XVI- XVII ғғ. Қазақ хандығы.

1.       ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі — Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі — үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы — «Қасқа жолды» жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).
3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)

5.Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)

«Қасым ханның қасқа жолының» қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.
Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мүхаммед Шайбани қалың қолды бастап Түркістан аймағына жорық жаса-ды, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, жергілікті ха-лықты тонап, талан-таражға салды. 1505-1506 жылдары мындаған әскери жасақты бастап ол тағы да жорыққа аттанды. Түркістан аймағы арқылы Қазақ хандығының жері-не жетті. Сығнақ қаласын айналып өтіп, Сыр бойндағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абда-лға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтар-ды қирата шауып, қыруар мал-мүліктерін тонады. Әсіресе, Жәнібек ханның баласы Жаныш сүлтанның үлысы ерекше талан-таражға түсті. Осыдан кейін Мүхаммед Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сүлтанның үлы Ахмет 1508 жылы 50 мың жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық қалалары Самарқан мен Бүхараға шабуылдап, бүл қалалардың төңірегіндегі қыстақтарды ой-рандады. Бүған жауап ретінде Мүхаммед Шайбани қазақ-тарға қарсы үшінші жорығына шықты. 1509 жылы қалың Қолмен аттанып, Аркек, Үзгент және Ясы (Түркістан) қала-ларын басып етіп, тағы да Сыр бойындағы қазақ қыстаула-Рьіның орталығы Қара-Абдалға жетті. Мүндағы Жаныш сҰлтанның жасақтары түтқиылдан жасалған шабуылдан кҮйрей жеңілді. Шайқастардың барысында Жаныш сүлтан-иың баласы Ахмет қаза тапты. Жеңіліске үшыраған қазақтар Үрындық ханның Дешті-Қыпшақтағы ордасына қашты.

2.Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.

3.Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында  қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары:

1. Қазақ жерлерін біріктіруде Қасым мен Хақназар хан қандай роль атқарды:
2. Қазақтын мемлекеттік құрылымының дамуында үлкен роль атқарған қазақтын ұлы тарихи қайраткерлерді ата.

Ұсынылатын әдебиет:    

 

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. тарау 3.

2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр. 261-315.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *