Қазақстанның халқы, еңбекшілері біздің қарулы күштеріміздің алдында тұрған барлық мәселенің маңызын түсіре отырып, олардың әскери әл-ауқатының нығаюы үшін бәрін істеуде. Олар армияның күнделікті өмірін, әскери шеберлікті игеруін, әскердегі барлық болып жатқан жағдайды үлкен қызығушылықпен бақылап отыр. Бұл занды да Отан қорғауға дайындалу үстінде, жастар қарулы күштердің және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникаларды, солдаттар мен матростар игеруі керек болатын мамандықтарды, республиканың қарулы күштерінің өзін қалай дайындау керектігін білгісі келеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және ұлттык гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлері бөлімдерден және әр түрлі құрамадар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Соңғы он жыл ішінде жер шарының әр түрлі аудандарын-
да қарулы дау-жанжалдардың тұтануы құрлық әскерлерінін
маңызының төмендемегенін керсетеді. Ракета — авиация,
корабльдердің көмегі аркылы дұшпаңдардың шабуылын той-
таруға және оған шешуші соққы беруге болады. Бірак
құрлықтағы жауды толық түрде талқандауда кұрлық
әскерлері мен мобильдік топ күштері шешуші рөл атқарады.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына құрлық әскерлері мен
мобильдік топ Күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамын-
да бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар
өздерінде біршама әр түрлі қаруларды және басқа да техни-
каларды біріктірді.
Әскер түрлеріне моторлы атқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге — инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады. Моторлы атқыштар әскерлеріне моторлы атқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады.Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу-әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранспортерлерімен қозғалады және ұрыс жүргізеді. Бұл орамды жылдам қозғалатын және маневрлік әскер түріне айналдырады. Сонымен бірге, моторлы атқыштар ескерлері өз құрамында танкілердін үлкен бөлігін иемденеді, бұл дегеніміз олардың күшін арттырады. Танкіге қарсы жіберілетін және басқарылатын реактивтік снарядтармен (ПТУРС) қаруланған моторлы атқыштар бөлімшелердің бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллерияның инженерлік, химия, байланыс автомобиль және басқа бөлімшелері енген.
Моторлы атқыштар — жаяу әскерлердің мұрагерлері,
әскердің өте ежелгі түрі. Қазақстан жаяу әскерлері Ұлы Отан
соғысында Мәскеу түбінде және Ленинград, Сталинград шай-
қастарында, Днепрден өтуде өшпес даңққа бөленді. Бұл ай-
бынды жаяу ескерлердің әскери батырлық салттарын Қазақ-
станның қарулы күштерінің моторлы атқыштар әскерлері
жүректерінде ардақтап берік сақтайды және жауынгерлік
еңбектерімен қөбейтеді.
Танк әскерлері — салыстырмалы түрде жас әскер тарихы бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталды. Танк әскерлері — құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар көбінесе ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарында қолданылады. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларының қару-жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар жоғары жылжымалы броньдык қорғаныс — қазіргі заманғы қйру — жарақ. Түнде көретін приборларының және су түбіңде жүзуге арналғаң жабдықтарының болуы танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа тиімді құрал етеді. Өте мықты бронның болуына байланысты, олар ядролық закымдаушы факторларына, танкінің ішіне кіретін радиацияның, радиоактивтік жұқтырулардың әсеріне қарсы үлкен беріктікке ие болады. Жан-жақты дайындығы бар жастар жақсы танкист бола алады.
Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, қүрделі жүйелер мен агрегаттар, жетілдірілген приборлар мен прицельдер — бұлардың барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана бщігінде болады.
Ғылыми-техникалық прогреске байлаыысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, бұлшық еттің жақсы дайындығын талап ететін қазіргі заман техникалармен жарақтанған.
Инженерлік әскерлер — құрлық өскерлерінің ұрыс ерекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған. Бірде-бір әскери мәселе йнженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар щабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдардан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезіңде инженерлік әскерлер қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды
Шекара әскерлері кұрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері әрдайым мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілетті. Шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтык біртұтастуғын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекарашылардың қару-жарағында атыс қаруларынын барлық түрі, танкіге қарсы құралдар және казіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс, бақылау құралдары бар.
Бүгінгі көптеген қазақстандық шекарашылар ТМД сыртқы шекараларын қорғауда өздерінің міндеттерін атқаруда. Жағалық қорғау күштері Каспий теңізіндегі шекараны қорғауда ауыр қызмет атқарады. Олардың басты міндеті -Қазақстанды теңізден болатьш агрессорлардың шабуылынан қорғау. Бүгіңде жағалық қорғау күштері құрылу сатысында тұр. Олар жаңа катерлермен, қару-жарақтардың жаңа түрімен толықтырылуда, Қазақстанның теңіз шекаралары өнімді қорғалуы үшін барын істеп жатқан қазақстандық теңіз әскери шеберлігі бүгінде шыңдала түсуде.
Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет. Ұлттық Ұлан шетелдік делегацияларды қарсы алғанда, шығарып салғанда және басқа да маңызды шараларды орындайды, ұлан әскерлері өздерінін саптық бой түзеулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығын анықтайды.
Әзірге Республикамызда қылмыстық және баска да құқык бұзушылдық сақталып отырғанда, ішкі әскерлердін қажеттілігі маңызды болып қала береді. Ішкі әскерлер құқыктық тұрақтылыкты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік-әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлердің әскері жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның негізінде жинақталды. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің солдаттарына, сержанттарына, прапорщиктеріне, офицерлеріне тағайындалған барлық жеңілдіктер түрі мен құқықтарын пайдаланады.