Алтынемел асуы

АЛТЫНЕМЕЛ АСУЫ — Жоңғар Алатауының оңт.-батыс сілемдері — Алтынемел жотасы (2928 м) мен Матай тауының (2880 м) арасында, теңіз деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу. А. а. өтетін орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтті, андезитті, туфты жыныс шөгінділерінен құралған. Асу қызғылт қоңыр және қара топырақты бұталар араласқан бозды, бетегелі, шалғынды болып келеді. Асу үсті жылына 4 — 5 ай салқын болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Ш. Уәлиханов 1858 ж. Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солт.-батыстағы Қоғалы тауаралық ойысынан онт.-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы — Сарыөзек — Жаркент автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *