АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ

АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ — Қостанай обл-ндағы әкімш. аудан. Жер аум. 6,4 км2. Тұрғыны 24,9 мың адам (1997). Орт. — Обаған а. А. а. жері тұтастай Қостанай обл- ның солт. және орт. бөлігінде, Батыс Сібір ойпатындағы Тобыл, Обаған өз-дерінің суайрығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150 — 200 м биіктікте. Пайдалы қазбалары: саз, боксит, қоңыр көмір. Климаты аса континенттік. Қысы суық, жазы қоңыржай, ыстық. Қаңтардағы орташа темп-ра -17 — 18°С, кейжылдары -40°С-тан төмен, шілдеде 21 — 22°С, кей жылдары 37°С-ға дейін жоғарылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 — 300 мм шамасында. Су қоры: шығысында Обаған өз-нің орта ағысын, оңт.-шығысында Құсмұрын к-нің солтүстік бөлігінен және көптеген ірілі- ұсақты көлдерден тұрады. Ірілері: Талы, Байжарық, Ұзынкөл, т.б. Топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. Бетеге, селеу аралас әр түрлі шөп өседі. Ауданның солт.-батысын Арақарағай орманы, солт.-шығысын Сарыкөл орман шаруашылығына қарасты қайынды тоғайлар алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан: бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді. Тұрғындарының орт. тығызд. 1 км2— ге 4,0 адамнан келеді. А. а., негізінен, а. ш-мен айналысады, сонымен қатар ірі қара, жылқы, қой, шошқа өсіреді. А. ш. жерінің көлемі 2533,3 мың га, оның 353,3 мыңы егістік, 6,2 мыңы шабындық, 173,8 мыңы мал жайылымы. Аудан арқылы Қостанай — Көкшетау — Қарасу т.ж. және Қостанай — Көкшетау — Қарасу автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *