АЛТЫН ҚОРЫҒАН САМҰРЫҚ

АЛТЫН ҚОРЫҒАН САМҰРЫҚ — аңыздарда айтылатын тайпа атауы. Алғаш рет грек тарихшысы Геродот (б.з.б. 485 — 425) еңбектерінде, саяхатшы әрі ақын Аристей поэмасында кездеседі. Екеуі де Азия халықтарын аңыздағы ғажайып құстар бейнесінде суреттейді және олардың бір тармағына гиперборейлер мен аримаспыларды жатқызады. Грек-рим жазушыларының болжамдарына қарағанда самұрықтар елі алтынға бай, соны қорғау үшін жылқы кейпіндегі аримаспылармен соғыс жүргізген. Самұрықтардың өздері Пантикапей тиындарында (көне заман ақшасы) аузына Аполлонның киелі жебесін тістеген қыран ретінде бейнелеген. Аристей мен Геродоттың бұл халықтар жөніндегі аңыздарының түбі шындыққа жанасады. Геродот жазған Жетісудағы патша қорғандарының біреуі — Есік обасын қазған кезде алтын қыранның бейнесі бар “алтын адам” табылды. Петр І-нің кезінде Ресейден келген қабір тонаушылар Қазақстан мен Сібір жерлерінен қыруар алтын бұйымдар алып кеткен. Олардың біразы Эрмитажда сақтаулы. “Алтайдың алтын адамы”, Омбы төңірегінің “алтын адамы” сияқты археол. олжалар соңғы кезде жиі табылып жүр. Аңыздан туған самұрықтар алтынға бай Алтай, Арқа тауларын мекендеген көшпелі тайпалар — сақтар, ғұндар, үйсіндер, кейін қырғыздар немесе солардың туыстары болуы мүмкін. Есімі белгісіз жылнамашының жазуына қарағанда Енесайды қоныстанған тайпалар алтынды көп өндіріп өндеген елдің бүкіл адамы басына алтын тәж киген, өлгендерді алтынға орап көмген, табынатындары қыран құс болған. Қазір Қазақстан Республикасының ең жоғары марапат белгісі “Алтын қыран» ордені.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *