АЛУНИТ, ашудас

АЛУНИТ, ашудас — сульфаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: КА13[S04]26. Тригональдік сингонияда ұсақ куб пішінде кристалданады. Ұсақ түйіршікті немесе талшықты агрегаттар түзейді. Түсі сұрғылт, сарғылт немесе қызғылт ренді ақ, шыныдай жылтыр. Қатт. 3,5 — 4, меншікті салм. 2,6 — 2,8 г/см3. А. сілтілі дала шпаттарына бай ортада не қышқыл құрамды магмалық жыныстарда, төмен темп-ралы, күкірт қышқылды гидротермал ерітінділер әсерінен эндогендік жолмен, кейде алюминий тотығына бай жыныстарға сульфатты судың әсер етуінен пайда болады. Бұл процесс А-тену деп аталады. А-тену алтын, мыс, полиметалл кендерін іздеу кезінде кен белгілері болып табылады. Күйдірілген А-тен ашудас пен алюминий сульфатын алады, сонымен бірге отқа төзімді материалдар өндірілетін шикізат ретінде де пайдаланылады. Қазақстанда А. кендері Торғай ойпатында (Қашар), Сарыарқа өңірінде (Баян, Ақтайлақ, Тарғыл, т.б.) бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *