XX ғ. 20-30 жж. Қазақстан

Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылды. 1918 ж.30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан республикасының құрамына енді.

1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында  Қазақ Кеңес Автономиясын құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1920 ж.қараша айының басында Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан өлкелік кеңестік конференциясы өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында ұлттық істер халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібір ревком және Турцик өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес Автономилық Социалистік Республикасын құру жайлы деректің үлгісі 17-тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл деректер бекітіліп, заң күшіне енеді.

1920 ж. 22 қыркүйекте бүкіл ресейлік орталық атқару комитетімен жаңа деректері бойынша КАССР-інің құрамына Орынбор губерниясы қосылды.

1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда С.С.Мендешев басшылық еткен орталық атқару комитетінің және В.Радус-Зенькович басқарған халық комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан  кеңесінің құрылтай съезі өтті. Қазақстан Ресей құрамындағы автономия болды, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды.

Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындаған. Бұл облыстарының қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырған.1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен республикаларына бөлінді.Оңтүстік облыстар Қазақстанға қосылды.Қазақстанның астанасы болып Қызылорда жарияланды.  

2.Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшылдандыру және ұжымдастыру  Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұтаса келді.Ел қолдан жасалынған аштықта көптеп қырылды.Қазақтар жартысынан айрылды. 1 млн.750 мың адамнан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызы осы аштықта көз жұмған болатын.Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан азайды.

Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл — әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, сұрқия саясат қолданып, қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршалықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монголияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айрылды.

3.Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейіи елді ипдустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустриялаидыру ондіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зау-ыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бүрынғы КСРО-ның шығыс аудан-дарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұра-нымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әссрін тигізді, өлкеде темірдің, көмір-дің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бүл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен қүрылыстарын салуға себеп болды.

Индустрияландыру Қазакстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы, біріншіден,үлттық жүмысшы табының қалыптасуына, екіншіден, жүмысшылардың өндірістік-техникалық дәрежесін көтеру-ге, үшіншіден, Қазақстанныц өнеркәсіптік деңгейін биік-тетуге, сол арқылы колік шаруашылығын, ауыл шаруашы-лығьш және басқа да салаларды жаңа техникалық негізде Қаита қүруға, сөйтіп халықтың материалдық жағдайын, әл-ауқатьш көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.
Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт үстауьша байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілкті ұлтшылдық психология мен пиғылдардьт да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнер-кәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені «артта қал-ған көшпелі халық» индустрияның дамуына шыдай алмай-ды деген шовинистік көзқарастар және дамудың феодал-дық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, кешпелі қазақ халқының өз үлттық ерекшелігі бар, ал индустрияландыру осы «ұлттық ерекшелікті» бүзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға-түйық, шаруашылық қүру «теориясын» үсьшушылар да кездесті.
Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру иде-ясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салала-рының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты үсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын үсынды. Голо-щекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бүл мәселеде өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етгі. Бүлардың арасынан, әсіресе, Смағүл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта евдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дүрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті үлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.
Қазақстанда өндіріс күштерін әрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. 1927 жылдан басталған бүл қүры-лысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жүмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол ме-різімінен 17 ай бүрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оның қүрылысын жүргізуге бүл түста РКСФР ХалкомЫ төрағасының орынбасары Т. Рысқүлов, темір жол инже-нері М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты. Сол жылдарда республикада түсті металл ендіру қарқыны едәуір күшейді-Риддер полиметаллл, Қарсақпай мыс қорыту комбинатта-ры іске қосылып, жаңа техникамен жарақтанды. Кезінде дүние жүзіндегі өзі тектес өнеркәсіп орындарының ірісі ,  Балқаш мыс қорыту зауыты, қуаттылығы жағынан мізде бірінші орынға шыққан Шымкент қорғасын зауыі жүмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі лиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш зауыты салыбастады. Сейтіп, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі ендіріс қоры 27 есе артып, республика ірі онеркәсібі негізгі өндіріс қорының 40 пайызын қүрады. Қазақстан кемір өнеркәсібінің, әсіресе Карағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Республика мүнай өнеркәсібі алғашқы үш бес жылдықта бүкіл елдегі мүнай өнімінің бестен бірін беріп, Одақта үшінші орынға шықты. Сойтіп, түсті металл, мұнай, көмір өнеркәсіп салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгендігін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, металл өндеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті.

Республикада – кен химия онеркәсібінің түңғышы Ақтөбе химия комбинаты сальшды. Ол кезінде ел шығысын-дағы жоғарғы сапалы тыңайтқыш ендіретін бірден-бір, ал Одак бойынша екінші кәсіпорын болды. Шымкент химия-фармацевтік зауыты, Арал сульфат комбинаты іске қосы-лып, Теміртау синтетикалық каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Көптеген электр стансала-ры жүмыс істеп, соғыс алдында Ертіс өзенінің бойында Өскемен су электр стансасының және Қарағанды жылу электр стансасының қүрылысы жүрді.

Жеңіл және тамақ онеркәсібінің көптеген кәсіпорында-ры бой көтерді. Олардың ішінде қуаты жағынан үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев балық консерві, Алматы жеміс консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықор-ған қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта Құру осыған сай куатты энергетикалық база жасауды та-лап етті. Осыған байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатынын, Ащысай полиме-талл комбинатының жылу электр стансалары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913 жылмен салыс-тьірғанда 486 есеге өсті.
Соғысқа дейін республикада мыңдаған шақырым жаңа жол салынды. 600-ден астам өнеркәсіп орындары іске қосылды. Негізгі өндіріс қорының 96,4 пайызы, барлық жұмысшы табының 77,5 пайызы осы ірі өнеркәсіп орында-рында жұмыс істеді. Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз еседей артса, ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 19,5 есе өсті.

Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды-аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруа-шылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жүмысшы та-бының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жүмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустриялаидыру бүрын ар-тта қалған Қазақстан сияқты үлт аймақтарының тез дамуы-на, сөз жок игі әсерін тигізді.

Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқ-ында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағы-ның басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бүл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.

Алайда, Қазақстанда индустрияландыруды жүргізу, ешбір кемшіліксіз, қайшылықсыз өтті деген қорытынды жасауға болмайды. Ондай өрескел кемшіліктер индустрия-ландыруды жүргізудің тәсілдеріне тән еді. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақ-сатпен басталған бүл жүмыс әміршіл-әкімшіл, бүлтартпай-тын әдістермен жүргізілді. Асығып-аптығудың нәтижесін-де жаңа өндіріс орындарын салу, өнім өндіру жөнінде үсте-меленген тапсырмалар беріліп, оларды бүлжытпай орын-дау талап етілді. Кептеген жаңа қүрылыстар жазықсыз қуда-ланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, олардың қатары үнемі толықтырылып отырды.

Республикада машина жасауды айтпағанда, мүнайды, газды, түсті металдарды оңдейтін, осіресе машина жасау-тіын жетекші салалары-станок, прибор, автомобиль, трак-р және ауылшарушылық машиналарын жасайтын кәсіпо-пындар болмады. Жеңіл онеркәсіптің бірсыпыра жетекші салаларының нашар дамуы пемесе болмауынын салдары-нан түтыну заттарының көпшілігі (киім, аяқ киім, металл т б.) республикадан тыс жердеи тасып әкелінді. Сөйтіп, Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірдеп-ақ негізі қалан-ған жәие одан кейінгі жылдары, оның ішінде соғыстан кейінгі кезеңде де жалғастырылған, бір жақты дамытылуы осы күнге дейін өзінің зардабын тигізіп келеді.

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық толеу, заемға жазылу, қолда бар кар-жыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптіц дамуына белсене ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өпімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бүл мәселеде наразылық білдіруші-лер шықса, олар үсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мүндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты ша-рулар еді. 1927-1928 жылы ауқатты бай-қүлақ шаруашылық-тары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашы-лығы салығыньщ бүкіл сомасының 33 пайызын, ал мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл со-масының 25 пайызын төледі. Келесі 1928-1929 жылы са-лық төлеу өткен жылмен салыстырғанда 98,8 пайызға (Еге-менді Қазақстан, 1992 ж. 22 желтоқсан) артты. Күштеудің мүндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғыз-ды.

Дегенмен индустрияландырудыц слді экономикалық ар-тта қалушылықтан шығаратымына халық сенді. Сондық-тан да халық еселенгеи күш-жігермен еңбек етті. Өндіріс-тегі, еңбектегі белсенділік бүрын-сонды болып көрмеген Дәрежеде дамып, индустриялапдыру ісінің табыстарын та-сытты деуге болады. Нәтижесіпде Қазақстанның отызын-шы жылдардағы индустриялык дамуы бірсыпыра ірі табы-старға қол жеткізді.

4.20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Ста-линнің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақ-станның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазакстандағы мәдениет сала-лары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жүмыс істе-уге тиіс болды. Әсіресе бүл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бүл кезде шығарылғ-ан оқулықтар, партия, комсомол және пионер үйымдары, жас үрпақтың санасы мен мінез-қүлқына сталинизмнің дог-маларын тықпалады. Мектептің қызметі де бүрмаланды.

Бүл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.

Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығы-ның кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Сту-денттер мен профессор-оқытушылар қүрамында жергілікті  халыктың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды.

Партиялық-мемлекеттік қүрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин елгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтүрсынов, С. Асфендияров, X. Досмүхаме-дов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және тап-тык принциптер негізінде қүрылды. Сондықтан универси-тет пен институттардьщ жәие техиикумдардың шет елдердің ездері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасын-да болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен окулықтардың мазмүны еркін творчестволық ойлауды қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмүны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер қүрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.

Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақ-станның көркем мәдениеті әлденше рет өрлеу мен қүлды-рау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революциясыньщ жеңісі түсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан күрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық ту-ындылары қазақ қоғамының таптык және идеялык-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жал-пы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Қазақстан-ньің Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы үзақ Уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж. Өлкелік партия үйы-мьіңьщ басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен Қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бүзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын ин-теллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және ай-ыптауға ұласты.
1920-шы жылдардың соңынан бастап «жоғарыдан» бер-ілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларын-да оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен ай-ыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асы-рылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқүрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллица-мен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мүның кесірі-нен бір үрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқүрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазу-ымен жарық көрген ата-баба мүрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мүның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олар-дың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуы-мен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантүркист», «панисламист», тіпті, «халық жауы» деп жарияланып, қудалауға үшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің тео-риясы мен практикасына мазмүн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабыл-ды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алы-нуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айнал-дырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, аза маттык сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің қүрам-пас бөлігі болып келген дінді барша жүртқа қүбыжық етіп көрсету халықтың орынды иаразылығын туғызды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Елді индустрияландыру барысындағы партияның ішкі күресінің сипаты мен әдістері қандай еді?
2. Қазақстанда Голощекиннің ролі неде?
3. Коллективтендіру әртүрлі жолдары болды ма?

Ұсынылатын әдебиет:    

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 298-325б.
2. Кузембайулы А., Аманжолулы А. История Республики Казахстан.  Астана – 2000. стр.302-319.

    3. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 50-95б., 205-234 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *