Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілеріндежинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктермен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстарсан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйеніңжойылып кетуі. Биологиялық ресурстарөсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемініңресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.[1]