АЛУА (ХАЛУА)

АЛУА (ХАЛУА) — шығыстың тәтті тағамы. Құрамында қант, май, азотты заттар бар. Сіңімділігі жоғары. 100 гг алуаның қуаттылығы 510 — 520 килокалория. А. атауы арабтын “тәтті” деген сөзінен шыққан. Езілген немесе ұнтақталған майлы дәндердің, жіңішке карамель талшықтарының қоспасынан жасалады. Дәннің майлылығына қарай күнжіттен, жер жаңғағынан, жаңғақтан, күнбағыстан дайындалады. Құрамына қарай: күнжіт (тахин), жаңғақ, жер жаңғағы немесе күнбағыс А-сы, дәмдеуіш затына орай тахинді, ванильді, шоколадты деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *