Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуілсіз мемлекет

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары-ның, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастары-ның арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыр-тын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін канша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мүздай су ша-шып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың ба-рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери болімдер әкелінді.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интер-националдық және патриоттық тәрбие беру жүмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп ба-ғаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта үлтшыл болып корінген емес еді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі үлттық болғанымен үлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағыттал-маған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстра-ция еді, мемлекеттік қүрылысты қүлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бю-рократиялық қүрылымы тарапынан ол экстремистік пиғыл-дағы үлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны «Қазақ үлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.

Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия үйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашык мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия үйымдарында жеке коммунистердің, ал жетскші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, түратын жерлердс есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жүмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілгеп кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мүндай тазарту жүмыста-ры сондай-ақ кеңес, кәсіподак, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.

Желтоқсан оқиғасы бойьшша тергеу барысьшда 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер мииистрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау жәис Колік мииистрліктсрінен 309 адам жүмыстан босатылды, жоғары оку орындарының 12 ректо-ры қызметінен алынды.

Жергілікті кадрларды қуғыпға салған Г. В. Колбин Ор-талық партия Комитеті бюро мүшслсрінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шсшті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетініц төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы қүрылған, Мүхтар Шаханов баста-ған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, Қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасын-Дағы қақтығыстың болғандығы ашып корсетілді.

Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта қүру жағдайында бүқаралық хабарлама оргапдары слдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды.

Кеңестер Одағыньщ қүлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртүтас-тық сол сексенінші жылдардың соцы мен тоқсаныншы жыл-дардыц басында-ақ козден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөи. Бүл кезде бүрынғы Кеңес Одағы елдерінде бүрын болмаған үлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі — олар таза ұлттык сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Кара-бахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар үлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анық-тады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, түжырмнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оныц теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында үлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бүған мысал ретінде Қазақстанда болғ-ан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар үлт республикалары Одақтан белініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы женіндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың Қараша — 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары ездерініц егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын кабыл-Дады. Сейтіп, олар КСРО қүрамынан шығып, жеке тәу-елсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл боііы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады.

2.Қазақстан республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мелекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.

1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы болды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді.ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. ҚР Конституциясының қабылдануы  Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демокра-тиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлау-да болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерек-шелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарьш-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және парти-ялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудын дамуына кеп көңіл болінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар — парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік  символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.

1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан — 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы  Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.  

3.Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол — өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.

  Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.

Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.

Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.

Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байла
ныстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді.

Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара-ны делимитациялау жөніндегі бірлескен жүмыстарда не-гізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған.

Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Нарықтық экономика дегеніміз не?
2. Қазақ Республикасының тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?
3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?

Ұсынылатын әдебиет:    

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 407-413б.
2. Конституция Республики Казахстан. А-1995.

    3. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 1997. 11 қазан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *