Палеонтология (палео…, грек. ontos – тірі организм және logos – ілім) – жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар және олардың тарихи даму заңдылықтары туралы ғылым. Геологиямен тығыз байланысты. Палеомагниттілік палеоботаника және палеозоология болып бөлінеді. Қазақстанда Палеомагниттілік саласы бойынша жүйелі зерттеулер Қ.И. Сәтбаев және В.С. Бажановтың жетекшілігімен Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында палеобиология лабораториясы ашылғаннан кейін, 1946 ж. басталды. Қазақстанның палеонтолог ғалымдары Ақеспе (Арал теңізініңсолтүстігінде), Шынтұзсай, Қараторғай, Шалқартеңіз, Күшік (Торғай ойпатында), Мыңескісүйек, Қызылқия, Шах-шах, Жәйрем, Асқазансор (Орталық Қазақстанда), “Қаздарқонысы”, Қарабастау свитасы, Зайсан ойпатынан 50-ден астам палеонтологиялық қазба орындарын тауып, зерттеулік жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 750-ден астам өсімдіктер мен 600-ден астам жануарлардың қалдықтары табылып, оларға ғылыми сипаттама берілді. Бұрын белгісіз 150-дей жануардың және 200-ден астам өсімдіктің жаңа түрлері анықталды. Қазба өсімдіктер мен жануарлар коллекциялары Қазақстан Ғылым Академияның Геологиялық мұражайында және Қазақстан Ғылым Академисының Зоология институты жанындағы Табиғат мұражайында сақтаулы.[1][2]
Организмдердің қазба қалдықтарын және олардың тіршілік іздерін зерттеу арқылы өткен геологиялық кезеңдер мен дәуірлерге тән өсімдіктер мен жәндіктер яки хайуандар әлемінің даму тарихын зерттейтін, ағзалардың филогендікқатынастарын қалпына келтіретін және олардың тіршілік ортасына сәйкес даму пішіні ерекшеліктерін саралайтын биологияғылымының саласы. Сөз болған ағза қалдықтарын жан-жақты зерттеу негізінде олардың тегі немесе биологиялық түрі анықталатын болады, ал мұның өзі сол қалдықтарды өз болмысына кіріктірген таужыныстардың геологиялық көнелігінанықтауға, сөйтіп стратиграфиялық бөлімиіелерді даралауға мүмкіндік береді.