ХХ ғ. басындағы Қазақстан 1916 ж. Ұлт-азаттық қозғалыс.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартЫлды. Бүл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соньтң ішінде Қазақстанға да аса ауыр зарДаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті кімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығьін күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардьщ ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстаң экономикасын күлдыратты. Қалалар мен ауылдардағьі еңбекші бүқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскер-лердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пүт ет, 473.928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай-қүлақ шаруашылықтарына жалдап жүмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдары-сына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бүл кезде әр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мем-лекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, олда қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүни-ежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқы-на тағы бір ауыртпалық — әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.

Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тар-тып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 миллион 703 мыңнан астам десяти-на шүрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасын-дағы үлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы үлттық дағдарыс пісіп жетілді.

Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жүмысшылар мен ша-руалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастүз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жүмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала ке-дейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мүндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бүлак поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талкандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бүқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодал-дардың зорлық-зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда пат-ша өкіметінің «Бүратана халықты мемлекеттік қорғаныс жүмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдау-ына байланысты тіпті күшейе түсті. Жүмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тарт-қан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мер-зімге түтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтыц наразылығын оршіте түсті.

2. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жар-лық бойынша Түркістаи мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық об-лыстарынан — 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының аскандығына қармастан кедей жігіттерді майданға жүмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын ез бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Моселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30-жастағы бай балалары 50 жастағы больщ жазылды.

Майдан жүмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық Қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыс-тық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігезбайларды өлтіру, ірі феодалдардыц иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі қүжаттарды, алым-салык қағаздарын т. б. жойып жіберу секілді ашуыза әрекеттері кең орын алды. Бұл елде жаппай көтерілістерге әкеліп соқтырды.

1916-жылы қазанда Жетісудағы көтеріліс басылып тасталды. 347 адам өлім жазасына кесілді, 178 адам каторгалық жұмысқа аударылды.129 адам абақтыға қамауға алынды. 23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды.

1916-жылы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер толықтай жергілікті аппарат әрекетін тоқтатып тастады.Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді баса алмады.

Осылайша патша қазақтар көтерілісін баса алмады, бірақ көтеріліс уақытында қазақ ауылдарының экономикалық-әлеуметтік жағдайы шұғыл құлдырап кетті.Көптеген шаруашылықты жазалаушылар талан таражыға салды, көтерелісшілердің бір бөлігі Қытай мен Монголияға ауып кетуге мәжбүр болды.Бұл жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600000 дейін қысқарып кетті.

3. 23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды.Кулак отрядтары мен жазалаушы әскер қолынан қаза тапқандар есепке алынбады, патша жазалаушы әскерлері тек қана көтерілісшілерді емес, сонымен қатар бейбіт халықты да айуандықпен жазалап отырды. 300 мыңға жуық қазақ-қырғыздар туған жерлерін тастап Қытайға, Қашқарға жер ауып кетті. Қазақтарды тыл жұмыстарына шақырған патша жарлығын Орынборда 1916 ж.28 шілдеде алды. Торғай облысының әкімшілігі болыс басшыларын, қадірлі ақсақалдар мен ауыл старшындарының съезін өткізді, мұнда патша жарлығын жедел түрде орындауға шешім қабылдады. Бірақ қазақтар наразылығы күн сайын  өрши түсті.Торғай уезінде ірі көтеріліс ошағы пайда болды, оны Амангелді Иманов басқарды.

23-қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алды. 1916-жылы көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер толықтай жергілікті аппарат әрекетін тоқтатып тастады.Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді баса алмады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.
2. 1916ж. Көтеріліске тікелей нелер себеп болды?
3. Көтеріліске қатысқандар алдарына қандай мақсаттар қойды?

Ұсынылатын әдебиет:    

1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 195-224б.
2. Қозыбаев М. Жауды жаптым ту байлап . А-1995.

    3. Сулейменов Б.С., Басин В. Востание 1916 г. в Казахстане. А-1997. гл. 1-3.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *