Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірлеген үш негізгі нұсқасы бар», — деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде. Министрдің айтуынша бірінші нұсқа – қашықтан оқыту. «Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады», — деді ол. Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту. «Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс», — деді министр. Асхат Аймағамбетов үшінші нұсқа — штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала сабақты жалғастыру екенін жеткізді. «Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады», — деді министр.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-biylgy-oku-zhylyn-bastaudyn-ush-nuskasy-zhariyalandy_a3671702