Төребекова Сәуле Мақсұтқызы*
Қыпшақ тілдерінің, оның ішінде, қазақ тілінің тарихи даму кезеңдерінің орта ғасырлық ерекшеліктері мен тілдік даму деңгейін айқындайтын құнды жазба мұралардың бірі – армян-қыпшақ ескерткіштері.
Орта ғасырлардағы қыпшақ жазба ескерткіштері қазақтың құқықтық тарихын зерттеудің қосымша көзі болып табылады. Осы салада көлемі жағынан аса зор армян жазуымен 1519-1689 жылдары жазылған төрелер жинағын, іс жүргізу кодексін, кәсіптік және қоғамдық ұйымдардың жарғыларын, діни және азаматтық, өзін-өзі басқару актілерін қамтитын заңи ескерт-кіштердің маңызы ерекше құнды. Осы ескерткіштердің ара-сындағы маңыздысы 1519 жылы армян тілінен латын тіліне аударылып, поляк королі бекіткен, содан кейін Львов қыпшақ тілінде сөйлейтін армяндардың ана тіліне аударылған заңдар жинағы — «Төре бітігі» болып саналады. Бұл кітап мемлекет билігіне, өзге де құқықтарға және сот ісіне қатысты әр түрлі құқықтық қатынастарды реттеген 124 баптан тұратын «Төре бітігі» және «Іс жүргізу кодексіне» арналған 99 қосымша бап-тан тұрады. Осы ретте ортағасырлық жазба мұрағаттарды зерт-теп, сол ортақ мұралардағы тілдік деректер арқылы түркі тамы-рлас халықтардың дүниетанымын, ділін көрсету ұлтымыздың, тіліміздің даму тарихын танытады. Қазіргі қазақ тілі мен «Төре бітігі» армян-қыпшақ жазба ескерткіші тілінің арасындағы та-рихи сабақтастықты түрлі қырынан зерттеп, негізгі даму, қа-лыптасу, бір жүйеге түсу ерекшеліктерін нақтылау, тиянақтау, тарихи құндылықтарын анықтау негізінде талданатын болғасын да қазіргі түркітану, қыпшақтану саласындағы өзекті тақы-рыптардың бірі. Армян-қыпшақ ескерткіштерін жариялауда Г. Алишан, Ж. Дени, Э. Шютц, Э. Трыярски, И. Вашари, М. Ле-вицкий, Р. Кон және т.б. шет ел ғалымдарымен қатар, бұрынғы Кеңестер Одағында Т.И. Грунин, А.Н. Гаркавец [Гаркавец 1987] [Гаркавец 2002], И. Абдуллин, Я.Р. Дашкевич [Дашкевич 1994] сияқты ғалымдар көп еңбек сіңірді. Сонымен қатар, қыпшақ өркениеті мен мәдениетінің негізгі орталығы Қазақстан аумағы болғандықтан, осы бағыттағы зерттеу жұмыстары . Бұл салада отандық ғалымдар А.Н.Гаркавец, Ғ.Айдаров, C.Құдасов [Құда-сов 2000] т.б. елеулі үлестері баршылық.
«Төре бітігі» ескерткіші тілінде де дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздер кездеседі.
Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының амал-тәсілдері мен негізгі жолдарын былай бөліп көрсетеді. 1. Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омоним-дер; 2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер; 3. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер; 4. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен ды-бысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омоним-дер [Қалиев, Болғанбаев 2006:107].
Омоним сөздер. Сөздер түбір күйінде де, туынды күйінде де омонимдер бола береді. Ескерткіш мәтіндерінде түбір сөз-дерден болған омонимдер жиі кездеседі. Олар төмендегідей: Омоним сөздер болып саналатын сөздердің өзі құрамы жағынан екі сыңардан аспайды. Олар бірнеше амал-тәсілдер арқылы жасалған.
а) Омонимдік қатар түзген сөздердің екі сыңары да түркі сөздері болады. Сөздердің семантикалық дамуы нәтижесін-де мағыналары бір-бірінен алшақтап, басқа-басқа мағынада тұрақтаған сөздер жатады. Яғни мұндай омонимдер лексикалық тәсіл арқылы жасалған. Мысалы:
I. Аt (ат) «ат, есім», Тöräniŋ atïmen,.. (54-кап., 67 б). — Төренің атымен,.. (54-бап, 562 б);
At (aт) «ат, жылқы», Еgär kіmеsänіŋ atі tеlі bоlsa, χaуsï ауaχï bіlä urmaχ, da tіšlämäχ bіlä, χïlïχï bіlä naχïs еtkäу, оl čaχta еуäsі оl atnïŋ, naχïs еtkän kіšіnі at, zіуаnïn, χаrdžïn da hakіmlіkіn tölämäχ kеräk. Еgär aŋlattï еsä atïnïŋ zіуаnlï χïlïχïn, оl čaχta уarïm zіуanïn tölämäχ kеräk törä уanïna. Nе kі bu bоуruχnuŋ učuna ауtïlïуïr, aŋlanïуïr, еgär anïŋkіbіk kіšі еrmеnі, ауb atïna уamanlïχ üčün bеrmägäу (32-кап., 102 б). – Егер біреудің құтырған аты болса, кісіні тепкілеп немесе таптап, басқа қылығымен мү-гелек етсе, ол кезде сол аттың иесі, ат мүгедек еткен кісіге зиянын, емдеуге шыққан шығынын төлеу керек. Егер атының жаман мінезі туралы ескерткен болса, онда төре бойынша зиянның жартысын төлеу керек. Бұл бұйрықтың соңында ай-тылғанды былай түсіну қажет: егер ондай кісі армян болса, аттың келтірген зиянына ақы төлемеу керек (32-бап, 673 б).
Baχ (бах) — «бап»;
Вaχ (бах) — «қара, бақыла, анықта», anïŋkibik išlär igi sezilmäχ keräk dä baχmaχ keräk anïŋkibik iš bilä,.. (4-кап., 85 б).
Ондай істерді жақсылап зерттеу керек, өлтіргенді қарау ке-
рек,.. (4-бап, 667 б);
Burun (бурун) – «мұрын»; burnïna su vermek (бурнына су вирмек) «мұрнына су беру»;
Burun (бурун) – «бұрын» септеулігі шығыс септігіндегі сөздермен тіркеседі: barča ištän burun keräk χardašlar (89-кап., 139 б). — (барча иштән бурун хардашлар) «барша істен бұрын керек бауырлар» (89-бап, 689 б);
I. Sač (сач) – «шаш», (адамның шашы); уüz sač (йүз сач) «жүз шаш»;
Sač (сач) – «шашу»; su sačmaχ (су сачмақ) «су шашу»;
I. Іti (ити) — «қылыш, семсер», iti kötür (семсерді кезену,
қарулы шабуыл жасау);
Iti (ити) – «қатаң», iti boуruχ (қатаң талап (бұйрық));
I. уüz (йүз) – «жүз, бет», jüzdä (йүздә) бетпе бет; jüz kör (йүз көр) бетке қарау, біреуге тартушылық; jüz körmäŋiz (йүз көрмәңіз) әділетсіз, бір жақты болмаңдар; jüz körmäs (йүз көрмәс) ол әділетсіз емес, бетке қарамайды; jüz körmejijin (йүз көрмийин) бет-жүзге қарамай.
уüz (йүз) – «жүз (есептік сан есім)»;
I. Уük (йүк) – «жүк, ауыртпалық», уüktän tart (ауыртпалықтан босату);
Уük (йүк) – «кепілдік», уük izdä (кепілдік талап ету), уük kir (кепіл болу), уük tibinä (кепілдікте болу);
I. Nïšan (нышан) – «белгі, нышан, көрініс», nïšanï küčünüŋ barča törälärniŋ (барлық заңдардың белгілі күші); nïšïnï oγurluχ-nuŋ (ұрлықтың белгісі, нышаны, дәләлі);
II. Nïšan (нышан) – «құда түсу, неке қию», nïšan et (құдалыққа түсу);
I. Χan (хан) – «хан, патша, король», χanγa alma buruχundan töräsiniŋ ermeniniŋ (армян сотынан ханға шағым арыз беру); χannïŋ boуruχï bilä (ханның бұйрығымен, рұқсатымен); χannïŋ komarаlarï (ханның кедені); χannïŋ stoluna kimsä olturmagaу ašχa (ханның дастарханына ауқаттануға ешкімнің отыруына болмайды); χannïŋ tärbasï (хан сарайы, ханның маңындағылар);
II. Χan (қан) – «қан (кровь)», Іgіtlärgä övränčіktіr, kі öčtän аγïr nеmä kötürmägä, da maχtanmaga, dа aγïr nеmä уürütmägä, da anïŋkі aγïr nеmä kötürmäχtän еgär kі χaуsï aralarïndan naχïs bоlgaу, χaуsï kі aχča χоуdï, öč kіrdі, da säbäp bоldï bu іškä, anïŋ naχïslïχïna, gеs džurumnï tölämäχ kеräk, nеčіk χanlï іš üčün, da anïŋ χatïna оl naχïs bоlganga zіуanïn, χardžïn tölämäχ kеräk, hakіmlіkіn (7-кап., 87 б). — Жастарда (жігіттерде) бәске ауыр нәрсе көтеретін, ауырды сүйретіп мақтанатын үйреншік бар, ал егер ауыр нәрсені көтергеннен олардың біреуі мертіксе, кім ақша тікті, бәстесті, және бұл іске кім себеп болды, оның мертіккені үшін қанды қылық сияқты жарты айыпты төлеуге міндетті, және одан бөлек мертікеннен келген зиянын, емделу шығынын және бағасын төлеуі керек (7-бап, 667 б).
I. Χоу (хой) «қой», Еgär kі ögüz öldürsä іnäknі, уа özgä tuvar χaranï müŋüzlü, albо χоуnï, da еуäsі bіlmägäу tuvarïnïŋ χïlïχïn, оl čaχta kеräk tölägäу öldürgän tuvarïnïŋ bahasïn (31-кап., 101 б).
– Егер өгіз сиырды немесе мүйізді қара малды немесе қойды өлтірсе, иесі малының жаман мінезін білмеген жағдайда өлген малдың жарты бағасын төлесін (31-бап, 673 б).
Χoу (хой) «қой (етістік)», χaуda ki taχïl bar anïŋ уа özgä χoуgan bolgaу,.. (11-кап., 89 б). — Басқа біреудің астық сақтау үшін салып қойған шұңқырын ашса,.. (11-бап, 668 б);
Бұл сөздердің арасынан қазіргі тіл тұрғысынан әрине семантикалық байланыс табу қиын. Алайда кейбіреулері қазіргі қазақ тілінде де омоним сөздер болып саналады (от, шаш). Мұрын сөзі де көне түркі тілінде бурун түрінде айтылған және қазіргі оңтүстік батыс тілдерінде де солай. Ал йап сөзінің бірінші мағынасы (жабу) қазіргі көпшілік түркі тілдеріне ортақ болса, екінші мағынасы түрік тілінде белсенді қолданылады. Яғни бұл омонимдік қатарлар сөздердің лексикалық даму нәтижесінде пайда болғандығы даусыз.
Синоним сөздер. Синоним сөздер мағынасы мен тұлғасы жағынан омонимдерге қарама-қарсы лексика-семантикалық құбылыстар екендігі белгілі [5, 108 б]. Яғни мағынасы бірдей немесе бір-біріне жақын, алайда әртүрлі дыбысталатын сөздер синонимдік қатар түзеді. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылытын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек қана бір сөз табына қатысты болады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
Сөздің дыбысталуынада аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс. Бұл үш белгі – сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контекстте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Ескерткіш тілінде омонимдерге қарағанда синонимдік қатар жасайтын сөздер өте жиі кездеседі. Олардың жасалу жолдары мен құрамы да әртүрлі болып келеді.
а) Синонимдік қатар бірыңғай түркі сөздерінен тұрады: aγač – teräk (ағач – терәк) «ағаш»; », daγïn egär уеmišli teräkni tusnaχta bolganda kessälär уа četänlärin küуdürgауlаr,.. (41-кап., 110 б). — Егер жеміс ағашын кепілде болғанда кессе немесе қоршамда жандырса,.. (41-бап, 677 б); bašχa – özgä (башха – өзге) «басқа»; χaуda ki taχïl bar anïŋ уа özgä χoуdan bolgaу (11-кап., 89 б); басқа біреудің астық сақтау үшін салып қойған шұңқырын ашса,.) (11-бап, 668 б);
buуruχ//boуruχ – уаrlïγ (буйрух//бойрух – йарлығ) «бұйрық – жарлық); buуruχ ber (бұйрық беру), buуruχ berip aуt (бұйырып айту), buуruχ et (бұйрық ету); уаrlïγ et (жарлық ету);
Сондай-ақ ескерткіш тіліндегі түркілік синонимдердің көбінің бір сыңары оғыз, ал бір сыңары қыпшақ элементі болып келеді: Мысалы: Aχïllï – uslu (ахыллы – услу) «ақылды», еgär uslu da bolsa,.. (81-кап., 133 б). — Eгер ақылды болса,.. (81-бап, 687 б);
Уaχšï – igi (йахшы – игі ) «жақсы», уахšï χïlïχ (жақсы мінез); igi alätlär (жақсы кісілер), igi кіšilär (жақсы кісілер);
Уаrlï – miskin (йарлы – міскін) «жарлы, кедей», Кim ki borčka alsa уа ötünčka, уаrlïlansa, уаrlïlanmaχ üčün belgili künіnä tölämä bolmasa,.. (40-кап., 108 б). — борышқа немесе уақытша алған кедейленсе, кедейленгендіктен белгіленген күнінде төлей алмаса,.. (40-бап, 676 б); miskingä уarlïγa (кедейді мүсіркеу), mi-skinni Тeŋri sövär (Тәңрі жарлыны жаратады);
Kendi//kensi – öz (кенди//кенси – өз) «өз», egär χasta kiši klämäsä kendiniŋ һakimlikiniŋ išitmä sözün da anïŋkibik χasta ölgäу, һakim anda egri tigül (99-кап., 145 б). — Егер науқас өзі дәрігердің сөзін тыңдамаса және сондай науқас өлсе, дәрігер оған кінәлі емес (99-бап, 692 б), һär nesnenüŋ kölegesi öz χadarïnža (әр нәрсенің көлеңкесі өз деңгейіндей);
Šäһär – kermän (шәһәр – кермән) «қала», šäһäriniŋ sotï (қаланың соты), kermänniŋ čüvräsin al (қаланы қоршауға алу), kermän töräsinä nemeskiу (қаланың неміс (Магдебург) сотында), kermän töräsi (қала соты) т.б.
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әр тарапты екендігін көрсетеді. Ескерткіш тілінде синоним сөздер аз кездеседі.
Антоним сөздер. Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Ескерткіш тілінде бір-бірінен алшақ, қарама-қарсы мәндегі антоним сөздер мол кездеседі. Олар тұлғасы жағынан және шығу төркіні жағынан әртүрлі. Алайда ескерткіш тіліндегі антоним сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады. Әсіресе етістік пен сын есімдерге тән қарама-қарсы мәндегі сөздер жиі ұшырасады.
а) сын есімдерге тән антоним сөздер: уаχšï – уаman (йахшы – йаман) «жақсы – жаман»; anïŋ уaχšï erkinädir (45-кап., 112 б). — Оның жақсы ықыластығы (еркі) (45-бап, 678 б); А еgär kі bіlgäу еdі tuvarïnïŋ уаmаn χïlïχïn, kі zіуan еtüčі еdі, dа kеtärmägäу kеndіnіŋ χatïndan, kеräk tügäl baχa tölägäу öldürgän ögüznüŋ, törä alaу buуurïуïr (31-кап., 101 б). — Егер малының жаман мінезін, оның зиян келтіретінін білсе, бірақ одан өзі құтылмаса, өлген өгіздің түгел бағасын төлесін, — төре осылай деп бұйырады (31-бап, 673 б). Arï – kir (ары – кир) «таза – кір»; arï köŋül birlä (ары көңүл бирле) «таза көңілмен»; arïtγaу уüregini kirden (арытғай йүрегини кирден) « жүрегін арындырсын кірден»;
Artïχ – eksik (артых – ексік) «артық – кем»; öldürgän оγlan 12 уašïndan artïχ bоlgaу, kеräk bašïn tölägäуlär (3-кап., 85 б). — Өлтірген бала 12 жастан артық болса (асса), басына кәмелетке келген адамның құнын төлесін (3-кап., 666 б); а еgär kі оl öldürgän оγlannïŋ уаšï 12-dän еksіk bоlsa, bоlgaу 10 уа 11, оl čaχta anïŋ bašïnïŋ уаrïmï tölänmäχ kеräk (3-кап., 85 б). — Ал егер өлтірген баланың жасы 12-ден кем болса, 10 немесе 11 болса, онда адамның жарты құны төленуі керек (3-бап, 666 б);
Аγïr – уeŋil (ағыр – йеңіл) «ауыр – жеңіл», аγïr bolγan (ауыр болған), aγïr ауаχlï χatun (аяғы ауыр әйел), уеŋil tut (жеңіл қарау);
Ulu – kiči (улу – кичи) «үлкен – кіші»; ki aŋlamaχ keräk ulu töräni dä, kiči töräni dä (52-кап., 118 б). — Cебебі төрелер айтқандай үлкен құқық және кіші құқық бар екенін түсіну керек (52-бап, 680 б);
Уaŋï – eski (йаңы – ескі) «жаңа – ескі»; Аnïŋkibikni Еski Тörä körgüziуir tašlama, da Уaŋï Тörä оχšatïуïr, nečik atasïn-anasïn tövgaу,.. (59-кап.,122 б). — Ескі Төре бойынша оған тас лақтыру керек, Жаңа Төре оны өз атасын, анасын сабаумен теңестіреді,.. (59-бап, 682 б);
Вarlï – уarlï (барлы – йарлы) «бай – кедей»; Кim ki borčka alsa уа ötünčka, уаrlïlansa, уаrlïlanmaχ üčün belgili künіnä tölämä bolmasa,.. (40-кап., 108 б). — борышқа немесе уақытша алған кедейленсе, кедейленгендіктен белгіленген күнінде төлей алмаса,.. (40-бап, 676 б);
Оŋ – soŋ (оң – соң ) «оң – сол», ol boуruχundan töräniŋ 2 уan da ne oŋ уanïna, ne soŋ уanïna čïχma bolmas (55-кап., 120 б). — Төренің ол бұйрығынан екі жағы да не оң жаққа, не сол жаққа бұлтаруына болмайды (55-бап, 681 б);
Köp – az (көп – аз) «көп – аз», köplär bilä (көппен бірге), köptän аz уazïp χoу (хатты аз жазып қою), дегендерде жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз.
ә) Зат есімдерге тән антонимдер: уеr – kök (йер – көк) «жер – көк», Теŋrі adam tarbіуatïn еrіklі уaratïptïr da еtіptіr, alе kеräklіdіrlär bіуlärіnä kеndіnіŋ χul-lar χuluχka, уеr u suv üčün (2-кап., 84 б). — Тәңрі адам баласын ерікті етіп жаратқан, бірақ жер және су үшін құлдар өз билеріне қызмет істеуге мұқтаж (2-бап, 666 б); köktägi meŋi tirlik (көктегі мәңгі тірлік);
dost – dušman (дост – дұшман) «дос – дұшпан», Еgär kimеsä dostundan saγït ötünčkä alsa barča türlü da anïŋkibik saγït-nï уа sïndïrgaу, уа tas etkaу,.. (39-кап.,107 б). — Егер біреу өзінің досынан қандай да болсын сайман сұрап алса, алған сайманды сындырса немесе жоғалтса… (39-кап,676 б); Kendiniŋ dušmanïn övdägi anda tapup, öldürgay köŋlü bilä (97-кап,144 б). — Өзінің үйдегі дұшпанын сонда кездестіріп қасақана өлтіруі (97-кап,691 б).
Χïš – уаz (хыш – йаз) «қыс – жаз», egär kimesäniŋ tuvarï kirgäу sačovga χïšnïŋ уа ävälbaһarnïŋ,.. (95-кап., 141 б). — Егер біреудің малы қыста немесе көктемде егістікке кірсе,.. (95-бап, 690 б);
Уаχšïlïγ – уamanlïγ (йахшылығ – йаманлығ) «жақсылық – жамандық»; уaχšïlïχnï χïlïn (жақсылық (мейірімділік жасау)), уаmanlïχ χïlïngan (жамандық жасалған);
Ескерткіш тілінде кездесетін антонимдер тобы етістіктерге тән:
Ač – уаp (ач – йап) «ашу – жабу»; аl – ver (ал – вер) «ал – вер», уаt – oltur (йат – олтур) «жат – отыр», čïχ – kir (чых – кир) «шығу – кіру», kirgän – čiχkan, т.б.
Үстеулерге қатысты антонимдер:
Kündüz – kičä (күндүз – кичә) «күндүз – түн», da alaу törädir oγrular üčin χоуulgan kečäniŋ da kündüznüŋ, egär ki kimäsä kečä vaχtïna övdä dä kündüz oγrunu liсаsi bilä belgili tutkiу edi,.. (34-кап., 103 б). — Түнгі және күндізгі ұрылар жөніндегі төре байламаы мынадай: егер біреу үйінде ұрыны түнде немесе күндіз тапса және ұрлық үстінде ұстап алса,.. (34-бап, 674 б); Қорыта келгенде, «Төре бітігі» ескерткіші тіліндегі сөздерді лексикалық парадигматика жағынан топтастырғанда, омонимдер мен синоним сөздердің лексикалық мағынасының дамып, басқа-басқа мәндерде тұрақтауы, түбірге синкретикалық қосымшалардың жалғануы арқылы, сондай-ақ араб, парсы тілдерінен енген сөздердің тұлғасын кейде өзгертіп, ал кейде өзгертпей-ақ түркілік сөздермен үндесіп жақындасуы арқылы жасалғандығын көреміз. Антоним сөздер әртүрлі сөз табынан жасалған. Көріп отырғанымыздай, ең көп қарама-қарсы мәндегі сөздер етістік пен сын есімдерден тұрса, ең азы зат есімдерден құралған. Сонымен қатар араб сөздерінен енген кірме сөздер де антоним қатар түзеді.