Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары

Революция бүкіл билікті жүмысшы, солдат, шаруа де-путаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі үлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жүмысшы, шаруа, солдаттар бүқарасы елді соғы-стан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыс-тан бүрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мүқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жүмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік — бүкіл халыққа деген үран көте-ре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық үлттар мен үлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жа-риялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы бас-талды. Бүл түста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мүнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мүнда саналы, жақсы үйым-дасқан саны мол жүмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жүрт қол-дайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде авто-номия жарияланып, олардың Ресей қүрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық түрды. Мәселен, осы түста қүрылған Башқүрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын үлттық өз иелігін қүруға қүлшындырДЫ’ Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Казақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмүхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, дхмет Байтүрсынов, т. б. басқарды.

Сонымен бірге казақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстан-нын көптеген аудандарында кеңес окіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә. Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының ара-сынан Әділбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне ба-сқа үлт екілдері К. Шугаев, П. Салов, П. Виноградов, С. Журавлев, Л. Емелев, Я. Ушанов, А. Розыбакиев, В. Зин-ченко, П. Басов, И. Дубынин, тағы басқа да ондаған азаматтардың ат салысуы революцияның Қазақстанда да же-ңуіне жол салды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жер-лерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгел-дей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жүмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы ар-қылы жүзеге асты. Мүндай жағдай Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарын-да, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғыр-ланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жүмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен қүрбандықтар арқасында ғана тиді.

Кеңес өкіметі алдымен Сырдария облысында жеңіп шық-ты. Мүндағы Перовск (Қызылорда) жүмысшылары мен сол-Даттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды.

2. 1917 жылғы Қазан революциясыиьщ жеңісі алғашқы  күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес үкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, сонын ішінде Қазақстан жеріндегі коытрреволюциялық бүліктерді батыл да шүғыл басып тастап отырды. Дегенмен олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарьшда, Торғай обылысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жеріпде қалыптасты. Бүл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.
жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтьщ бүйрығымен  жүмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мүнда олар кеңес окіметін қүлатып, коммунистерДІ, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс
селоларындағы бай-қүлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты.1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бүлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге түтқьшға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қала-сына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып са-луға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чех-тар меи словактардан құрылған корпусты Антантаның им-периалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрме-ге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мүны естіген күрамында 500 мыңға жуық солда-ты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалала-рын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі қүлатылды. Бүл жерлердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюж-ная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және тағы басқала-рын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.
1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшы-лар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бүл жердегі казак-орыс станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық ат-қару комитетіиің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы қүрыл-ды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әске-ри бөлімдерге қарсы кескілескен үрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарынын күресі негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді-Мүндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар түрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында «Черкасск қорғаны-сы» — деп аталды.

Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес екіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарьшың бірқа-тар болігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Революцияға қарсы күштер Самарада ак гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Қүрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) «үкіметін», Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардияшыларыныц «үкіметін», Каспий сыртқы облысын-да ағылшын «үкімстін» қүрды. Бүл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылда-рын күшейте түсті.

Кеңес елі үшін ең басты майдан — Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші ар-мия үрыс жүргізді. Бүл майданның жағдайы киындауына байланысты 1918 жьтлдың 2 маусымында Орынбор қала-сынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбс майданы қүрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкснт, Шалқар, Қазалы, Перовск /Қызылорда/, Черняевск /Шымкент/, Әулиеата және т. б. қалаларда қүрылған отрядтар комекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығы-нан кейін әскери міндетті отеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жыл-дың жазында үлттық әскери болімдер үйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларьтнда, Батыс Қазақстанда қүрылды. Қызыл армия-ның қүрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында қүрылған қазақ атты әскер полкінде X. Чурин, Ж. Сәрсенов, X. Ишанов, Б. Жәнікешев т. б. қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтобе майданына Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді.1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Т. Жанкелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер эскадронын қүрды. Өлкеде үйымдасқан қызыл әскер өлщдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын,поляк, неміс жүмысшы және шаруалар өкілдері де кірді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Кеңестік өкіметке қарсы болған толқуларды ата.
2. Қазақстанда Казаң төнкерісінің объективті алғы шарттары болдыма?

Ұсынылатын әдебиет:    

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 283-298б.
2. Кузембайулы А., Аманжолулы А. История Республики Казахстан.  Астана – 2000. стр.288-302.

      3. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. А-1995. 2-3 тарау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *