Жанакулова Карлыга Сериковна, Ақмола облысы , Астрахан ауданы Староколутон «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиялық жоспары мерзімінен бұрын жүзеге асып, Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз.
Осы «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы қазан айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Ал , 2007 жылы Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын кезең –кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы мәдени жоба Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы болмақ. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Сондықтан, бұл тілді де ұмытуымызға болмайды.
˝Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол˝,- деп мәлімдеме жасады Елбасымыз Н.Назарбаев. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда , — деді елбасымыз. Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ.Халқымыздың үш тіл білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың жобасы болып табылады.
Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білу керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді .Сонымен қатар қазіргі уақытта көп тіл білу – байлық.
Сөздің шыны керек: «Мектептегі үш тіл». Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы.
Заман талабына сай оқырмандарымыз қазақ тілін үйренуге құлшыныстары өте зор деп айтуға болады. «Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты.Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар сияқты.бала тәрбиесі – зор адамгершілік пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар зор үлесі бар.бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады.Бала бақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығыосында. Бала бақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады.
Ойын демекші, бала бақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Бала бақшада баланың балалық шағы жан-жақты білімдерді меңгерумен өтеді. Балалар дене шынықтырудан, шет тілдерінен, орыс тілінен, хореографиядан, ән-күйден, тіл дамытудан білімдерін дамытады. Тіл дамыту демекші, тілге деген құрметіміз қандай деңгейде. Тіл үйрену дегеніміз сөз бен ереже жаттау емес, сөйлеу түрлерін меңгеру. Кез келген өркениетті елде көп тіл білу жақсы дамыған. Қаласаң өз үйренгеніңше тілді меңгеруге болады.Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл – осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі.
Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
Бағдарламаның басты мақсаты:
-қазақ тілінің мәртебесін көтеру; мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде
жүргізу; ағылшын тілін меңгерту;орыс тілін жетік білу;
-әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан»-деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.
Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу – ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ала бастаған Қазақстан үшін аса маңызды.
Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс. Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді меңгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді. Бұл – тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса, бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзсіз.
Осы мақсатта, біздің балабақшамызда осы жылдан бастап қазақ тілі, орыс тілі және де ағылшын тілі мұғалімдері қызмет атқарады. Балалардың білім алу деңгейлері аз ғана уақыт болса да, көп жетістіктерге жетуде. Және де денешынықтыру нұсқаушысы да бар. Қазіргі заманға сай «Дені саудың жаны сау» дегендей білімін жетілдіруде. «Ақбота» балабақшасында 2014-2017 жылдар аралығында«Үштілділік – мектеп жасына дейінгі балаларға ерте жастан бастап жан-жақты мәдениетті тәрбие беру құралы» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Ағылшын тілі ІІ кіші сәбилер тобынан бастап еңгізілді. Тәрбиешілердің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер үштілде өтеді. Үштілдік -ойын ретінде болғандықтан балаларға өте қызықты болады. Балалар келесі сабақты асыға күтеді. Үштілдік сабақ балалардың ой-өрісін, қиялдарын,сөздік қорларын, тапқырлықты, ізденімпаздықты, зейінділіктерін дамытады. Ойын түрлері көп, соның ішінде үштілдік сабақтарда мынадай ойын түрлері қолданады: ойын-жаттығу, сергіту-ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар және ағылшын тілінде тақпақтар, жұмбақтар, музыка сабақтарында ағылшын тілі мамандарының көмегімен өлеңдер жаттауда. Осы ойындар балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек. «Елу жылда ел жаңа…» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.
Қорыта айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеру балаларға мектепте оқығанда, келешекте бәсекеге қабылетті маман ретінде жақсы табыстарға қол жеткізу үшін ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алу, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сондықтан, өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер :
1.Назарбаев Н.Ә . «Казақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, қаңтар 2017ж.
2.Рысбаева Г.К. «Шетел тілін білу – жас ұрпақтың басекесі қабілетті кепілі »
3.Сманқұлова Ж.Е.Оқытудағы интерактивтік әдісі .Алматы 2015 жыл
4.«Мектепке дейінгі шет тілі» журналы 2012 жыл
5.«Отбасы және балабақша» журнал 2016ж.