АЛТЫНТӨБЕ

АЛТЫНТӨБЕ — орта ғасырлардан сақталған көне қаланың орны. Оңт. Қазақстан обл. Қаржан а-ның жерінде. Алғаш 1982 ж. археолог А.Н. Подушкин зертгеген. Кейін 1992 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясының Келес археол. отряды зерттеу жұмысын жалғастырды. А. — сыртқы көрінісі төртбұрышты, терең ормен қоршалған биік төбе. Аум. 180×160 м, биікт. 13 — 15 м. Орталық бөлігі (цитадель) төбенің оңт.-батыс бұрышында орналасқан. Аумағы 70×50 м, биікт. қалашықтың үстіңгі бетінен есептегенде 4 м. Қаланы айналдыра салынған үлкен қабырғаның құлаған орны анық байқалады. Қақпалары оңт.-шығыс пен оңт.-батысында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Төбенің орта ғ-дағы аты белгісіз. Кезінде гүлденген қала болған. Қазба жұмыстары кезінде бірнеше бүтін қыш ыдыстар: екі көзе, екі қақпақ, кіржуғыш және сырланбаған кесе табылды. А. Ұлы Жібек жолының Шаштан Испиджабқа апаратын тармағының бойында орналасқан. Зерттеу кезінде жиналған археол. материалдар қаланың 10 — 16 ғ. аралығында болғанын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *