VI-XII ғасырдағы мемлекет және құқық
1. Орта ғасырдағы мемлекет (6-10 ғғ.)
2. 10-12 ғғ.мемлекеттер
ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип – түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.
Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.
Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.
Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.
Түркеш және Қарлұқ қағанаттары
Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.
Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.
Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін – жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.
Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қарақытайлардың шабуылынан құлады.
Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді. Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.
Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды. Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы (хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы (қазынашы), аспаз т.б. болды.
Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта бастығын – саһипбарида, салықшылар бастығын – мустауфа деп атады.
Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады. Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері
Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы). ІХ ғасырда Алтай мен Сырдария аралығындағы көптеген тайпаларды біріктірген Қимақ мемлекеті пайда болды. Бұл мемлекеттің саяси ядросы Шығыс Қазақстан жерінде тараған имақ (қимақ) тайпасы болды. Қимақ одағы алғашында 7 тайпадан тұрды. Кейінірек 12 тайпаға жетті. Қимақтар бірлестігі конфедерациялық мемлекет болды.
Қимақтардың басшысын алғашында шад-тұтық, онан кейін жабғу, қаған деп атады. Қаған тайпаларға өз өкілдерінен басшылар тағайындады. Соңынан қимақтардың 11 тайпаларының басшылығы мұраға қалдырылды. Осылай ұлыстық-тайпалық жүйе қалыптасты. Мұны өзі жергілікті тайпа басшыларының сепартизмін күшейтті. ХІ ғасырдың басында Қимақ конфедерациясындағы қыпшақ тайпаларының күшеюіне байланысты Қимақ мемлекеті құлады.
Қазақстан мен Орта Азияда терең із қалдырған елдің бірі Қарахан мемлекеті. Мемлекеттің негізін салушы Сатук Богра хан (915-955). Қарахан мемлекетінің шекарасы шығыста Қашғарға, оңтүстікте Мәуереннахрға, солтүстікте Балқаш көліне, батыста хорезмге дейін созылып жатқан ірі ел болды.
Мемлекет көптеген ұлыстарға бөлінді. ХІ ғ. 30-жылдарында мемлекет екіге бөлінді. Батыс хандығының орталығы Бұқар болып оған Мәуереннахрдан Ходжентке дейінгі жерлер қарады. Шығыс хандықтың астанасы Баласұғын болып, оған Тараз, Шаш, Испиджаб қалалары, Ферғана, Жетісу және Қашғар өлеклері қарады.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы – 1219). ХІ ғ-ң басында қимақ қағандығының орнына қыпшақ хандығы келді. Қыпшақ даласын Дешті-Қыпшақ деп атады. Олар Ертістен Жерорта, Қара теңізге дейін жетті. Оңтүстікте Хорезм мемлекеті мен Кавказға дейін жетті. Дешті-Қыпшақ екі қанатқа бөлінді. Батыс қыпшақтары Еділден батысқа қарай созылған жерлерді жайлады. Оларды тоқсоба руынан шыққан әулет биледі. Шығыс қыпшақтары Ертіс пен Еділ өзендерінің арасын жайлады. Мұнда елбөрілі руынан шыққан әулет биледі.
Қыпшақ қоғамындағы жоғары мемлекет билеушісі хан болды. Хан әскери және азаматтық билікті қолында ұстады. Ханның ставкасы Орда деп аталды. Ханның билік етуші аппараты көп сатылы басқарушы органдар арқылы мемлекетті басқарып отырды. Оң қол деп аталған батыс қыпшақтарының орталығы Жайық өзенінің бойындағы Сарайшық қаласының орнында болды. Сол қанат немесе Шығыс қыпшақтардың орталығы Сығанақта орналасты. Хандықтың орталығы – хан ордасы Торғай даласында көшіп қонды.
Ханнан кейін тархан, басқақ, бек т.б. лауазым иелері болды. Оларды хан тағайындайтын.
Қыпшақ мемлекетінде әскердің ролі ерекше болды. Ру – тайпа басшылары өз дәрежесіндегі әскер басшылары болып есептелді.
Қыпшақ қоғамында әлеуметтік жағынан теңсіздік орын алды. Малға, өндіріс құралдарына жеке меншік болды. Қыпшақ хандығының тарихи сахнадан кетуіне моңғолдардың шапқыншылығы себеп болды.
Найман және Керей ұлыстары
Наймандар мен Керейдің ұлыстары Алтай, Ертіс, Моңғолия жеріне созылып жатты. 840 жылы Ұйғыр мемлекеті құлаған соң, наймандар мен керейлер күшейе бастайды да, көшпелілер конфедерациясының құрылуы басталды. Олардың бірлескен ханы далай-хан деп аталды.
1125 жылы керейлер, 1143 жылы наймандар өздерінің тәуелсіз хандықтарын құрды. Керей хандығы ванхан деген атаққа ие болған Тоғарылдың кезінде, наймандар Таян ханның, Бұйрық және Күшлік ханның кезінде нығайды.
Керейдің ханы Тоғарыл (1171-1203жж.) Шыңғыс ханның әскерінің соққысынан қирады.
Наймандардың ханы Таян және оның ұлы Күшлік хан да моңғолдармен соғысты. Шыңғыс ханның әскерінен шегінген Күшіліктің әскері 1212 жылы Жетісуға басып кіріп, Шыңғыс ханның әскері 1218 жылы Жетісуға басып кіргенше созылды.
Наймандар мен керейлердің мемлекеттері басында тікелей атадан балаға мұраға беріліп отыратын хан отырды. Ру-тайпа басшыларын хан тағайындадаы. Қоғам өмірі мейілінше әскерилендірілді.
Керейлер мен наймандардың шаруашылығының негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болып, малға жеке меншік болды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: