АЛФАВИТ

АЛФАВИТ (грек. Alhabetos, грек алфавитіндегі альфа және бета сөздерінің алғашқы екі әрпінің қосындысынан шыққан), бағдарламалау тілінде — бір-бірінен айқын дараланатын әріптердің, цифрлардың, арифмет. амалдардың белгілері (+, -, •, / т.б.), тыныс белгілері және арнайы белгілер (#, $ т.б.). Алғашқы А. 1957 ж. Фортран тілі үшін жасалды. Онан кейін Алгол, Кобол, ПЛ/1, Бейсик, Паскаль, т.б. тілдерінің А-і пайда болды. Бұлардың соңғы үшеуі әлі күнге дейін қолданылады. А-терде әрбір белгінің өзінің реттік нөміріне сәйкес мемлекеттік стандарт белгілеген коды болады. Компьютерлерде, негізінен, америкалық ақпарат алмасу кодтары стандарты (American Standart Code for Information Interchange – ASII) қолданылады. Қазақстанда осы стандарт негізінде қазақ әріптерінің компьютерге арналып жасалған кодтар кестесі енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *