XIII-XV ғасырдағы Қазақстандағы мемлекет және құқық түсінігі
1. Қазақстан территориясын моңғолдардың басып алуы
2. Моңғол ұлыстарының Қазақстан территориясында болуы
Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған моңғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Моңғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Моңғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол сұғуға құқы болмады. Артықшылықты пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек – төрелер, ал ру- тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар депаталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғалдардың атының тұяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойымен және Мәуереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.
Сонда Қазақстан территориясы негізінен түгелге жуық Жошы мен Шағатай ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгедей ұлысына кірді.
Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның жорықтарын жалғастырып орыс княздарын, Чехословакия, Польша, Венгрия, Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы ұлан байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізін салумен Алтын Орда атты алып мемлекет дүниеге келді.
Шыңғыс ханның жаулап алған территориялары алғашқы кезеңде бір мемлекет болып есептелді. Мемлекеттің астанасы Қара Қорымда отырған Ұлы хан басқарды. Шыңғыстан кейінгі Ұлы хан оның өсиеті бойынша сайланатын Үгедей (1227-1241жж.) болды. Одан кейін Күйік (1242-1248жж) (1246 жылға дейін оеның шешесі Турака регент болды), онан соң Мөңке (1248-1260жж.), Құбылай (1260-1295жж.), Ұлы хан болды. Ұлы ханды Шыңғыс ханның ұрпақтарынан тараған ұлыс басшылары, ірі қолбасшылар мен Шыңғыстың басқа ұрпақтарының Ұлы Құрылтайы (жиналысы) сайлады.Ұлы Құрылтай Шыңғыс империясының ең жоғарғы органы болды.
Шыңғыс ханның алып терреторияны басқаруында оның шығарған заңдары Ұлы Жасақтың (Ясының) маңызы ерекше болды.
“Ұлы Жасақтың” бірінші бөлімі “Билік” – мемлекет басқару ісіне арналған. Екінші бөлімі “Жасақ” – жалпы тәртіпке және әскери құрылысқа арналған. Монғол империясы бір орталыққа бағынған, темірдей тәртіпке негізделген, көп сатылы басқару органдары бар мемлекет болды.
“Шыңғыс хан заңдарында әскерге ерекше көңіл бөлінді. Бүкіл халық қаруланған әскер түрінде болды. әрбір ер адам сирек кездесетін жағдайда болмаса әскери міндетті болды (15 бап). Ал әскерге алынбай қалған ер адам белгілі бір уақыт ішінде мемлекетке ақысыз қызмет атқарады (17 бап). Соғыс жағдайында бірде бір жауынгердің рұқсатсыз шегінуге құқы болмады. Темір тәртіпке негізделген отрядтар соңғы адамы қалғанша соғысуға тиіс болды.
Империя әскері орта, сол қанат және оң қанат болып сап түзеді. Әр топ он мыңдаған, тіпті жүз мыңнан аса адамнан тұрды. Әр топтың (қанаттың) басшысын Шыңғыс ханның өзі тағайындады. Әскер ондық, жүздік, мыңдық, түмен сияқты бөліктерге бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы және түменбасылар басқарды. Бейбіи кезде түменбасылар “әскери генерал — губернатор” сияқты азаматтық билікті де жүргізді. Мыңбасы мен жүзбасылар да осындай міндеттер атқарып, белгілі аумақтарға басшылық етті.
“Жасақта” отбасылық жағдайлар, ерлі – зайыптылардың қарым – қатынасы туралы да айтылды. Жақсы ер жақсы әйел арқылы білінеді. Әйелі нашар болса, одан ерінің нашар қасиеттері көрінеді (14 бап).
Зайыбының көзіне шөп алушы ештеңеге қарамастан, үйленген болсын, үйленбеген болсын өлімге кесіледі.
“Жасақ” көп әйел алуға рұқсат етті. Бәйбіше артықшылықты пайдаланды. Әкесі қайтыс болған жағдайда ұлы оның әйелдеріне билік (өз шешесінен басқасына) жүргізді. Оларды басқаға күйеуге беруге, тіпті үйленуге де құқығы болды (34 бап). Балалардың жолы олардың шешелерінің орнына қарай анықталды. Ер адам әйелді сатып алуы тиіс болды. Бірінші және екінші дәрежелі туыс адамдарға некегшетұруға тиым салынды. Ерлерге әпкелі – сіңлілерге үйленуге рұқсат берілді.
“Өтірік куә болғаны, сатқындығы, ұрлық жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылды.
Шыңғыс хан заңдарында арақ-шарап ішудің зияндығы ерекше атап көрсетіліп, ол үшін жазаның түрлері да қарастырылды.
“Жасақта” дін жөнінде де айтылады. Шыңғыс ханның өзі құдіретті Құдайға табында, әскері мен қатардағы адамдардан да соны талап етті.
“Жасақта” қарыз алу мен оны өтеу, құлдарға көзқарас, сауда – саттық және т.б. қоғамның басқа да жақтары қарастырылды.
Алтын Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Бату хан жаулап алған жерлерде 1242 жылы Алтын Орда мемлекетінің негізі қаланды. Бұл мемлекет сол кезеңде Ұлы Ұлыс немесе Жошы ұлысы депаталды. Бату хан қайтыс болғаннан кейін інісі Берке хан (1257-1266жж.) отырды.
Алтын Орда Еуразия даласына созылып жатқан алып империя еді. Оған Бату хан жаулаған елдер түгелдей вассал ретінде кірді. Беркенің кезінде Алтын Орда Ұлы ханнан тәуелсіз болды.
Алтын Орданың шығыс Дешті –Қыпшақ бөлігі Ақ Орда деп аталды.
Ақ Орда мен Көк Орданың құрылуы ескі дәстүр бойынша мемлекеттің сол қанат (Алтын Орда) және оң қанат (Ақ Орда) болып екіге бөлінуіне байланысты болуы мүмкін.
Ақ Орда оның соңғы ханы Барақ қайтыс болғанша (1428ж.) екі жүз жылдай өмір сүрді. Ақ Орданың Орда Ежен, Сартақ, Қоншы (Қайшы), Баян, Сасы БҰқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымбай, Ерісхан, Құйыршық, Барақ сияқты хандары болды.
Ақ Ордада қазақ халқын құраған тайпалардың барлығы дерлік өмір сүрді десе болады. Оның орталығы алдымен Ертістің жағасында болып, кейінірек Жетісу мен Сырдария бойына (Сығанаққа) көшті.
Ақ Орда хандары алғашында Алтын Ордаға тәуелді болды. Орын ханның тұсында Ақ Орда тым күшекйіп әлсіреген Алтын Ордаға ауыз салады. Әмір Темірдің тікелей араласуымен Орыс хан өлген соң Ақ Орда тағына Тоқтамыс хан отырып (1380), ол Ақ Орда мен Алтын Орданы қайтадан біріктіреді.
Алтын Орда мен Ақ Орданың мемлекеттік құрылысы бірдей болды, себебі олар ұзақ уақыт бір мемлекет болып, аз уақыт бөлек өмір сүрді. Алтын Орданы Бату хан әулеті басқарса, Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары хан болды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: