Тарих пәнінен Глоссарий

1  Глоссарий

1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.

2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.

3. Плиоцен- өтпелі кезең.

4. Палеолит- ерте тас дәуірі

5. Мезолит- орта тас дәуірі.

6. Неолит- жаңа тас дәуірі.

7. Матриархат- аналық рулық қауым.

8. Патриархат – аталық рулық қауым.

9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

12. миф-аңыз,ертегі.

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».

19. Этногенез- халықтың шығу тегі.

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

21. Эфталиттер- ақ ғұндар.

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.

24. «Шад» — түмен (10 000 адам) басы.

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

37. «Қасым ханның қасқа жолы» — Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

40. «Жоңғар» — батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

41. «Ойрат» — төрт тайпа одағы деген ұғым.

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

60. Блокада- әскери қысым, қоршау.

61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)  

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)  

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы  Н.С. Хрущевтік кезең.

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық,  әлеуметтік  дағдарыс.

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

80. Желтоқсан оқиғасы — 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.

85. Сенат- Жоғарғы палата.

86. Мәжіліс – Төменгі палата.

87. Үкімет – Министрлер кабинеті.

88. «Қазақстан-2030» — Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазым.

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынгы

      халыққа беретін қортынды есебі, құжат.      

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *