Бекбергенова Зияда Утеповна*
Соңғы жыллардағы көркем шығармалардың сюжеттік-кешенінде кейіпкердің ішкі жан дүниесін жан-жақты терең суреттеуге қызығушылықтың артып баруы және персонажға тілдік мінездеме беру қажеттілігінің жүзеге шығуы, автор және кейіпкер сөзімен бірқатарда қос үнді сөздің пайда болуына алып келді. Қос үнді сөздің прозалық шығармалардың құрылымында молынан кезігуі – қайсы халықтың болса да көркем әдебиетінің идеялық-тақырыптық, жанрлық және көркем-стилистикалық жақтан байып, жетіліп отырғандығын айғақтайды.
Мысалы, қос үнді сөздің пайда болу және қалыптасуына орыс әдебиетінде А.С.Пушкин негіз салған болса, соңынан осынау соны тәсіл, орыстың реалистік прозасының қалыптасу кезеңдерінде Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Н.Чернышевский, А.Чехов, В.Г.Короленко, И.А.Гончаров т.б. қаламгерлердің шығармаларында өз жалғасын тапты.
Көркем шығарманың тілдік кешенін құрайтын автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз типтері жайлы ілкі пікірлерді біз өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап танымал орыс ғалымы М.М.Бахтиннің еңбектерінен кезіктіреміз. М.М.Бахтин «Достоевский поэтикасы мәселелері» зерттеуінде қосүнді сөздің басқа сөз типтеріне (автор ҳәм кейіпкер сөзі – Б.З.) қарағанда ерекшелігін «Автор өз мақсаты үшін өзгенің сөзінен пайдалануы мүмкін және сол жолмен өзінің бағыты болған және оны сақтап тұрған сөзге жаңа мағынадағы бағытты қоса сипаттайды. Мұндай сөз міндеті бойынша өзгенің сөзі санатында ұғынылуы ықтимал. Алайда, бір сөзде қос мағыналы бағыт, қосүнді пайда болады. Пародиялы сөз сондай, стилизация сондай, стилизацияланған баян осылай болады» [Бахтин 1972:],
– деп тәптіштеп жазады.
Көркем шығарманың тілдік кешенін құрайтын автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз типтері жайлы ілкі пікірлерді біз өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап танымал орыс ға-лымы М.М.Бахтиннің еңбектерінен кезіктіреміз. М.М.Бах-тин «Достоевский поэтикасы мәселелері» зерттеуінде қосүнді сөздің басқа сөз типтеріне (автор ҳәм кейіпкер сөзі – Б.З.) қа-рағанда ерекшелігін «Автор өз мақсаты үшін өзгенің сөзінен пайдалануы мүмкін және сол жолмен өзінің бағыты болған және оны сақтап тұрған сөзге жаңа мағынадағы бағытты қоса сипаттайды. Мұндай сөз міндеті бойынша өзгенің сөзі санатын-да ұғынылуы ықтимал. Алайда, бір сөзде қос мағыналы бағыт, қосүнді пайда болады. Пародиялы сөз сондай, стилизация сон-дай, стилизацияланған баян осылай болады» [Бахтин 1972:], – деп тәптіштеп жазады.
Көркемсөз типтері бойынша М.Бахтин ұсынған зерттеулер, сол жылдардың өзінде-ақ орыс әдебиеттану ғылымында жан-жақты зерттеулерге негіз жасап берді.
Солардан, роман жанры бойынша іргелі еңбектің авторы В.Кожинов «Романның келіп шығуы» атты кітабында «Автор, әңгімеші және персонаж сөздерінің өзара құрамалы байланы-сы, қатынасы және бірігуі проза жүйкесін тудырады [Кожинов 1963: 381], – деп атап өтеді және XIX ғасырдағы орыс көркем прозасында А.П.Чеховтың «Степь» («Дала») повесінде автор сөзінің ішінде жас бала Егорушканың ойлауы білінер-білін-бес дәрежеде берілсе де, оларды автор сөзі және кейіпкер сөзі түрінде ажыратып алу онша қиынға соқпайтынын айта отырып: «Автор және персонаж үнінің бірігуі бұл қарапайым «тәсілдер-ден» емес, көркем прозаның ең қажетті және негізгі әдістерінің бірі саналады», – деп жазады. Автор мен персонаж сөздерінің аралығын айырып тануымызға, олардың әлеуметтік, идеялық көзқарастарымен жас ерекшелігі, ойлау психологиясы, ұлт-жандылығы жәрдем беріп тұрғандығын, ал, жазушы А.Фадеев-тың «Жас гвардия» шығармасында да қосүнді сөз әлсіз күйде берілсе де, сөйлеу құрамындағы кейбір сөздердің авторға емес, кейіпкерге тиісті екендігін белгілеп өтеді. Шығарма мәтініндегі баяндаудың екі жоспарлы болуына қарай отырып, қосүнділікті анықтау мүмкін» [Кожинов 1963: 384], – деген пікірді білдіреді. «Көркем шығарманың тілі және стилі» бойынша зерттеу жүр-гізген А.Федоров: автор баяны ішінде келген кейіпкердің ойлау және сөйлеу айырмашылығын «өзгенің сөзін үшінші тұлға тілі арқылы айтып берілуінде көрінуші өзінікі болмаған тура сөз» [Федоров 1963: 68] – деп атайды. Зерттеуші Л.А.Соколова бол-са, «өзінікі болмаған автор сөзін» көркем шығарманың архитек-тоникасын құрайтын көркем-стилистикалық категория түрінде қарастырады және орыс жазушылары Л.Толстой, Тургенов, А. Гайдар, А.П.Чехов прозасында кездесетін автор сөзі мен кей-іпкер сөзі қатарында «автордың және кейіпкердің субъектив көзқарастарының араласып кетуін өзінде топтастыратын ба-яндау тәсілі»[Соколова 1968: 123-124] («өзінікі болмаған автор сөзі» — Б.З.) екендігіне баса назар аударады. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары көркемсөз типтері бойынша анағұрылым ауқым-ды деңгейде зерттеулер жүргізген ғалым А.Н.Кожевникованың «Орыс совет прозасында тiлдiк баяндаудың түрлi көрiнiстерi» (Речевые разновидности повествования в русской советской прозе») (М., 1973) тақырыбындағы кандидаттық диссертация-сында 1920-жылдардан бастап 1950-60 жылдар аралығындағы орыс прозасында автор, баяндаушы, әңгімеші, персонаж сияқты баяндау типтерінің құрылысында автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз (өзінікі болмаған автор сөзі) типтерінің қолданылу деңгейін салыстырмалы түрде үйреніп шығады. Жәнеде осы ав-тор таманынан жазылған «XIX-XX ғасырдағы орыс әдебиетін-де баян типтері» (М., 1994) деген тақырыптағы монографиялық зерттеуінде XIX-XX ғасырлардағы орыс әдебиетінде Ф.М.До-стоевский, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Андреев, Куприн, Лесков, И.А.Бунин және т.б. жазушылардың повесть және романларын-да баяндаудың 1-жақ объектив әңгіме етуші, 3-жақ субъектив баяндаушы сынды баян типтері кездесетіні ескерілген. Автор аталмыш жазушылардың прозалық шығармаларының сюжет-тік-кешенінде әңгімеші және баяндаушы тұлға тарапынан ба-яндалған оқиғаларда кейіпкердің ішкі сөзі (монологы), диа-логы, автордың және кейіпкердің үндері бірігіп келген өзінікі болмаған тура сөзі әртүрлі әдісте қолданылғандығын орыс прозасының мысалында жан-жақты талдайды. Соңғы жылдар-дағы орыс әдебиеттану ғылымында Е.И.Орлованың «Əдеби шығармада автор образы» (М., 2008) атты оқу қолданбасында прозалық шығарма мәтінінде негізгі орын алатын автор образы мәселесі автор, баяндаушы, әңгімеші, персонаж секілді әртүр-лі субъект формаларына қатысты сөз етіледі. Əсіресе, осы субъ-ект формалары тарапынан оқиғаларды 1-жақтан және 3-жақтан баяндауда «Автордың өзі тарапынан болған баяндау», «Өзінікі емес авторлық баяндау», «Өзінікі емес тура сөз» (қосүнді сөз – Б.З.) сияқты бірнеше сөз типтерінің прозалық шығармалардың сюжеттік-кешенін түзуде поэтикалық және эстетикалық қызмет атқаратындығын көркем проза мәтінінен алынған мысалдар-дың көмегінде анықталған.
Қос үнді сөз типі өзбек әдебиетінде өткен ғасырдың 1920-30 жылдарында Хамза шығармаларынан басталып, кейін ала А.Қадыри, Айбек, П.Қадыров, Ғ.Ғұлам және т.б дарын ие-лерінің шығармашылығында кеңінен қолданылған. Бұл жай-ында белгілі әдебиетші С.Мирвалиев «Хамза прозасы» мақа-ласында: «Хамза өзбек прозасының дамуында прозалық сөз формасын жарату ісіне де негіз салған көркем сөз шебері. Ол бір үнді тура сөзден қосүнді және көпүнді прозалық сөз жарату жағына қарай өтті, оған негіз салды» [Мирвалиев 1979: 12-13] – деп жазады. Қосүнді сөздің өзбек прозасында алатын орны мен атқаратын көркемдік қызметі мәселесі Н.Ахмедов, Г.Имомова, Й.Солижонов сынды әдебиет зерттеушілерінің 1970-2000 жыл-дарда жазылған кандидатлық және докторлық диссертацияла-рында зерттеліп жатқан мәселелерге қатысты үйреніле бастады. Мысалы, зерттеуші Н.Ахмедов «Баян ету және индивидуаль әдіс мәселесі» деп аталған кандидаттық диссертациясында қос үнді сөздің прозалық шығармаларды баяндауда және жазушы-ның жеке стилін анықтаудағы көркемдік қызметіне былайын-ша тоқтап өтеді: «Кейіпкердің рухани дүниесін ашуда, әсіре-се өзінікі болмаған тура сөз (қосүнді сөз) үлкен роль ойнайды. Сондай-ақ, бұл еңбегінде автор әңгімеші сыпатында, өзінің және кейіпкердің көзқарасына сүйене отырып, кейіпкердің діл диалектикасын ашып береді»[Ахмедов 1973: 71]. Əдебиетші Г.Имомова «Типтік ұлттық мінез-құлық жаратуда сөздің ролі» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясында болса, ав-тор сөзімен кейіпкер сөзінің араласуын типтік характер жара-ту мәселесімен байланысты қарастыра отырып, «автор сөзімен шығарма кейіпкері сөзінің араласуы сөздің әсер күшін арттырады»[Имомова 1993: 75] – деп жазады. Ал, әдебиетші Й.Со-лижонов «ХХ әсирдиң 80-90 жылдарындағы өзбек прозасында көркем сөз поэтикасы» деп аталған докторлық диссертация-сында соңғы жылдардағы өзбек әдебиеттану ғылымының өзі-не тән тұжырымдау амалынан келіп шыға отырып, көркемсөз типтерін: объектив автор сөзі (тура автор сөзі), субъектив ав-тор сөзі (өзінікі болмаған автор сөзі), монолог сөз, диалог сөз және тағы басқа бірнеше формаларға бөліп үйренеді [Солижо-нов 2002:]. Атап өтілген бұл баян әдістерінің қай-қайсы түрі болса да 80-90 жылдардағы өзбек романдарының сюжет және кешенін жасауда, образ және характер жаратуда, адамның діл диалектикасын ашуда негізгі стилистикалық категориялар си-патында талқыланған. ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ реалистік про-засының туылуы және қалыптасу кезеңдерінде Ы.Алтынсарин әңгімелерімен С.Торайғыров, С.Көбеев прозасында да автор сөзі мен персонаж сөздері мейлінше қолданылған.
Қосүнді сөзді 1920-жылдардағы қазақ прозасының кіші жанрларына тұңғыш рет алып кірген Б.Майлин мен М.Әуезов, роман жанрына кіргізген Ж.Аймауытов болды. Белгілі қазақ ғалымдары Х.Кәрімов және Р.Сыздықова тарапынан көркем шығарманың тілдік кешенін құрайтын автор сөзі, персонаж сөзі, қосүнді сөз категорияларының көркем шығарма мәтін қол-данылу ерекшеліктері мен көркемдік қызметі мәселесі соңғы жылдардағы стилистика ғылымының жетістіктері сипатында зерттеледі. Мысалы, Х.Кәрімов «Қанатты тіл» атты оқу қол-данбасында автор сөзі және персонаж сөзіне салыстырғанда қосүнді сөз типі, қазақ реалистік прозасында кеш пайда болған-дығын айта отырып, «Қосүнді сөз деп отырғанымыз – өте күр-делі құбылыс және бізде ол әлі бүге-шігесіне шейін жеткілікті зерттелген жоқ. Қазақ тіл білімінде бұл құбылысты осы уақытқа дейін шартты түрде «ортақ тура сөз» деп атап келдік. Қолданы-ла келе осылайша атаудың қосүнді сөз түсінігіне сай еместігі, оның өзіншелік белгілеріне ұқсамайтыны анық бола бастады. …Қосүнді сөз – автор мен кейіпкердің субъективтік көзқараста-рын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіншілігі бар стилдік тәсіл. Оның маңызды нышаны – баяндаудың объективті бағы-тына кейіпкердің субъективті бағытының қосылатындығында, баяндалған жәйтке кейіпкердің ортақтығында (двуплановость повествования). Əңгіме баяндаудың қосүнділігінде. Басқаша айтқанда, кейіпкер көзқарасын бейнелейтін сөз, тіркес, сөйлем, сөйлем топтарының өзінен автордың жасырын бағасы сезілетіндігінде. Мұндай екіжақтылық, ең алдымен баяндаудың сыртқы формасы жағынан автор атынан (3-жақтан) айтылатынынан, ал мазмұнына, айтылғанның модалдық-экспрессивтік мәніне, қол-данылған сөздердің лексикалық құрамына қарап, оның кейіп-керге тәндігін аңғаруға болатынында көрінеді»[Кәримов 1995: 72-73] – деп жазады.
Шынынында да, Х.Кәрімов тарапынан атап өтілген «қосүнді сөз» типі өткен ғасырдың 60-жылдары Е.Жанпейісо-втың «Қазақ прозасының тілі» еңбегінде «ортақ тура сөз» деп аталған. Зерттеуші өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы және одан алдыңғы кезеңдердегі қазақ прозасында әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшелік белгілерін, олардың бірі-бірінен айырмашылығы және арақатынасы мәселелерін ав-тор сөзі, кейіпкер сөзі, диалог, ортақ тура сөз факторлары (ка-тегориялары – Б.З.) менен байланысты сөз етеді [Жанпейисов 1968: 133-135]. Соңғы жылдары зерттеуші Р.Сыздықова «Сөз құдіреті» деп аталған кең ауқымды монографиялық зерттеуін-де «Проза жазушыларының тілін үйренуде көркем шығарма-ның тілдік кешенін құрайтын тұтастықтарды: автор сөзі мен персонаж сөзі, қосүнді сөз дегендерді қарастыру – өте қажет-ті тақырыптардың бірінен саналады»[Сыздық 2005: 3] деген пікірлерін білдіреді. Монографиялық зерттеуде қазақ реалистік прозасының қалыптасуы мен дамуында өз орнына ие М.Əуезов, Т.Ахтанов, Ш.Мұртаза, Ə.Кекілбаев, С.Бердіқұлов, М.Мағауин, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, Қ.Жұмаділов, К.Сегізбаев сынды бел-гілі жазушылардың қалың оқушы қауымына таныс прозалық шығармалары құрылымында қолданылған қосүнді сөз типі, ав-тор сөзі, персонаж сөзімен қатар қойылып, лингвостилистика-лық бағытта зерттелген.
Реалистік әдебиеттің пайда болған кезеңдерінде прозалық шығармалардың көпшілігінде дерлік кейіпкерлердің ішкі пси-хологиялық кешірмелері автор атынан, автордың ой призма-сынан өткізіліп бейнеленгендігі белгілі. Сондықтан да, 1920-30 жыллардағы қарақалпақ әдебиетінде реалистік прозаның пайда болуы және қалыптасу кезеңдерінде де автор сөзімен кейіпкер сөзінің колданылуы жетекші орын иеледі. Ал, 1950-1960 жыл-дарға келіп кең көлемді романлардың пайда болуымен бірге, қарақалпақ прозасында К.Султановтың «Ақдария», «Əжіни-яз», Т.Қайыпбергеновтың «Қарақалпақ қызы», «Қарақалпақ дастаны» романдарымен роман эпопеяларында автор сөзі, пер-сонаж сөзі (шығарма кейіпкерлерінің диалог және монологты пікір білдіруі) қатарында қосүнді сөз типі ерекше әдіс және соны құбылыс түрінде көріне бастады. Əрине, әрбір жазушы-ның көркем шығармасы құрылымында қолданылған автор сөзі, персонаж сөзі, қосүнді сөз категориялары сол жазушыға тән болған стилдік ерекшеліктерімен етене байланысты. Əдебиет зерттеушісі П.Нуржанов «Т.Қайыпбергеновтың тарихи роман-дарының кейбір стилдік ерекшеліктері: Өзінікі болмаған тура сөйлем (Несобственно-прямая речь)» деген мақаласында көр-кем әдеби стиль теориясы мен арнайы шұғылданған орыс ға-лымы Н.А.Соколов «объективтікпен субъективтіктің арақаты-насын стилдің ең негізгі категориясы сипатында көрсетеді» деп атап өтумен қатар, жазушы Т.Қайыпбергеновтың «Қарақалпақ дастаны» тарихи трилогиясын объективті стилмен жазылған туындылардың қатарына жатқызады. Зерттеуші сол мақала-сында «Қарақалпақ дастаны» романының сюжеттік-кешенінде жиі байқалатын «автор сөзі мен стилизацияға ұшыраған персо-наждар тілінің өзара әсер етуін бақылау бізге көп қызғылықты құбылыстардың бетін ашуға көмек береді. Кей жағдайда ав-тор контексінде әртүрлі персонаждар тілінің бөлекшелерінің шашылып жүруі өзінше бір көркем әсерді жүзеге шығарады. Мұны стилистика саласында «өзінікі болмаған тура сөйлем» деп атайды»[Нуржанов 1993: 58]. Ғалым тарапынан ескерілген «ерекше көркем әсер» — бұл автор сөзінің ішіне енгізілген кей-іпкер сөзінің экспрессивтілігі мен эмоционалдығында көрінеді.
Прозалық шығармалардың тілін және стилін үйренуде қосүнді сөз категориясы автор сөзі және персонаж сөзі қата-рында үйренілетін көркемсөз типтерінің бірі саналады. Әй-тсе де соған қарамастан, автор сөзімен персонаж сөзінің бірі-гуі нәтижесінде пайда болған қосүнді сөз типі қарақалпақ тіл білімі немесе әдебиеттану ғылымында бүгінгі күнге шейін жет-кілікті дәрежеде зерттелмеді. Жоғарыда көріп өткеніміздей, бұл мәселе бойынша орыс, өзбек, қазақ филологиясы ғылымында жарыққа шыққан бірқатар еңбектерде қорытынды шешімдер шығарылып, көркем шығарманың сюжеттік-кешенінің ажырал-мас бір бөлігі сипатында қарастырылады. Бұл атау тіл білімі мен әдебиеттану ғылымына да ортақ мәселе болғандықтан, филоло-гиялық зерттеулердің негізінде пікір білдіріп өткен мақұл. Мы-салы, қосүнді сөз типі (ендігіден былай, біз осылай қолданамыз – Б.З.) орыс, қазақ, өзбек филологиясы ғылымында көпшілік лингвистер мен әдебиетшілердің басты назарында болғанымен де, терминологиялық жақтан «өзінікі болмаған тура сөз», «ор-тақ тура сөз», «қосүнді сөз», «басқаның сөзі» секілді әртүрлі аталымдармен аталып жүр. Татар ғалымы М.З.Зәкиевтің татар әдеби тілі синтаксисі және пунктуациясын зерттеулерінде «ор-тақ тура сөйлем» аталымы қабыл етілген [Закиев 1984: 225]. Басқаның сөзінің жоғарыда атап өтілген үш түрі қазіргі әде-би стилдерде, әсіресе, көркем шығармаларда, көсемсөз және ғылыми еңбектерде де мейлінше қолданылады. Қазақ ғалымы Х.Кәрімов «Қанатты тіл» кітабында көркем шығарманың тілдік кешенін құрайтын автор сөзі, персонаж сөзі, қосүнді сөз катего-рияларын зерттеуге арналған оқу қолданбасында: «ортақ тура сөз» деген тіркестің «тура сөз» деген бөлегі ешбір сәйкес кел-мейді. Көркем шығармадағы персонаждардың тура сөзімен қос үнді сөздің арасында модалдық-экспрессивтік бояуы жағынан ұқсастықтар барлығына қарамастан, соңғысында («қосүнді сөзде» — Б.З.) тура сөзге тән графикалық белгілер тырнақша мен сызықшаға алынып жазылады, сол арқылы автор сөзінен екеуінің айырмасы анық ажыралып тұрады. Осы жағын еске ала отырып, «қосүнді сөз» деген аталымды ұсынып отырмы-з»[Кәримов 1995: 71-72] – деп атап өткен болса, біз де автор сөзі, кейіпкер сөзімен бірлікте келетін көркем сөз типтерінің үшінші түрін «қосүнді сөз» аталымымен атауды жөн көреміз.
Солай етіп, прозалық шығармалардың құрылымында автор сөзі, кейіпкер сөзі, қосүнді сөз сияқты баяндау әдістері сөйлеу үдерісінің негізгі стилистикалық категориялары болып табы-лады. Сондай-ақ, баян етудің бұл әдіс-тәсілдері шығармадағы көркем мәтінді жинақтап, ондағы сөйлеу кешенінің айқын-дылығына негіз тудырады. Автор сөзі, кейіпкер сөзі, қосүнді сөз категориялары арқылы шығарма құрылымында баян етілген оқиғалар, кейіпкерлер әрекеті, олардың ішкі жан дүниесімен жақыннан танысу мүмкіндігі туады.
Кез келген прозалық жанр шығармаларының құрылымын-да кездесетін қосүнді сөзді сап автор баянынан ажыратып алып зерттеудің теориялық маңызы өте үлкен. Сондықтан болса керек, бүгінгі күнге шейінгі көпшілік зерттеушілердің еңбек-терінде қосүнді сөз анау яки мынау әдебиеттердің көлемінде, яки белгілі жазушылардың прозалық шығармалары контексінде зерттеу нысаны болып келмекте.
Қосүнді сөзді шынайы авторлық баяндаудан ажыратып алып қарастыру, біріншіден әрбір жазушының даралық стилін үйренуде ерекше маңызға ие болса, екіншіден баяндау стилінде жазылған әдеби шығармалардың тілін үйренуде және жазушы-лардың әдеби тілді дамытудағы көркемдік қызметін анықтауда қолай стилистикалық әдіс болып есептеледі.
Әсіресе, ұлттық әдебиет тарихында өз орнына ие жазушылардың шығармашылық шеберлігін үйренуде қосүнді сөзді ажыратып алып қарастыру елеулі қызмет атқарады. Автор баяны ішіне енгізілген қос үнді сөздің көріністері де әрбір жазушының стилдік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі формалар-да келеді.