Салтанат Кәрібайқызы БОТБАЙБЕКОВА
Археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы
Е.Қ.ШҮЛЕМБАЕВ
Археология және этнология мамандығының 3 курс студенті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана/Қазақстан
Қазақтың тарихы қашанда оқып білу, зерделеп қарастыруға қазақ зергерлік өнерінің қосар үлесі мол. Қазіргі таңда көне дәуірлер өнерінің «тілін» жеткізіп отырған қол өнер бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдар десек қателеспеспіз. Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың бір түрі жағынан да, мән – мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны – зергерлік өнер. Зергерлік өнер туындыларын зерттей келе, оның өте күрделі, әрі қиын да қызықты екеніне көз жеткізуге болады. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Біздің бұл мақала қарастайын деп отырған тақырыбымыз, қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Сырғаны жас ерекшелігіне қарай ажыратуға болады, негізінен бойжеткен қыздар құлаққа таққа. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған. [1]
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер ретінде саналған. Сондықтан да боларел ішінде: «Зердің жайын зергер білер, Аңның жайын мерген білер», – деп босқа айтпаса керек-ті. Оған біріншіден, табиғаттан дарыған тума талант керек болса, екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Жалпы зергерліктің түбірі «зер» парсының «алтын» деген сөзінен шыққан. Зергерлік өнер – ауқымы жағынан шағын болып көрінгенімен өте нәзік те күрделі өнер. Қиындығы «инемен құдық қазғандай» демекші, ісмерлікпен қоса, ыждағаттылықты қажет етеді. Зергерлер көбінесе, әйел қауымының әшекейлі сәндік бұйымдарын шеберлікпен, зор талғаммен жасай білген. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық әсем болады. Көптеген зергерлік бұйымдар түрлі асыл тастармен әшекейленеді. Жалтыраған асыл тастар бұйымдарға әдемі өң береді, әрі бағасын арттырады. Әшекейлердің тіл-көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі жоғарыда айтқанымыздай – сырға.
Көптеген елдерде адам моншақ, сырға, білезік тәрізді сәндік бұйымдарды неғұрлым көп тағатын болса, соғұрлым ол бай болып есептеледі. Ал бай саналған әйел әрі сымбатты, әрі сұлу болуы тиіс. Африка, Оңтүстік Азия елдері мен кейбір аралдарда мұндай ұғым осы күнге дейін бар көрінеді. Әшекей бұйымдары арқылы әр халықтың өзіндік сыр-сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым түсінігі байқалып тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ зергерлік өнерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Бір шүкіршілік ететініміз, салыстырып, талдап қарай келгенде, қазақ зергерлік өнерінің дүниежүзілік деңгейден ешқандай да төмен емес екендігін аңғаруға болады. Біздің қол шеберлеріміздің жасаған бұйымдары дүниежүзінің әр түрлі көрмелеріне қатысып, жақсы бағаланып келеді.
Өткен заманда қазақтың халық қолөнерінің жете дамыған түрлерінің бірі – зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің түп тамыры сонау әріде жатыр. Бағзы бір замандардың өзінде Қазақстан территориясында алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын, тағы басқа металдар өндірілген. Соларды соғу, құю, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдары, әшекей заттар мен әр түрлі бұйымдар жасалған. Археологиялық зерттеулер осыны дәлелдеген. Қазақстан территориясында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ертетеді көшпелілер заманында кеңінен таралған алтын мен күмістен және басқа металдан жасалған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Сол табылған заттардаың көпшілігі қас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындылардың қатарына жатықызуға болады. Мысалы, «Қарғалы көмбезінен» табылған бұйымдар. Есік қорғанынан табылған бүкіл әлемді таңдандырған сақ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бол алады. Сақтардың әсем жасалған метал бұйымдар туралы Герадот, Страбон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының шығармаларына кездеседі. [3-3б]. Бұдан біз сол кездегі әлем мәдениетінің жай-жапсарын біле аламыз.
Бұйымдардың жасалу технологиясы мен көркемдік ерекшелігіне қарай, қазақ зергерлік өнерінің дамуын көне дәстүрлер жалғасы және көршілес елдер мәдениетінің өзара әсерін көруге болады. Өзге халықтардан үйренген нақыш-бедерлер ұлттық эстетикалық талап-талғамға сай өзгеріске түсіп, көркемдік стильдің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтап отырып, бұйым жасау технологиясын түрлендіре түсуге жағдай туғызды.
Қазақ қолөнерінің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің жасалуындағы бір ерекшелігі оның кәсіптік сипатына байланысты. Қазақтың зергерлік ісінің тағы бір өзіндік ерекшелігі – зергерлер ұстаздарынын үйреніп, сосын өздері жеке-жеке еңбектенген. Зергерлік бұйымдарды жұрт көп пайдаланған болғандықтан бұл өнер кең өріс алды. Сол заман адамдары діни ұғымдар бойынша тілден, көзден сақтайды-мыс, әр түрлі кездейсоқ пәле-жаладан қорғап жүреді-мыс деп, бойтұмар болатын әшекей заттарды жасатуға құмар болған. Зергерлік бұйымдардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы бойтұмар ретінде роль атқарған. Бұйымның материалы, түр-түсі, ою-өрнегі діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын болған. Зергерлік бұйымдардың көлемі ықшап, көркемдік бейнесі біртұтас болып келетіні әлгіндей астарлы сырымен, мән-мағынасымен тікелей байланысты болды. Бертін келе олар о басты астарлы мәнін жойып, декорациялық қызмет атқаратын бұйымдар қалыптасып, мол тарай бастады.[3.3-4б].
Метелдан жасалған әшекейлік бұйымдардың қоғамның барлық әдеуметтік топтарының арасында тарауы – зергерлік өнерде көбінесе күміс пен оның қоспаларының пайдалануына әсер етті.
Күміс – жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Оның осы қасиеттерін зергерлер барынша пайдаланды. Күмісші шебер алуан түрлі бұйымдар жасайтын. Бұның ішінде қыз-келіншектерге арналған әшекей бұйымдары, сыртқы киімдердің түймелері, сәндік заттар, қару-жарақ, ер-тұрмандарды әшекейлеу ерекше орын алды. [3.5б]
Қазақ ССР Мемлекеттік өнер музейінің қорында осы аталған зергерлік заттардың бәрі бар десек те болады. Қордағы әшекей бұйымдардың көбі ХҮІІІ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың басында жасалған. Өңірлер бойынша зергерлік бұйымдардың ерекшелігін айтар болсақ. Солтүстік Қазақстан зергерлік бұйымдарының ерекшелігі – құрылымының күрделілігі, формаларының әсемдігі, салпыншақтарының көптігі және бұйымдарға ақық, маржан, перезе, тағы басқа тастардың көзі салынған.
Орталық және Шығыс Қазақстан шеберлерінің шығармалары қарапайымдылығымен, формалардың айқындылығымен, әшекейлеу стилінің ықшамдығымен көз тартады.
Оңтүстік Қазақстан зергерлерінің бұйымдары- ою-өнердің, нақыштың көптігі, әрі күрделілігі, сылдырмақ салпыншақтар мен алтын жалатқан бөлшектердің жиі қолданатындылығымен ерекшеленеді.
Сырғалардың да көркемдік шешімі алуан түрлі. Өте шебер нәзік етіп жасалған зер сырғалардың құрамы өзгеше. Олар сым шашақты майда қоңыраушалардан тұрады.
Сырғалардың ішінде –ай сырға барлық өңірде бар десек те болады. Діни сенімдегі қазақтар Айды о баста қасиетті деп санап, қатты қастерлеген. Осыған орай ай сырғалар аспан әлеміндегі денелердің түрлерімен әшекейленеді.
Тарам-тарам салпыншақтан жасалған тамшылы сырға, құрылымы күрделі қозалы сыраға, іші қуыс жұмыр сырға – ослардың әрқайсысы өз өрнегі, өз көркімен көз тартады. [3.5-7б]
Айбалта сырға -ертедегі соғыс қаруының бірі-айбалтаға ұқсатып жасалған сырға түрі. Алақаны айбалта пішінінде жасалады да жоғары жағының орта тұсына тойнақ орнатылып, оған құлақтың сырғалығының тесігіне кіргізілетін ілгек бау орнатылады.
Алқа — бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бой жеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Алғашында алқаны дөңгелек пошымда, әрі әшекей ретінде тағылғанымен, бертін келе оны түр сипаты өзгеріп, тұмарша түріне ауықан. Алқа моншақтан тізген асыл тастардан, алтын мен күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырып, ою-өрнектеп салпыншақты етіп жасалады. Алқа бірнеше бөліктен тұрады:
алақан- бір-бірімен топса арқылы байланысатын жалпақ күміс немесе күмістелген қаңылтыр (оны кей жерлерде тақта депатайды);
алақанбау – мойынға байлайтын жібек жіп немесе күміс шынжыр;
аяқ – алқаның шынжырлары, салпыншағы;
қас- алқа көзіндегі тас;
қоза- шар сияқты ұсақ домалақ әшекей;
тойнақ- бекітілген топса секілді тетігі.
Түркітанушы В.В.Радлов түркі тілдеріне араб тілдерінен енгенін, оның дөңгелек, шығыр, шығыршық, сырға, алқа, сақина, білезік сияқты мағныда қолданғандығын айтады. Оның сөздігінен түркі тілдеріндегі мынадай атауалрды оқимыз: мойын алқасы, бармақ алқасы (сақина),білек алқасы, (білезік), қапы алқасы (есіктегі құлып). Қазақ тіліндегі деректерде алқа деп сырғаны да атаған. Бірақ, ол бүгінде ұмыт болып оытр.
Аяқсыз сырға — салпыншағы, үзбесі жоқ сырға түрі [1-302б,4-16б].
Аяқты сырға — бірнеше ұсақ салпыншақтары бар сырғаның түрі. Аяқты сырға салпыншақтарының санына қарай екі аяқ, үш аяқ, төрт аяқ, бес аяқ сырға деп жіктейді[4-16б,1-302б].
Әребек – мұрынға тағатын сырға, зере деп те аталады. Мұндай әшекей бұйым қазақтарда өте сирек кездеседі. Мұндай атау Оңтүстік өңірлер шекараласатын аймақтармен этномәдени байланыс негізінде тілімізге енген әребек жеңіл іші қуыс қозалармен әшекейленіп, мұрынға өткізетін сымның ұшы тиектеледі. Әребектің арабек деген атауы да кездеседі[1-331б].
Бетмоншақ – сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын бірнеше қатар төгілмелі моншақ. Ол сәукеленің бетмоншағы деп аталып, беоге дейін, тіпті одан да төмен салбырап тұрады. Моншақ саны, ұзатылып жатқан қыз әкесінің дәулетіне байланысты. Қалыңдық өз үйінен ұзатылып, барар жеріне жүрерде жолда бетмоншақ үзіліп қалмауы үшін кеуде тұстан салпыншақ моншақтарға қалта тігіп қояды, немесе белбеуге бет моншағын түйіп алады. Қазақта жас келіншектің бетмоншағының үзіліп түсуі үлкен ұят саналған. Құнтсыздықтан болып ыңғайсыз жағдайда қалған қыз-келіншектерге қарата «бетмоншағы түсті», «бетмоншағы үзілді» десе, «жас», «ұяң» деген сөздің орнына да «бет моншағы үзілмеген» сияқты сөз орамдары пайдаланылады. Біреудің ыңғайсыз күйге түсуіне байланысты айтылатын бетмоншағың түсіп тұр ма,-деп келетін сөз бетмоншақтың жоғарыда айтылған ғұрыптық мәніне орнықса керек. Әсемдік, сәндік беруден тыс халық наным-сенімінде моншақ қаскөй күштерден, тіл-сұқтан сақтайды деп саналады. Ол киімнің, дененің әр жерінде тағылды. Соған сай әртүрлі аталады. Моншақ атаулы қазақы ортада ерекше бағаланады. Тесік моншақ жерде қалмас деген сияқты сан алуан тұрақты сөз тіркестері осыған байланысты қалыптасса керек [4-20б,1-497б].
Дүмбір сырға – көнек, күбі, кеспек тәрізді пішінді сырға түрі. Күмістен қақталып, іші қуыс етіп жасалады. Ішіне ұсақ қиыршық тас салынады. Қозғалған кезде сыңғырлаған жағымды дыбыс шығарады. Сабағы тойнақ арқылы байланысады. Көлемі «құсайын жүзім» немесе «келін бармақ» жүзіміндей, пішімі «құрмаға ұқсас[1-664б].
Жақұт сырға – Көзіне жақұт қондырған қымбат сырға. Қолында алтын балдақ, құлағында мың құбылған жақұтты сырға, аяғында алтын зермен оқалап тіккен қызыл сақтиян етік[4-29б].
Жез сырға – Сары жезден жасалған сырға. Үкілі бөрік, жез сырға, ғашық болдым бір қызға[4-
31б].
Жұлдызсырға – шеңберінің ортасында бес тармақты жұлдызы бар сырға. Жұлдыздың ортасында асыл тастан көз салынады. Мұндай сырғаның салпыншағы болмайды. Кей жерлерде жұлдызсырға –күмістен қақаталып жасалған, көлемі үлкендеу болып келген. Оны көбінесе егде әйелдер таққан[2-439 б].
Зер сырға – алтын сымынан нәзік те әшекейлі етіп сырға. Өте шебер, нәзік етіп жасалған зер сырғалардың құрылымы өзгеше. Олар сым шашақты майда қоңыраушалардан тұрады [4-35б].
Қозалы сырға –қозасы бар яғни салпыншағы бар сырға. Бұл сырға қоза сырға деп те аталады.
Шайқалып кеткен қоза сырғасы сыбыр еткендей болды [4-51б].
Лағыл сырға – лағылдан көзі бар сырға. Лағыл сырға құлаққа ілуші едің жар-жар, Барлық қыздың туындай асыл еркем жар-жар [4-59б].
Маржан сырға – маржаннан көз салынған сырға; інжуден көз қойған салпыншағы бар сырға.
Салғаның құлағыңа маржан сырға, барады өтіп күнің жылдан жылға [4-59,60б].
Тамшылы сырға – салпыншақты, майда қозалары мол сырға түрі. Тарам-тарам салпыншақтан жасалатын тамшылы сырға, құрылымы күрделі қоза сырға, іші қуыс жұмыр сырға – осылардың әрқайсысы өз өрнегі, өз көркімен көз тартады[4-73б].
Шұжық сырға – салпыншақтарын шұжық тәріздендіріп жасаған күміс, алтын сырға[4- 85б]. Қазақтың қазіргі замандағы зергерлік өнерінде екі түрлі бағыт байқалады: дәстүрлі және
жаңашыл бағыт, яғни бұйымдардың жаңа дизаинда жасалуы. Дәстүрлі бағыт ұстанушы шеберлерге келсек С.Баширов, С.Рысбеков, С.Оразов, Б.Әлібай, О.Өміріов, А.Қыдырбаевты атауға болады [5-191б].
Сөзімізді түйіндер болсақ, «Ел іші – өнер кеніші» демекші, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған зергерлік бұйымдардың біршама қоры Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылындағы дүние келген Шоқпаров Дәркембайды айтсақ болады. Ұсталарды негізінен Қара ұсат және ақ ұста деп бөлуге болады. Біз мақаламызда сол ақ ұсталардың қолынан шыққан бұйым-сырға туралы біршама мәлімет бердік деп ойлаймыз (Ақ ұста – алтын, күмәс т.б.бағалы метеалдармен жұмыс жасаған) [6- 82б]. «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының» ішінде білезіктің бірнеше түрлері, күміс сақина түрлері, күміс түймелер, қапсырма, шекелік, кемер белбеу, т.б мұражай экспозициясының қорынан орын алған. Осы аталған зергерлік бұйымдарымыз қазақ халқының салт -дәстүрі жөнінде кейінгі ұрпаққа мол ақпарат беретіні хақ.