Қазақстан «Кемелденген социализм» дәуірінде.

60-шы жылдардың басында онеркәсіп пен қүрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кецес-тері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашы-лығы кецестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің қүрылуы өнеркәсіп салаларының болшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынта-ландырудың түрлері мен әдістері слдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғүрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.

Ауыл шаруашылығы ондірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді үштастыру, колхоз, совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашы-лығы өнімдерін арттыруға деген материалдық ынталылығы принципінің бүзылуына жол берілді. Жоспарлауда, ауыл шаруащылық дақылдарын орналастыруда елеулі кемшілік-тер орын алды. Таза жер колемінің азайтылуы тың жердегі епншілікті жүргізу жүйесіне зиянын тигізді, егіс алқапта-рының қалыптасқан қүрылымы бұзылды. Осының салда-Рынан Қазақстанда астық өндіру томендеп кетті.Хрущев Қазақстанды сынақ алацы ретінде пайдаланып,көптеген тың тәжірибслерді, оның ішінде келешегі жоққа Тән тәжірибелерді республикада сынақтан өткізіп байқап еРДІ. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгеріні жап аи егу, т. б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шарушылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республика-ның оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп, Ақмола — Целиноград атанды. Оңтүстік Қазақстан облысы — Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы — Орал облысы болып өзгертілді. КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж. қыркүйек айында өткен Пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салала-рында жоспарларды жетілдіру, сондай-ақ, жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асы-руға айырықша көңіл бөлінді. Жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен қүрылыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар қүрылды. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске асуына ықпалын тигізді. Соньтң нәтижесінде көптегеп кәсіпорындар, оның ішінде Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бүхтарма ГЭС-і техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды. Екібастүз көмір разрезі өнімділігі жоғары механизмдермен жарақталған көмір өндіретін өркендеген кәсіпорын қатарына қосылды.

«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жыл-Дары өиеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық каржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жа-сауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімініц жалпы көлсмі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Знергетикада электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканьщ барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдық-талды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделгендүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жүмыс істеді.Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдық та 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңцеу саласындағы өсудің жылдық ор. таша қарқыны 12 пайызға жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдық-тарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кет-кен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ.

Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмалар-ды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жыл-дары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомство-лардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі қүрылыста «сақалды» объектілер берік орын алды, жос-парлы қүрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген қүрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, қүрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда қүрылыста бригадалық-мерді-герлікті дамыту қозғалысы басталды.

Бүл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интен-сивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен үсыныс-тар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар бер-ген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ен-гізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорын-дарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикалан-дырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жүмысшылардың үштен бірі, қүрылыста жартысынан ас-тамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволык белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жа-рысты үйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бүл жылдары жарысқа жүмысшылардың 90 пай-ызы қатысқанымен, мүның өндірістің өсу қарқынына, еңбек енімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетіл-діруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқүрайлылық, саактык, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз керіністер үйреншікті әдетке айналды.

2.ХХ ғ. Басындағы Қазақстанның мәдениеті негізінде түрлі әлеуметтік күштердің әртүрлі мәдени қызметі мен күресі жатқан, өтпелі қоғамның күрделі бейнесін бейнелейді.

1935 ж. Бастауыш мектептер торабы құрылды. 50 жж. Жалпы жеті жылдық білім беру, 60 жж. сегіз жылдық, ал 70 жж. Орта білім беру жүзеге асырылды. Мәдени революция халықтың сауаттылығын көтеру үшін емес, қайта керісінше «жаңа адамды», яғни «мәңгүртті» өсіріп шығару үшін ойлап табылды.

60-70 жж. 27 жоғары және 100 астам орта арнайы оқу орындары ашылды. Білім беру жүйесінің идеологияландырылғанына қарамастан,  жоғарғы оқу орындарындағы даярлық сапасы жоғары болды.

Соғыстан кейін аса ірі оқиға Қазақстан ғылым Академиясының ашылуы болды (1946 ж.). Бірінші президенті болып аса көрнекті ғалым Қ.И.Сатпаев сайланды. ХХғ.90 жж. таман Ғылым Академиясының құрамында 32 ғылыми мекеме, 250-ге жуық ғылым доктарлары мен 2000 ғылым кандидаттары болған.

Қазақстанның өнері мен әдебиеті мен әдебиеті Орталық Азияның көшпелілерінің мың жылдық мәдениетінің бай мұрасына ие. ХХғ. 20-30 ж.ж. әдебиет көрнекті шығармашыларға бай болды.( ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І . Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.).

ХХғ. 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылыс М.Әуезовтың пъесалары, повестері және роман – эпопеясы болды. Соғыстан кейінгі кезеңде көркем әдебиет бірнеше жазушы ұрпақтарының шығармашылығымен баи түсті. О.Сүлейменовтың, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, М. Шахановтың, О. Бөкеевтың және т.б. кітаптары үлкен сұраныста болды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. 60-жылдардағы экономикалық реформалардың сәтсіздіктерінің себептері неде?
2. Халық шаруашылығының басқарудағы өзгерістер болды ма?
3. Қазақстанның халықаралық байланыстары.

Ұсынылатын әдебиет:    

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993.
2. Верт Н. История Советского государства 1900-1991.М-1992. стр.387-429.

   3. Кузембайулы А., Абилулы Е. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.342-350.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *