев, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, С. Ақаев, Қ. Қожықов және тағы басқа қазақ зиялылары жаңа үкіметке толық қолдау көрсетіп, соның шеңберінде ұлт тағдырына қатысты зәру мәселелері шешуге деген ұмтылыс байқатты. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жер-жерлерде бұқараның саяси белсенділігінің артуына ықпал етті. Революция қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Бұл мынадай жағдайларда айқын көрінді: біріншіден, билік мәселесін шешуде жергілікті жерлерде патша өкіметінің қойған адамдарының орнына революциялық рухпен қаруланған тұлғаларды тағайындау рын алды; екіншіден, кейбір 1 . Зор өзгеріс //Қазақ. 1917. №221. 9 наурыз. 2. Мұхамеджан. Учредительное собрание//Қазақ. 1917 №223. 24 наурыз. жерлерде әкімшілік басқару тәсілдері мен жалпыға белгілі либералдық жүйенің талаптарын шығару байқалды; үшіншіден, демократиялық бостандық, жалпы демократиялық негізіндегі ұлттық автономия үшін қозғалыстар күшейді; төртіншіден, өлкеде революциялық қозғалыс пен революциялық үгіт күшейді. Ақпан революциясының өзіндік ерекшелігі-елде қос өкімет орнады: буржуазиялық Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңестері орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси билігінің ұйымдарын құрудың нақты негізі Мемлекеттік дума, қалалық думалар және әр түрлі комитеттер болып табылды. Уақытша үкімет биліктен отарлы әкімшіліктің әскери губернаторларын, генерал-губернаторларын, чиновниктерін аластатты. Олардың орнына облыстық комиссиялар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет тағы басқа құрылды. Болыстарда, ауыл мен селоларда сол баяғы болыстық және ауылдық басқарушылар, селолық старосталар, станицалық атамандар қалды. Уақытша үкімет облыстардың басшылығына патша өкіметінің бұрынғы шенеунік-отаршыларын, сондай-ақ қазақ зиялыларының өкілдерін де тағайындады. Мәселен, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссары болды. Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабарлар жергілікті жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару ұйымдарын құруды қолға ала бастады. Азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық ұйымдардың құрама атқару комитеті тәрізді қоғамдық негіздегі комитеттер патша өкіметінің билігі жойылған жерлерде дереу бой көтерді. Ақпан революциясының алғашқы күнінен 5 наурызға дейінгі аралықта, яғни Уақытша үкіметтің жергілікті үкімет ұйымдарын құру жайлы қаулысына дейін 29 губерниялық комитеттер құрылды. Сол кезеңде жергілікті билікті жүзеге асыруға тырысқан бұл ұйымдардың бұқарашылдығымен бірде-бір қоғамдық — саяси институт тең келмеді. Буржуазиялық-демократиялық революция ұлт аймақтарында жаңа әкімшілік жүйені негіздеу мен олардың өзін — өзі басқарып, билеу мүмкіндігін туғызды. Облыс, уезд болыс және ауылдарда Уақытша үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастады. Бүкіл Ресейдегі тәрізді қазақ өлкесінде де Азаматтық комитеттер құрыла бастады. Азаматтық комитеттердің төменгі, яғни ауыл мен болыс дәрежесіндегі жүйесін құру ісі тез қарқынмен өрістеді. Бұлармен қатар уездік және облыстық комитеттерді құру ісі де қатар жүрді. Олардың құрылуы мен жергілікті атқару билігі жүйесін ұйымдастыру ісі толық жүзеге асырылды.
Источник: https://e-history.kz/kz/historical-education/show/12806/
© e-history.kz