Насриддин Атакулович НАЗАРОВ
Саясий ғилимдер доктори, Камалиддин Беҳзад атиндағи
рассомлиқ жане дизайн институти профессори
Ташкент/Озбекистан.
nasrid@mail.ru
Бұл мақалада өзбек ұлтының құрамындағы лақайлардың қазақ халқымен этногенетикалық жақындығы, лақайлардың Алақай батырдың ұрпағы екені, сонымен қатар ҚҚараменде бидің ұрпақтары да лақайлар құрамында бар екені және екі елдегі эьнлнимдер мен этнотопонимдердің ұқсастығы нақты мысладар арқылы ашып берілген. Сондай-ақ лақайларда әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлер мен мәдениет туралы сөз қозғалып, ел бастамасымен он жыл бойы (1921-1931 жж) большевиктерге қарсы тұрған Ибрахымбек қозғалысы туралы да қысқаша мәлімет берілген.
данной статье описывается этногенетические близости узбеков-лакайцев с казахами, лакайцы как потомки Алакай батыра и Караменде бий, которые широко известны в казахском обществе. Кроме того. С конкретными примерами говориться о схожести этнонимов и этнотопонимов среди лакайцев и казахов. Вместе с ним, описывается обычаи, традиции и культуры лакайцев и о деятельности Ибрагимбека Лакая которые в течении десяти лет героически противостоял против большевиков (1929-1931гг).
Түркі халықтары әлем өркениетінің дамуына үлкен үлес қосып, жалпыадамилық даму, мәдени және рухани факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені тарихтан жақсы белгілі. Түркілер шын мәнінде өз дара тұлғаларын мақтан етіп, олардың аттарын тарихи идеологияда сақтап келумен бірге олардың қызметін мақтан ету сезіміне бөленгені де қуанарлық жайт.
Лақайлар озбек улти таркибидеги түркі ұлыс. Олар негізінен қазіргі Тәжікстан Республикасының орталығы мен оңтүстік бөлігінде, яғни Саманиян (бұрынғы Ленин), Кофарнихон (бұрынғы Орджоникидзеабад), Хиссар аудандарында, Хатлон облысындағы Қорғантөбе және Колап аймақтарында тұрақты қоныстанады. Бұл ұлысқа жататын адамдардың саны Тәжікстанда 500 мыңнан астам, ал шетелдерде 500 мыңға жуық, яғни жалпылай саны бір миллионға таяды. Лақайлардың бірнеше тобы Тәжікстан сыртқарысында, Ауғанстандағы Бағлан, Құндыз, Тахор облыстарында, Пәкістандағы Карачи қаласында және оның төңірегінде, Сауд Арабиясындағы Мекке, Мәдине мен Жидда қалаларында, Түркиядағы Жайланпанар, Антакия, Стамбул, Шонли Урфа және Зәйтүн Мұрны аймақтарында, Ирандағы Тегеран (Қызыл Хиссар, Арабабад), Шираз, Захидон, Керманшах, Ғазвин, Хурмузхон облыстарында тұрғылықты өмір сүреді.
Лақайлар түркі ұлыстарының қалыптасуында маңызды рөл ойнаған сақтар, соң арғиндармен қипчақтардың ұрпағы болып табылады, олар этноәлеуметтік және тарихи даму барысында лақайлар ретінде ерекшелігін сақтап келді. Жұртқа белгілі, X-XV ғасырларда cақтар, арғиндар, қипчақтар ірі этникалық топ болып, түркі халықтарының этногенезисинде ерекше рөл атқарған.
Лақай ұлысының қалыптасу үдерісі де басқа түркі тілдес ұлыстардың қалыптасу үдерістеріне өте ұқсас. Ғылыми әдебиетте лақайлардың тарихы туралы бірнеше пікірлер айтылған. Бұлар:
Лақайлар — жоғарыда келтірілген аймақтарда қалыптасып, дамыған тұрақты этникалық топ.
Лақайлар — бұрынғы Түркі қағанатындағы түркілердің ұрпағы (VI-ғасыр).
Лақайлар бұл аймақтарға қарлұқтармен бірге ауып келген (VIII-ғасыр).
(Лақайлар бұл аймақтарға монғолдармен бірге ауып келген (XIII-ғасыр).
Лақайлар — Мауароуннаһрға Шайбани хан әскерлерімен бірге келген Дешті Қыпшақ өзбектері (XV-XVI-ғасырлар).
Жоғарыда айтылған пікірлер бола тұрса да, аниқ бир тоқтамға келетин пикирдиң жохлиғи лақай тарихи туралы аниқ бир пикирге келув имканиятини бермес еди. Осынау үдерістің нәтижесінде XV ғасырдың соңы — XVI ғасырдың басында Дешті Қыпшақ ели, ал жаңа тарихтың соңғы кезеңдерінде басқа түркі халықтарының кейбір топтары да осы жерге ауып келіп, байырғы этнос құрамына табиғи жолмен сіңісіп кеткен. Бул процесс XVII_- XVIII ғасырлерде-да давам еткенниги бугунги тарихий факттар исбаттап тур.
Бүгінгі күнге дейін лақай этнонимінің шығу тегі мен оның мағынасы туралы анық пікірлер жоқ еди. Менің көп жылдық ізденістерім нәтижесі болған және лақайлар шежіресінде кездесетін қазақ ұлтына ұқсас этнонимдер тарихымыздың, сонымен қатар этникалық қалыптасуымыздың жалпылығын білдіретін факторлар жаңа версияларди илгери сурувға имкан жаратти. Мен қазақтарда “Алақай батыр” дастанының бар екенін есітіп, оны іздей бастадым. Бұл дастанды жырлаған жыраулар өмірден өткен болса да, оның ел ішінде әлі де болса бар екенінен үміттеніп, бірнеше рет Шымкент, Сайрам, Түркістан қалаларына барып, Өмірзақ Қалбай ұлының осы дастанды жырлағанын, дүниеден өткенін, бұл дастанды жыраудан әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыдырәлі Саттаров жазып алғанын есіттім. Нәтижеде филология ғылымдарының докторы, профессор Сайдәлі Воразалиевтың көмегімен Қ.Саттаровтың “Қазақтың ерлік эпостары” шығармасын тауып, “Алақай батыр” дастанымен таныстым. Лақайлардың қалыптасуы және оның этимологиясына қатысты құнды мәліметтердің барлығына көз жеткіздім. Эпос былай басталады: Қыпшақ елінен Алаңқай батыр шыққан еді, бірақ ол ерте өмірден озады. Алаңқай батырдан Алақай батыр деген ұл туылады. Бұл кезеңде, яғни XIV-XVI — ғасырларда қыпшақтарға қызылбастардың шабуылы мен басқыншылығы күшейген уақытта қызылбастардың бастығы Пазылшахтың адамдары Алақай батырдың әкесінен мирас боп қалған жылқыларды айдап әкетеді. Бұны естіген он екі жасар Алақай батыр жалғыз өзі жылқыларды қайтарып алу үшін жолға шығады. Қызылбастар Алақай батырды да үстап алып, байлап Пазылшахтың алдына апарады. Пазылшахтың жарлығы бойынша Алақай батырдың аяқтарына кісендеп, қызылбастардың малдарын суғару үшін су тартып алуға құдықтың басына байлап қояды. Алақай батыр күндіз түні су тартып, әбден сілесі құриды. Әр күні қызылбастардың балалары келіп, оны тамашалап, тас лақтырып, үстінен күліп кетеді. Пазылшах 12-13 жыл бұрын қыпшақтардан Қырмызы деген қызды ұрлап әкеліп, оны әйел етіп алып, одан 11-12 жасар Шәмсінұр деген қызы болатын. Ол да бір күні қызылбас балалармен келіп, тұтқынды, яғни Алақай батырды тамашалап, барып болған оқиғаны анасына айтады. Ал тұтқынның реңі де анасына ұқсайтынын айтады. Анасы бұл қыпшақ, менің әулетімнен болар-ау деп ойлап, жасырынша құдықтың басына келеді де, Алақай батырмен сөйлесіп, тек тамақ қана жіберіп тұра аламын, басқа көмек қолымнан клемейді, өзім де қызылбастардың бақылауындамын дейді. Сөйтіп қызы Шәмсінұрдан лажы барынша тамақ жөнетіп отырады. Кісенделген болса да Алақай батыр да бойдақ, Шәмсінұр да бойжеткен қыз бір-біріне ғашық боп қалады. Бұл кезде Пазылшахтың Гузал деген кенже жас әйелі өз күйеуінен қанағаттанбай жүретін еді. Ол Алақай батырды көріп, ол да сымбатты Алақай батырды жақы көріп қалады. Пазылшах Қырымға соғысқа кеткен соң Гузал сәтті пайдаланып, патшаның қорасындағы аттарға қарайды сылтау ғып Алақай батырды өз ауласына өткізіп, ниетін айтады. Алақай батыр да тұтқындықтан құтылуды ойлап, оның шарттарына разы екенін, тек бірнеше күн өзіне келу үшін мүмкіндік беруді сұрайды. Патшаның аттарына қарап, бір ұшқыр атты көз астына алып қояды. Патшаның қыпшақ тоқал әйелі Қырмызының отауы да жақын маңда болғандықтан, Алақай батыр олармен жиі-жиі кездесіп, сөйлесіп отырады, Шәмсінұрды алып қашу үшін оның анасынан ақ бата алады. Бір күні Гузал оған қосылудың кезі келгенін айтады. Ал Алақай батыр ол үшін аяғындағы кісенді шешуді және айналадағы барлық сақшыларды алысырақ жөнелту керек екенін, егер олар көріп қалса екеуінің де басы кететінін айтады. Сонда таң азанда Гузалдың төсегіне кіретінін айтады. Кісен шешіліп, қарауылдар айдалған соң, Алақай батыр қараңғы түскенін күтеді де патшаның қос қаруымен құралданып, Шәмсінұрды патшаның жүйрік атына мінгізіп алып қашады. Гузал таң атқанша Алақай батырды күтіп, шыдамы таусылған соң оның жататын жеріне келіп, Алақай батырды таба алмайды. Жүгіріп атханаға барса жүйрік аты да, арнайы бөлмедегі қарулар да жоқ. Сонда ғана өзінің алданғанына, батырдың қашып кеткеніне көз жеткізеді де шаштарын жұлып шыңғырады. Қарауылдар жүгіріп келгенде түнде қыпшақтар шабуыл жасап, Алақай батырди да, қару-жарақты да, жүйрік атты да алып кетті, деп ақтала бастайды. Қызылбастың әскерлері жиналып, қыпшақтардиң артынан қуады. Бірнеше сағаттан кейін жаудың қарасы көрінген соң Алақай батыр Шәмсінұрды аттан түсіріп, өзі патшаның үйінен олжа етіп алған қылыш және найзалармен қызылбастарға қарсы шауып, бірнеше сағаттық шайқаста жараланса-да жеңіп шығып, Шәмсінұрды өз үйіне әкеледі (Қазақтардағи қиз алип қачув салтини лақайлардиң атаси – Алақай батыр бастап берген шығар).
Пазылшах Қырым соғысынан жеңіліп, басы иіліп, еліне қайтып келсе қыпшақ тұтқынның өз қызын, жүйрік атын және қос қаруын алып қашқанын есітіп, мұндай масқаралыққа шыдай алмай, әскер жинап, тағы да қыпшақ еліне жорыққа аттанады. Бұл хбар қыпшақ еліне де жетеді. Алақай батыр қыпшақтардың ханымен кездесіп, бұл соғыстың себебі өзі екенін, сондықтан қанды шайқасқа алдымен өзі шығатынын айтады. Пазылшах бірнеше күн жүріп жетіп келеді, бұл кезде қыпшақтың сарбаздары мен батырлары да жиналып, дайын тұрады. Алақай батыр майданға шығып, Пазылшахқа енді өзінің қайынатасы екенін, қызы оның қолында екенін, туысқандық байланыс орнату керектігін айтып, жаудың бүкіл әскерін үйіне зияпатқа шақырады. Пазылшах бұл ұсынысты қабылдамайды да соғысатынын айтып ортаға өз батырын шақырады. Қыпшақтардан Алақай батыр ортаға шығып, қызылбастардың батырын жеңеді. Нәтижеде екі арада қантөгіс шайқас басталады да қызылбастар қыпшақтардан жеңіле бастайды. Қыпшақтар соғысты тоқтатып, тағы да туысқан болғандарын ескертіп зияпатқа шақырады. Жеңілген Пазылшах ұсынысты қабылдаудан басқа шарасы қалмайды. Алақайдың үйіне келіп қызымен көріседі. Бірнеше күндік зияпаттан кейін Алақайдың басшылығында қыпшақ батырлары да Пазылшахты қорғап қызылбастардың еліне барады. Ол жерде де үлкен дастарқан жайылып, зияпат болып, екі ел тыныштықта жасай бастайды. [1. 257-421 бб.]. Бұл эпоста Алақай батырмен бірге қыпшақтарда Алау батыр образы да кездеседі, мұндай есімдер осы күнге дейін лақайларда бар еді. Мысалы, кеңес үкіметі жылдарында Алау исполком көп жылдар Колап облысы Қызыл Мазар ауданын басқарғанын халық жақсы біледі.
XVII-XVIII ғасырден бастап лақайдар, Жиделi Байсун, яғнi Оңтустик Бухара минан байланисты. XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап, Бұхара әмірлігіндегі Хиссар және Балжуан бектіктерінің жерінде әлеуметтік орта бірте-бірте өзгереді де, ержүрек лақайлар солардың көзіне түсе бастайды.
Қазақ елінде ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда жасап, жоңғарлар мен қалмақтардың басқыншылығына қарсы елді біріктірген Қараменде би деген әулие болған. Қазіргі Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласынан 20 километр қашықтықта Лақайлар жасайтын үлкен Қараменде, Алматы ауылдарының екі жарым ғасырдан бері бар екені лақайлардың қазақтармен этногенетикалық жақындығын айқындайды.
1920 жылдың сентябрінде Бұхара әмірлігі құлатылып, кеңестер бүгінгі Тәжікстан аумағының бір бөлігі — шығыс Бұхара округы деп аталып, оның құрамында Душанбе, Қорғантөбе, Кулаб және Ғарм облыстары құрылды. Сонымен қатар Душанбе облысының құрамындағы ауылдар Лақай, Жаңабазар, Ғазымәлік, Ябан, Хисар және Файызабат аудандары құрамына біріктіріліп, 1924 жылы кеңес үкіметінің әкімшілік-аумақтық шекаралау саясаты нетижесінде Өзбекстанның құрамында Тәжікстан Автоном Республикасы құрылған соң, 1927 жылы бұрын құрылған аудандар одан сайын кеңейтіліп, қазіргі Рудаки, Ябан, Қорасан, Варзоб аудандарын біріктіретін Лақай-тәжік ауданы құрылған болатын. Лақай-тәжік ауданы құрамындағы Қараменде ауылдық кеңесі деп белгіленеді де Қараменде ауылдық кеңесі құрамына Кавки, Жермешіт, Қызылқыстақ, Қорқұдық, Пахрабат, Борбұлақ, Хораз, Қышылы, Күрдексай, Мырзағұлабат, Түйешіабат, Ешме, Шар-шар, Тасбұлақ, Кішімерген, Оразбай, Ақбас, Күнтуабат, Озденабат, Ақсарыабат, Қараменде және Алматы сынды ондаған ауылдарды қамтыды. “1959 жылы кеңестердің қорықтарды геру саясаты оңтүстік Тәжікстан, яғни Вахш аңғарына көшірілді. Қараменде ауылдық кеңесінің тұрғындары азайған соң, оны Даханакиік ауылдық кеңесімен қосып, Даханакиік ауылдық кеңесі деп атала бастады”[2. 8-9 бб].
Сөйтіп Қараменде деген ат ресми шеңберлерде өшіріліп, тек халықтың тарихи жадында ғана қалады. Қараменде бидің қабірі Қазақстанның Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 1992 жылы қайта қалпына келтіріліп, 2012 жылдың сентябрінде Балхаш қаласында үлкен ескерткіштің орнатылғаны осы тарихи тұлғаның халқымыздың этноәлеуметтік және мәдени дамуындағы орнын көрсетеді.
Қазіргі Тәжікстанда жасайтын лақай елінің мақсаты — Қараменде ауылында Ақтоғайдағы атамыздың қабірінен топырақ ала барып, әулиенің қасиетті қабірін тіктеп, оған ескерткіш орнату. Бұл елдің рухани кемелденуінде өте маңызды. Лақайлардың қазақ елі және бүгінгі Қазақстанмен тарихи байланыстарды дәлелдейтін қазақтарда Қараменде би деген атақты тұлға өткен. Қараменде деген ауыл, қазірде Фахрабад деп өзгергенімен, лақайларда қазір де бар. Демек, бұл ауыл тұрғындары Қараменде бидің ұрпақтары болып, өз аталарының құрметі үшін өз ауылын сол кісінің атымен атаған. Еки ел байланисиниң тағы бір негізгі жағы лақайдың үлкен руы Есенқожа деп аталады, бүгінгі Шымкент маңындағы Сайрамда Есенқожа, яғни Қазы Байзабидің кесенесі бар. Бұл кесененің төменгі бөлігінде Көктас деген ауыл жатыр. Лақайлардың Есенқожа руы орналасқан Душанбе қаласынан 10 километр қашықтықта Көктас ауылы болып, қазір Саманиян деп аталады. Бұдан тыс Сайрамдағы Көктастан 20 километр қашықтықта Сұлтанрабат деген ауыл бар екен, Душанбедегі Көктастан да дәл осындай қашықтықта Сұлтанабад ауылы бар екені кездейсоқ жағдай емес, бұл бұлтартпас шындық ретінде тарихи оқиғаның дәлелі болуы мүмкін. XVIII-XIX ғасырларда аймақтағы лақайлардың абырой-беделі артып, ірі жайлаулар соларға қарасты болып қалады. Олардың асыл тұқымды жылқылары мен хиссарлық қойлары тарихи даму барысында Мауароуннаһр өңірінің мал шаруашылығында жектекші орынға шыққан болса да, бұлар тек XVIII-XIX ғасырларда ғана әйгілі болды. Бүгінгі күнде де таулы ауыларда мұндағы әйелдер еркектермен жарыса атқа мінеді. Бұл құбылыс, әрине, лақайлардың атқа деген қызығушылығын байқатады. Лақайларда жилқи шаруашылығы осгенлиги сабеп, XX ғасырдың 70 – жыллариға чейин қымыз жетыштирувда бар еди, Хрущев саясати жылқиларды қиран кетиргеннен соң қымызди жетиштирувге жил сайин имкан азайип кетти.
Лақайларда қипшақ лаҳжесиде сўзлешгени сабебли, олардиң қазақ ели авзеки ижади минан байланишли жери коп. Бул тамирдиң бирлигини билдирип, алис емес, уч-торт ғасир бурун лақаймен қазақ бир ел екенини корсетеди. Туркий ел жилқисиниң аяғиман жайлав излеп, Сирдаря минан Амидаря аралиғида жайлашип қағани сир емес. Шол сабептен, илгерида, бугунда еки ел бир-бириге бавур басип, жирген. Бугунги кунде (Шимкентская обл, Ленинский район, Колхоз Энгельс.Уч. Қизил-Сингер. Воразов Мейрман (60 жашли шал, бурун Тажикистанда жашап, 1990 жил Қазақистанға кочип кеген) диң гуваҳлик беришиче қазақларман лақайлар илгериденда, Совет давридеем бугунги Тажикистанда бирге жашап, қиз алип, қиз берип жирген. Вол кишининг айтишинча Ворислардиң 1723 жылғы басқиншилиғидан соң Мағистау Хоразм Бухара арқали Балжуванға барған жузлеп хожалиқ қазақтарди лақайдан воз авуллариға ворнаштирған екеннер. Олардиң Қалнияз деген қазақ ақининиң лақай елидиң байлиғи туралы, ару намиси, елиниң қазақа жувиқлиғи туралы билай деген екен.
Барсаң салем айта бар,
Қалуби минен болисқа.
Биз не қилдиқ, кўзи кок,
Шаптырып сиген орысқа.
Одан кейин биз келдик,
Балжуван, Колап қонисқа.
Он еки алван дени бар,
Ең майдасын айтайын.
Зығыр менен тары бар.
Сығып тартқан майы бар.
Эр есиктың алдында.
Мыңден орген қойы бар.
Лақай деген ели бар.
Кунде мереке тойы бар.
Қыз-келиншек жыйылып,
Қыйқулап муше шапқандай,
Қара байыр аты бар.
Кейинимнен кеме сары орыс,
Осы Лақайымның Шайқасқандай ойы бар…
Булар еки елдиң бир-биревини қолайлап жашағанини корсетеди.
Лақай ұлысы үлкен төрт руға бөлінеді, бұлар: Есенқожа, Бадырақты, Байрам және Төртуыл. Бұхара әмірлігінің Хиссар бектігінде жасаған лақайлардың Есенқожа мен Бадырақты рулары ХХ-ғасырдың 20 жылдарына дейін Хиссар лақайлары (қазір бұл этноним көбірек қолданылады) деп, ал Балжуан бектігінде жасаған лақайлардың Байрам мен Төртуыл рулары — Балжуан лақайлары (қазіргі Колап лақайлары) деп аталған. Демек, лақайлар есенқожа, бадырақты, байрам мен төртуыл руларына бөлінеді. Бұл рулар өз кезегінде мыналарға бөлінеді: есенқожа руы — күрдек, нарын, ақсара, отаршы, өзден, түйеші, құл бачче, мырзағұл, алпыс, мәліш, күнтуу, құлымбет тармақтарына; бадырақты руы — қызылбай, келекей, парча, жүніс, үлкен мерген, кіші мерген тармақтарына; байрам руы — төртата, шекей, давет, шегене тармақтарына; төртуыл руы — үшу ұл, сүйіндік, бұрындық, шал, көсе тармақтарына. Әрбір тармақ өз орнында этникалық тұрғыдан кіші шежірелерден құралады, олардың жалпы саны 160 тан артады. Еки ел байланисиниң тағы бір негізгі жағы Лақай урулари турки ұлттар ишинде энг коби қазақтар минан охшашлиғи. Лақайларда туртуул, суюндук, бурундук, рысай, қабанай, малыш, байназар, серкеч, ўтеш, кунтуу, ақсары, сары, мырзағул, озден, таңриберген, серке, алтыбай, конгур уруулари қазақтермен бир тур боса, назар, ақ тума, қара тума, сары, серке, чура, жулей, кунтуу, сақав, қармиш, жадигер, қизилбай, гургуру, яхшилиқ, туяқ, қара мерген, бай сейит, бахты, турк уруулар қирғиздар минен бир тур..
Революцияға дейін лақайлар турки құрамдас бөліктерінің бірі ретінде Бұхара әмірлігінің өмірінде белгілі бір орын алып, өзіндік мәртебеге жеткен. Олардың ең басты қызмет түрі мал шаруашылығы болған. Көкпар тартуда олардың даңқы шығып, лақай деп аталатын асыл тұқымды жылқыларды өсірген. Сондай-ақ олар әмірлік аумағында ерекше бір мәртебе жетіп, тәуелсіз де еркін өмір сүрген. Бұл этникалық бірлік осынау өмір сүруді өздерінің өмірлік мақсаты деп санаған.
XX-ғасырдың 20-30 жылдарында лақайлар азаттық қозғалысқа ел қорғанышы ретінде, ерлік пен сенім білдіріп белсенді қатынасқан. Сондықтан бұрынғы кеңес заманында, басқа этникалық топтар сияқты, лақайлар да қуғын-сүргін саясатының басты нысанына айналған.
Лақайдиң тулғаси 1921-1931 жылдар большевиктерге қарсы көтеріліске басшылық жасаған – Мұхаммед Ыбырайымбек. «Ыбыраймбек алқашқыда өз айналасына төрт мыңға жуық адам жинаған болса, 1921 жылғы желтоқсан айына таман оған бағынышты әскерлердің саны он мыңға жетті» [3. с. 88]. «Ол қысқа уақытта 10 000 астам әскер жинап, Колап, Балжуан, Қаратегін, Дарбаз, Хиссар облыстарын қызыл әскерлерден босатты» [4. б. 64-65].
Жалпы алғанда, 1926 жылдың жазғы шағына дейін Ыбырайымбек Байсын, Денау, Хиссар, Қорғантөбе, Данғара, Қызылмазар, Жарыпқөл, Колап, Балжуан аймақтарында соғыстар жүргізіп, ірі жеңістерге қол жеткізсе де, большевиктердің сан жағынан да, соғыс техникасы жағынан да басым болғанына бола, 1926 жылғы жазда Ауғанстанға ауып кетеді. 1929 жылдың бірінші тоқсанында біліктің басына Омонулланың орнына Бачаи Сақо келген соң, Ыбырайымбек Ауғанстанның солтүстік бөлігіне көшіп, әуелі Бачаи Сақоның билігін нығайту үшін күреске кіріседі, ал кейінірек солтүстіктегі түрікмендердің пірі — Ишан Халифамен бірлесіп, түркілердің өкімет билігін ортнату үшін күреседі. Осы уақытқа таман ауғандар билігі Надыршахтың қолына өткен еді. Надыршах Ұлыбританиядан жәрдем алғанда, Ыбырайымбектің әскерлері Амударияның Тәжікстанмен шектес болған жағына шегіне бастайды. Нәтижесінде 1931 жылдың көктемінде ол кеңес жерлеріне өтіп, большевиктерге тұтқынға беріледі. Соңыра оны Душанбеден Ташкентке алып келіп, бір жыл бойы тергеуге салған соң, 1932 жылғы тамыз айында Ташкентте атып өлтіреді.
Лақайлардың өзгеше бір әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Лақай қыздарының қолынан шыққан тігін макрамесі, жүк шарығыш, айна-қалталар және соларға ұқсас басқа да ұлттық мәдениет үлгілері тек қана Орталық Азияда емес, тек ТМД елдерінде ғана емес, тіпті Батыс Еуропадағы да этнографиялық мұражайлардың көркіне көрік қосып отыр. Әсіресе лақайлардың тігін жапқыштары мен басылып шыққан тақиялары ұлттық мәдениеттің өзгеше бір үлгілері болып көзге түседі. Лақайлардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, бұл халықтың қайталанбас ауыз әдебиеті мен диалекті тұрақты ғылыми зерттеуді керек қылады.