Ерте және кейінгі ортағасырлар мемлекеттері

Б.з. 1 мыңжылдығының алғашқы ғасырларындаға Орталық Азиядағы тайпалар бірлестігінің тарихы өзара тығыз байланысты болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы қытай деректерінде аталады. 552 жылы Түрік елі қалыптасады Бұмын қаған – ел билеушісі. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс Түрік қағанаты тарихта «он оқ елі» атымен белгілі. Қағанаттың астанасы – Суяб қаласы болды. Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін тайпаларының жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жонғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың билеушісі қаған деп аталды, ол сонымен бірге әскери басшы билігін де атқарды. Қағаннан кейінгі лауазымды қызметтер ябгу, шад, елтебер деп атанды. Сот қызметін тархандар мен бұйрықтар атқарды. Түрік қағанатындағы тайпалар мал және егін шаруашылығымен айналысты және Жетісу бойында түріктердің көптеген қалалары болды.

     Батыс Түрік қағандығындағы өзара тартыстар қағандықты әлсіретті. 704 жылы түркештер өздерінің мемлекетін құрды. Оның алғашқы билеушісі Үш Елік болды. Түркештер қара және сары болып екіге бөлінді және олардың арасында қаған билігі үшін өзара күрес жүрді. Түркеш қағандығының тарихы арабтарға қарсылық көрсеткенімен ерекшеленеді. Сұлық қағанды арабтар «сүзеген» деп атады. 751 жыл Атлах шайқасы. Талас өзенінің бойында араб мен кытай әскерлері кездеседі. Бұл шайқаста арабтар жеңеді, бірақ бұл территорияда қалуға мүмкіндік болмайды. 756 ж. қара және сары түркештер арасындағы күрес қайта жалғасалы.

     Қарлұқ мемлекеті 756 – 940 жылдар. Қарлұктардың билеушісі – жабғу.

     Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал маңында және оған жалғас жатқан Батыс Қазақстан далаларында 9-11 ғасырларда оғыз тайпаларының мемлекеттік бірлестігі өмір сүрді. 10 ғасыр оғыздар мемлекетінің гүлдеген уақыты. Астанасы – Жаңакент қаласы. Оғыздардың негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы мен егіншілік. 11 ғ. оғыз мемлекеті құлдырай бастады. 11г. Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан құлады.

     Қимақ тайпалары туралы алғашқы деректер 7 ғасырдан бастап кездеседі. Қимақ мемлекеті өмір сүген уақыт 9-11 ғасырлар. Қимақтар 10 ғ. бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстанды және Батыс Қазақстанды қамтыған күшті мемлекет болды. Қимақ мемлекетінің құрамында қыпшақтар өмір сүрді.

     Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғрахан қалады. Қарахан мемлекетінің территориясы Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты.Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласында орналасты. Қарахан билеушілірі ұзақ жылғы соғыстан кейін 1004-1005 жылдары бүкіл Мауереннахр жерін басып алды. Жер үлесі бойынша Қарахан мемлекеті шығыс және батыс бөліктерден тұрды.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Батыс Түрік қағанатындағы басты лауазымдар атауы.

2. Қимақ мемлекеті орналасқан территория

3. Жетісуда қидандар құрған мемлекеттін атауы.

4. Қарахандар әулетінің пайда болуы және олардың әрекеттері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *