АЛТЫНЕМЕЛ — Алматы обл-ның Кербұлақ ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы — Сарыөзек кентінің оңт. шығысында 30 км жерде, Алтынемел жотасының солт.-батыс беткейінде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам (1997). Сұр және қызыл қоңыр топырағында жусанды, астық тұқымдасты өсімдіктер өседі. Ауылда электр ст., мектеп, дәрігерлік пункт бар. А-ден 5 км қашықтықтан Алматы — Жаркент автомоб. жолы өтеді.