Ғабдол Жанділдәұлы ӘУЕЗОВ
тарих магистрі, тарих және археология бөлімінің басшысы
Жезқазған тарихи-археологиялық музейі
Қарағанды/Қазақстан
Көшпелі халықтардың көне тарихында металлургия Ұлы Дала кеңістігіндегі барлық мәдениеттердің технократтық жеңісінің басты көрсеткіштеріне айналды. Ежелгі металлургияның жылдам дамуының негізі мыс еді. Бұл металл қазақ жерін әлемдегі тау-кен, металлургия орталықтарының (ТКМО) біріне айналдырды. Евразия аумағында көне металлургия өндірісінің пайда болып, дамуы барысындағы ірі орталықтардың бірегейі — Орталық Қазақстан болып табылады . Археология мен топонимика деректері бұл жердің мұрасы ежелден-ақ тау-кен орындары және металлургия өндірісімен тығыз байланысты екендігін куәландырады. Сарыарқаның мыс кеніштері Жезқазған, Кенқазған, Қоңырат, Жездінің тарихи мәні өз зерттеушілерін қызықтырары анық. Осындай іргелі кешендердің бірі Жезқазған өңірінде орналасқан.
Жезқазғанның металлургиялық және кен ісінің көне ескерткіштерінің тарихы мәселелерін қарастыру тарих ғылымында көкейкесті тақырыптардың бірі болып табылады. Мұны біріншіден тақырыптың маныздылығын Жезқазған аймағының көне тарихын тану арқылы,қазақ жерінің өткенін білуге жетелуінен,екіншіден өлкедегі автохонтты тұрғындардың маретиалдық мәдениетінің пайда болып қалыптасу тарихын білу арқылы олардың антропологиялық құрылымын қайта келтіруге маңыздылығынан, үшіншіден тақырыптың аз зеріттелуімен түсіндіруге болады.
ғасырдың 30 жылдарында тұңғыш рет академик Қ И Сәтбаев бірқатар мақалаларында [1]
Жезқазған көне және орта ғасырларда металлугия мен кен ісінің ірі орталықтарының бірі болғандығын атап өтті.Оның Жезқазған көне өндіріс орталығы екендігі жайындағы пікірлерін екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өңірде қазба жұмыстарын жүргізген Ә.Х.Марғұлан [2] мен Н.В.Валукинский [3] дәлелдеді.
Бұл өлкенің көне металлургиясына байланысты материалдарды осы саланың маманы С.А. Берденов өз еңбегінде жинақтап қорытты [4].
Жезқазғанның ежелгі кеніш орыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан батысқа қарай отыз шақырым жерде орналасқан ірі кешен болған. Өткен ғасырдын 30 жылдарының басына дейн Жезқазғанның төрт жүздей ежелгі кеніштері және ежелгі кен қазушылар мен металлургтер қоныстарының орындары сол қалпында сақталып келген. Мұның барлығы кейінгі жылдары карьерлерде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жойылды. Біз мақаламызда осы кешеннің ең ірі ескерткіштері Милықұдық, Сорқұдық , Айнакөл тұрақтарына тоқталамыз.
Милықұдық тұрағы — қола дәуірі мен орта ғасырда пайдаланылған мыс кенін өндіріп оны қайта өндеудегі негізгі орын, қалашық болған. Ертеден оны «Елуқұдық» деп атаған. Ескерткіш Жезқазған кенішінен оңтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан Милықұдық тұрағының көлемі өте үлкен, батыстан шығысқа қарай 800м, солтүстіктен оңтүстікке қарай-600м жерді алып жатыр,жалпы аумағы академик Қ.И.Сәтбаевтың есептеуінше 10 гектар.Милықұдық ең алғаш 1939 ж Қ.И.Сәтбаевтың назарына ілігіп, ғалым ежелгі өндірілген кеннің көлемін анықтау үшін зерттеулер жүргізген. Ұлы Отан соғысынан кейін тұраққа әуесқой археолог Н.В Валукинский зерттеулер жүргізген. Зерттеушілердің пікірінше Милыққұдық төменгі,орта және жоғарғы қабаттардан тұрады, олар қола дәуірін,ерте және кейінгі орта ғасырларды қамтиды. Милықұдықта жартылай жеркепелердің орындары сақталған. Кіретін есіктері солтүстік-шығысқа қарайды. Ірі жеркепелер №1 8х9м,№2 8х7, ең кішілері №3 5х6. Жеркепелердің тереңдігі 0,8 ден 1,2 м дейін [5]. Милықұдықтың төменгі қабаты Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай дәуіріне жатады. Ежелгі металлургтердің әр үйінде тас ошақтар орын тепкен.Кенді ұнтақтаудың ежелгі әдістері назар аударуға лайық.Милықұдықтан қола дәуірінің 15 мыс балқыту пештері табылды.Пештері дөңгелек пішіндес,димаметрі 3-4 м, тереңдігі 1-ден 2м дейін.Қазба жұмыстары кезінде салмағы 10 кг болатын тас қайлалар табылған.Н.В.Валукинский 30 аса сына тәрізді тас қайлаларды тапқан. Сол сияқты Милықұдықтың тұрағында кенді өндіруге арналған қайла,балға,сына,қолбалталар,көптеп кездеседі. Тастан жасалған еңбек құралдарынан руданы ұнтақтап балқытуға даярлайтын келілер, кенісаптар, балғалар, құйылған металл заттарды өңдейтін тас қайрақтар, мүйізден, сүйектен жасалған заттардан, бұғының маралдың мүйіздерінен жасалған жеңіл балғаларды, руданы пешке салатын, пештің күлін алатын үлкен малдардың жауырын сүйегінен жасалған күректерді, қыш ыдыстарды жасауда пайдаланылған сүйек пышақтар табылды. 1946-1949 жылдары Ә.Х. Марғұланның және Н.В. Валукинскийдің басшылығымен көпқабатты Милықұдық қонысы қазылды, қоныс үш мәдени қабаттан тұрады, төменгі мәдени қабаттан, жартылай жертөлелердің орындары, жан-жағынан әртүрлі шаруашылық шұңқырлары, қола дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары кезедеседі. Екінші мәдени қабаттан темірді балқытқан пеш орындары, қорытылған темір қалдықтары, темір шлактар шыққан. Қоныс үйлерінің арасынанұстаның төрт шеберханасы қазылды, онда темірді ыстық күйінде өңдегендігін дәлелдейтін, еңбек құралдары табылған. Ол тотытққан темір рудасын Милықұдық қонысының маңындағы Кресло-Центр руднигінен алған. Үйлердің ішінен табылған темір шлактарға, тас құралдарға және қыш ыдыстарға қарап қоныс Х-ХІІ ғасырларда өмір сүргендігі анықталды. Үшінші мәдени қабат Х-ХV- ғасырларға жатады, бұл мәдени қабаттан да қола және темір рудаларын қорытқан пештердің орындары, руданы жуған құдықтар, қыш ыдыстарды күйдірген, ағаш көмірлерді даярлаған орындар кездеседі. Жалпы Милықұдық, Сарықұдық және Айнакөл қоныстарынан мысты қорытқан қарапайым пештермен қатар, темір балқытқан күрделі пештерді, қорыту процесіне пайдаланған тигелдердің сынықтарын, мыстың, темірдің сынықтары көптеп кездеседі.
Тастан жасалған еңбек құралдарынан руданы ұнтақтап балқытуға даярлайтын келілер, кенісаптар, балғалар, құйылған металл заттарды өңдейтін тас қайрақтар, мүйізден, сүйектен жасалған заттардан, бұғының маралдың мүйіздерінен жасалған жеңіл балғаларды, руданы пешке салатын, пештің күлін алатын үлкен малдардың жауырын сүйегінен жасалған күректерді, қыш ыдыстарды жасауда пайдаланылған сүйек пышақтар табылды.
Сорқұдық тұрағы — Жезқазған аумағындағы көлемі жағынан Милықұдық тұрағынан кейінгі ең ірі қола дәуірінің металлургиялық орталығы. Жезқазған қаласынан 15 км қашықтықта Жезқазған руднигінің солтүстігінде, екі төбенің ортасында орналасқан.Сорқұдықты алғаш рет А.В.Кузнецов пен Н.В.Валукинский 1945 ж ашып зерттеді. Тұрақ көптеген тұрғын жай және шаруашылық құрлыстардын материалдық өндірістің орындарынан тұрады. Жартылай жер кепе тұрғын жайлардың көлемі 6х8-ден 8х12 м дейін, тереңдігі 1,3м, он сегіз тұрғын үй ошақтарының орны сақталған. Үйдің қабырғалары жалпақ тақта тастардан салынған. Тұрғын жайлардың қасында кен алған орын орналасқан.Кен өндіретін жерге өзеннен ені 6-8м,ұзындығы 60-80м болатын арық тартылған және арықтың соңынан димаметрі 6-8м,тереңдігі 1,5м дейін болатын 6 су сақтайтын орлар қазылған.Тұрақтар орналасқан ауданнан сегіз балқыту кештерінің орны, тұрақтардың мәдени қабатынан орнаментсіз керамикалардың сынықтары табылған [6].
Айнакөл тұрағы — Жезқазғандағы қола дәуіріндегі, кең балқыту орталығы болған мекендердің бірі. Айнакөл тұрағы қазіргі Жезқазған қаласының шетінде Кресто – Центр мыс қазған кен орнынан 5 км. шығысқа қарай Кеңгір өзенінің бойына орналасқан. Айнакөл тұрағынын көлемі шамамен 2га. Тұрақ екі кабаттан тұрады. Жоғарғы кабаты қола дәуірінің мәдениетіне,төменгі қабаты-кейінгі неолит немесе энеолит дәуіріне жатады.Төменгі қабаттан нуклеустер, шақпақ тастан жасалған найза мен жебенің ұштары, пышақ пішіндес тас қалақшалар,тас балғалар,мыс кенінің түйіршіктері табылған [6]. Ал жоғарғы қабатта сегіз жартылай жертөле үйлердің орны бар. А.В.Кузнецов және Н.В Валукинскийдің деректерінше, Айнакөл мәдениеті Милықұдықтың мәдениетімен өте ұқсас.Сонымен қатар жертөлелердің қасынан су жинайтын ор,ор-қойма,құдық,кенді балқытатын пештердің орны кездеседі.Жоғарғы кабаттың ерекшелігі мұнда тау-кен ісіне қажетті құрал-саймандардың молдығы.Табылған керамикалар ою-өрнексіз,Беғазы-Дәндібай керемикасына ұқсас.
Жезқазғанның ежелгі кенішінің бойындағы ескі құдықтар оңтүстіктен солтүстікке қарай, солтүстік-шығысқа қарай сәл ауытқымалы түрде орналасқан. Жолдың оң жағында Тасқұдық, Қауқам-құдық,Сорқұдық ,жол бойынан шығысқа қарай Дәйімбай-құдық,Үншібай Кәдеге-құдық,Кедел-құдық, Аққошқар-құдық, жол бойынан батысқа қарай Айнакөл, Бел-құдық, Қоңырбай-құдық, жол бойынан оңтүстік- батысқа қарай Қамыс-құдық, және Ақши, оңтүстікке қарай Милықұдық, Қос-құдық, Шиелі-құдық, Тон-құдық орналасқан [7].
Қорыта айтқанда, Жезқазған – Ұлытау өңірінде сонау неолит заманынан бастап, орта ғасыр аралығындағы өндірістік, археология ескерткіштері өте көп. Оларды зерттеу нәтижесінде Отандық тарихтың өзекті мәселелерін объективті түрде қайта жазып, толықтыруға мүмкіндік бар.