АЛТЫН ҚАБАҚ

АЛТЫН ҚАБАҚ — ұлттық ойын. Жамбы ату сайысы негізінде пайда болған. Мергендік пен ептілікті сынайды. Түзу қайың құрықтарды ұластыра байлап, бір ұшын жерге қадайды. Биіктігі отыз-қырық метр болуға тиіс. Жоғарғы ұшына екі жарым метрлік көлденең ағаш бекітіледі. Оны қабақ деп атайды. Қабаққа бірнеше сөлкебай немесе жалтырап көзге түсетін заттар, кейде алтын, күміс теңгелердің шетін тесіп, аттың қылына іліп, тізіп байлайды. Сайысқа түсушілер оларды садақпен атып түсіруге тиіс. Атып түсірушілерге сый-сыяпат беріледі. А. қ. — түркі халықтары арасында кең тараған ойын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *