1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 1810-1866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарының экспансиясы. 1820 ж. 2000 қазақ ауылын Мұхаммед Рақымның тонауы. 1822 ж. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» және Орта жүзде хан билікті әлсірету мақсатындағы патша үкіметінің шаралары. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. «1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Жарғыға» сәйкес территориялық-әкімшілік өзгерістер. Округтердің құрылуы. Сұлтандар жағдайы (мұрагерлік қызмет, дворяндық титул). Сот жүйесіндегі өзгерістер. Дәстүрлі билер сотындағы өзгерістер. Салық саясаты.
1824 ж. Эссеннің «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы». Орынбор өлкесінің әскери губернаторы Перовский (1833 ж.). 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының Жарғысы» бойынша Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы және территориясының үш бөлікке бөлінуі. 1831 жылы дистанциялық жүйенің енгізілуі. Кіші Жүзді басқарудың орталығы. Орынбор генерал-губернаторының қызметтік лауазымдарды тағайындауы. Отаршыл әкімшіліктің Қазақстанның ішкі аудандарына тереңірек енуі және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Егіншілік жағдайы. Қолөнер өндірісі. Көрші елдермен сауда қатынасы. Жәрмеңкелер. Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат қорына айналдырудың басталуы. Отаршыл әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта Азия хандықтарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет және харадж) жүктелуі.
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығында Ішкі Бөкей хандығының құрылуы, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы. 1824 ж. 26 маусымдағы Жәңгір ханның хан көтерілуі. 1827 ж. Нарын құмындағы Жасқұс мекеніндегі Жәңір ханның ордасының салынуы. Жәңгір ханның (1823-1845 жж) ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан жерінде алғаш мектептің ашылуы және қазақтардың отырықшылыққа тартылуы. Жәңгір ханның жер саясаты және Ішкі (Бөкей) Ордадасынғы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі. Көтеріліс қолбасшылары Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы. Хан Ордасын қоршауға алу. Көтерілістің ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар. 12 шілді 1838 ж. Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің арасындағы Исатайдың қаза болуы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи маңызы. Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы. Тентектөре, Қаратай, Арынғазы, Саржан сұлтандардың және Жоламан Тіленішұлының отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.). Мақсаты, негізгі кезеңдері, ауқымы мен сипаты. 1838 жылғы соғыс қимылдарының кең құлаш жаюы. Кенесары хан сарбаздарының патша жазалаушы отрядымен қарулы қақтығыстары. Ақмола приказы үшін күрес. Кенесары ханның өзін қолдамаған сұлтандарға қарсы жорықтары. Кенесары ханның Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері. Көтерілістің бүкіл Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның қазақ мемлекеттігін қайта құруға бағытталған қызметі. Хандықтың ішкі құрылысы. Кенесары хан қолына қарсы патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық Қазақстан жерінен қоныс аударуы.
Кенесары хан әскерінің қоқандықтармен соғысы. Кене ханның Бұқара және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Ресейдің Түркістанды жаулап алуын тоқтату үшін, Кене ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске аспай, қырғыздармен соғысуы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.
Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 жж.). 9 қаңтар 1857 ж. Арықбалық мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.).
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды басып алуы (1864). 1860 ж. Қоқан мен Ресей арасындағы Ұзынағаш шайқасы. Сібір және Сырдария әскери шептерінің тоғысуы. Верный әскери бекінісінің негізінің қалануы (1854), Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі (1864 ж.) және Түркістан әскери округінің (1867 ж.) құрылуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Кіші жүздің Ресей бодандығына қабылдануы туралы грамотаға қашан қол қойылды?
2. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының отарлық езгіге қарсы күресі.
3. Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісінің басшыларын атаңыз.
4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жылдарын атаңыз.
5. Сыр бойындағы қазақтардың азаттық жолындағы күресі.
Әдебиет:
1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 3 том. А., 2000.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
3.Казахско-русские отношения в 18-19 веках. Сборник документов.А., 1964.
4. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.
5. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1994.
6.Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в 18- начале 19 веков.А., 1981.