АЛТЫНШОҚЫ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫ АУДАНЫ

АЛТЫНШОҚЫ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫ АУДАНЫ — ҚХР-дың Циң хай өлкесінде 1954 ж. 15 шілдеде құрылған әкімшілік аудан. Шынжаңнан Гансу өлкесіне босып барып тұрақтай алмаған қазақтардың 1000 отбасы 1939 ж. Циң хай өлкесінің Алтыншоқы таулы өңіріне бас сауғалаған. Мұнда Ма Бучиң бастаған дүнген әскерлерінің, жергілікті монғолдар мен тибеттіктердің шапқыншылығына ұшыраған қазақтардан 200 отбасы 1005 адам (1950 ж.) ғана қалады. 1953 ж. жергілікті тұрғындардың ұлттық құрамына сәйкес Хай ши монғол-тибет-қазақ автономиялы обл. құрылды. Жыл сайын қазақтар Шыңжаңға қоныс аударып отырғандықтан, А. қ. а. а-нда 170 қазақ отбасы (1206 адам) қалды. 1984 ж. Шыңжаң үкіметі оларға қаржы бөліп, біржолата Шыңжаңға көшіріп әкеліп қоныстандырды. Шыңжаңға бауыр баса алмаған казақтардың біразы А. қ. а. а-на қайта көшіп келді. Аудан тұрғындары, негізінен, мал ш-мен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *