моңғол билеушісі, ханның қаладағы орынбасары; даруғаның міндеті: жалпы басқару, алым-салықтың дұрыс түсуін және міндеткерліктердің уақтылы орындалуын бақылау. XV – XVI ғасырларда «даруға» терминінің мағынасы әлдеқайда кеңейіп, билеуші, басқарушы, жалпы меңгеруші, қазынаның пайдасына міндеткерлікті өндіріп алу бастығы, губернатор дегенді білдірген (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. М.; Л., 1950. С. 471).