XV-XVIII ғасырлардағы саяси құрылым

XV-XVIII ғасырлардағы саяси құрылым

1.Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары

2. Қазақ жүздері туралы  ұғым

3.  15-18 ғасырдағы қазақ хандары

XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы  мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері «қазақ» халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.

Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты. Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Екінші кезеңде біртұтас қазақ хандығы этникалық территориялық негізде үшке Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз деп аталатын формальды хандықтарға бөлінді. Тек Абылай хан кезінде (1771-1781) ж.ж. біртұтасқа қайта қол жетті. Бұл кезеңде қазақ хандықтары тәуелсіздігінен айырылып ресей империясының отарына айналды.

Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді.

Сұлтандар. Ханнан кейін жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Сұлтанның билігінің осылай саяси да территориялық та маңызы болды. Қазақ қоғамы ақсүйек және қарасүйек деп екіге бөлінді. Ақсүйектерге Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтар төрелер жатты. Төрелерден сұлтандар мен хандар шықты. Мұндай бөлу Шыңғыс ұрпақтарының билігін мәңгілендіру және олардың артықшылығын рәсімдеу арқылы жүзеге асырылды. Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала-ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар ислам дінін насихаттаумен, молдалықпен, діни оқу-ағарту ісімен айналысты.

Билер. Қазақ қоғамында ерекше рөль атқарған топ билер. Би қоғамдағы аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Би бұрынғы бек атауының өзгерген түрі деген пікір бар. Билердің билігі жан-жақты болған. Біріншіден, ол атына сай билік құрушы, әкімшілік құқығы бар лауазым иесі. Бұл тұрғыда билер рулар мен тайпаларды немесе белгілі бір өңірді билеуші адам. Екіншіден, билер даладағы сот процессуалдық істерді жүргізіп, үкім, шешім шығарушы немесе тергеу ісі мен сот ісін жүргізуші. Олар қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ғана емес, шариғаттың да білгірі. Үшіншден, билер соғыс жағдайында әскер басы, дипломатиялық, елшілік қызметтер де атқарды. Билердің бәрі де сқан зерек, шешен, ақылдығымен ерекшеленетін.

Көшпелілер арасында ежелден соғыстар көп болды. Қоғамдық өмірдің өзі де жартылай әскериленген сипат алған еді. Қазақ қоғамы кез келген жағдайда сыртқы жауға тойтарыс беруге даяр тұрды. Осындай жағдайда халықты отан қорғауға бастайтын ерекше әлеуметтік топ батырлар қалыптасты.

Қазақ қоғамында үстем тап өкілдерінің негізгі көпшілігі байлар болды. Қазақ байлары ірі мал иелері. Байлар сондай-ақ байлығының арқасында үлкен жайылымдар мен тоғандарға иелік еткен.

Шаруалар. Қазақ қоғамының көпшілік бөлігін шаруалар құрды. Шаруа жеке басы тәуелсіз ерікті қоғам мүшесі. Шаруашының жеке шаруашылығы өзіне қажетті малы болды. Шаруалардың кейбір бөлігі егіншілікпен айналысты. Қолөнермен кәсіп қылған шаруалар да болды. Шаруалардың кейбір өкілдері аңшылықпен және балық аулаумен күн көрді.

Қоңсы шаруалар ауқатты ауылдарға қоңсы қонып, байлардың, би, сұлтандардың малын бағып, солардың көмегімен көшіп-қонып жүрген кедей шаруалар тобы болды.

Қазақ қоғамының ең қорғансыз және мал-мүлкі, үй-жайы, тіпті отбасы да жоқ тобы байғұстар деп атады.

Ерекше әлеулеметтік топ төлеңгеттер деп атады. Олар жаугершілік жағдайда хан, сұлтандар, билер мен батырлардың төңірегіне олардың нөкерлері ретінде топталды. Бейбіт кезде олардың шаруашылығын қамтамасыз етті, салық жинау мен хабаршылардың жұмысын атқарды.Қазақ қоғамында патриархалдық (үй шаруашылығындағы) құлдық та болды. Құлдың ешқандай құқығы да еркі де болмады. Қожайыны құлды қандай жазаға тартса да, сатса да ерікті болды. Құлдың құны бір аңшы ит немесе аңшы құсқа теңеліп те кете берді. Құлдың әйелін немесе құлдыққа түскен әйелдерді кұң деп атады. Құлға тұтқынға түскендер, борышқа батқандар түсті. Құлдардың саны көп болмаған және олар материалдық игіліктерді молайтуға ерекше үлес қоспаған.

Құлдың өмірі ауыр болғанымен уақыт өте құлдықтан босату жиі кездескен. Мұның өзі қазақ қоғамының адамгершілік жақтарын көрсететін құбылыстар.

Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы  жібек жолы тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды. Мұндай жағдайда тұрақты аппарат ұстау қиын еді. Сондай-ақ көшпелі мір тұрақты армия мен түрме, полиция, тұрақты сот-прокуратура сияқты мемлекеттік билік органдарын да ұстауға мүмкіндік бермеді. Әрине бұл органдарға қатысты мәселелер қазақ қоғамында билер соты және халық жиындары арқылы өз шешімін тауып жатты. Ру мүшелері туыс адамдар болғандықтан өз ішінде қыз алысуға жол бермеді. Қыз лыспайтын жақын рулар да көп болды. Ру туыстық ұйым және қоғамның ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға міндетті болды. Тіпті өз мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді. Барымта мен қаза жағдайында да бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз қылығы үшін де ұятты болды. Тіпті әр рудың өз моласы да бөлек болған жағдайлар көп кездескен. Қазақ қоғамының демократиялық сипаты болды. Оның көріністері: ханның сайланып қойылуы, халық жиналыстарыныңда жиі шақырылып онда аса маңызды мемлекеттік мәселелердің талқыланып тұруы, билер сотында екі жақтың ашық тыңдалуы, құлдықтың болмауы, ру мүшелерінің туыстық қатынаста болуына байланысты қанаудың қатаң болмауы және жасырын сипаты, халықтың басым бөлігі шаруалардың құқықтық жағынан ешкімге тәуелсіз ерікті болуы, қазақтың қыздарының еркін болып, пәренже тақпауы, соғыстарға қатысуы.

Әскердің ұйымдастырылуы. Қазақ қоғамында әскерді ұйымдастырудың өз тәртібіболды. Арнайы тұрақты әскер болмады. Көшпелі қоғамында тұрақты әскер құрудың ешқандай қажетіболмады. Көшіп қонып жүрген халықтың тұрмысының өзі жартылай әскери сипатта болды. әрбір қазақ атқа мінді, садақ атып, жебе тртуды терең меңгерді. Тұрақты кездесіп тұратын барымта мен көкпар ойындарының әскери сипаты үлкен болды. Соғыс жағдайында халық жасақтары өте жылдам құрылды. Әрбір қазақ екі ат, қажетті қару-жарақ пен сауыт-саймандарын өзі дайындап, жасақтағы өз орын табатын. Халық жасақтары ру, тайпа, жүздік приципімен құрылып ондық, жүздік. Мыңдық және түмен болып бөлінді. Әскердің бас қолбасшысы хан болды. Хан белгілі батырларды мыңбасы. Түменбасы етіп бекітті. Қазақ хандығыүш жүзге бөлініп, әр жүздің өз ханы болған «Ақтабан шұбырынды» жылдары қазақ жасақтарының басы  бірікпей халық қатты жеңілістерге ұшырады. Тек 1726 жылы Ордабасында үш жүздің өкілдері Әбілхайыр ханды бас қолбасшы етті. Хандардың жанында саны көп емес тұрақты әскері-ұландары болды. Олардың негізін төлеңгіттер құрады. Сондай-ақ мұндай әскер ірі сұлтандар мен билердің қасында да болды.

Қазақ хандығы монархиялық басқару үлгісіндегі феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басшысы хан- монарх сайланып қойылды. Хан тек Шыңғыс хан әулетінен шығуы тиіс болды. Қазақ қоғамының негізгі туыстық қатынастар негізінде топтасқан ру болды. Рулық қатынастар көшпелі мал шаруашылығына негізделген феодалдық қоғамға мейлінше бейімделді.

Қазақ қоғамы әлеуметтік жіктелуге ұшыраған таптық қоғам болды. Оның бір жағында хан, сұлтан, би, байлар бастаған саяси және экономикалық жағынан үстем таптар тұрса, екінші жағында тәуелді шаруалар, төлеңгіттер, жатақтар сияқты топтар тұрды.

Қазақ мемлекетінде көшпелі өмірге орай күшті тұрақты басқару аппараты болмады. Мұның өзі орталық биліктің біртндеп нашарлауына, керісінше аумақтарда жүзге бөлінудің күшейтіп үш жүздің жеке-жеке хандықтарға айналуына, ақыр аяғында қазақтардың Ресейдің боданы болуға алып келді.

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені «адат» деп атайды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары.Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. «Адат» араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымджы білдіреді. «Адат» өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен «адаттың» құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады.

1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды.

2.  Қазақ әдет-ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті.бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды.

3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.

4.  Жерге жеке меншік құқының болмауы, қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының (сұлтандар,билер. қожалар) артықшылығымен ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығ ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісітек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.

5.  Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.

7.  Әдет-ғұрып құқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып нормаларындағы басты нәрсе- ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі мәні еді. Олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нәрсе сол принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс пен жэаза саласында- қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында- жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялық, шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.

Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды, жүйеледі, өз атынан жриялады). Бірақ әдт-ғұрып нормалары оның ішінде Ереже жарғылары да. Одан мемлекет заңына айналған жоқ, өзіндік өмір сүру мәнін жоғалтқан жоқ… Қоғамдық тәртіп, демек, әдетғұрып нормаларын сақтап орындау да көшпелілердің «автономиялығына», дербестігіне. өздерін өздері басқаруға негізделген еді.  

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар- адат;б) билер сотының практикасы (сот прецеденті); в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.  

Ауызша әдет-ғұрып ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.

Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келеді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары  

1. Қазақ ордасының қоғамдық және саяси жүйесі.

2.XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ құқығы.

3. Жеті Жарғы заңдар жинағының құқықтық маңызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *