1920-30-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫНЫҢ САЯСИ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ДИНАМИКАСЫ

 

Бақторазов С.У. — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ні «аза:стан тарихы» кафедрасыны доценті,т.ғ.к., Тараз :., e-mail: nucha 13-94@mail.ru

Ұсынылып отырған ғылыми мақалада 1920-30-шы жылдардағы Сырдария облысының саяси кеңістігіндегі өзгерістер динамикасы қарастырылады. Автор, осы орайдаСырдария обылысында қалыптасқан қоғамдық – саяси ахуалға тоқтала келе, жаңа билік құрылымдарына тікелей қарама-қайшы мəселелерді — бір жағынан Патша жəне Уақытша Үкіметтердің бұрынғы бағытын жүргізіп, салықтар мен салымдарды күштеп тартып алуға, екінші жағынан жұмысшылар мен шаруалар жағында тұрған Үкімет ретінде жаңа биліктің артықшылықтарын дəлелдеуі керек болғандығына, дегенмен осындай қарама – қайшылықтарға қарамай билеуші партияға саяси кеңістікті игеру үшін белсенді күрес жүргізу қажет екендігіне, соның ішінде қарастырылып отырған Сырдария облысының саяси кеңістігіндегі саяси күштердің көшбасшысы БК(б)П – ның өлкелік филиалы ретіндегі, Түркістанның Коммунистік партиясы басымдылық жағдайда болғандығына назар аударады.

Тірек сөздер: Сырдария облысы, Уақытша Үкімет, большевиктер, Түркістан Коммунистік партиясы, Əулиеата уезі, Кеңестік органдар.

Жүргізілген əкімшілік — территориялық реформалардың, соның ішінде, əсіресе Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу жəне қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-іне қайта қосылуы нəтижесінде республика аумағы 700 мың шаршы км-ге жуық, яғни үштің біріне ұлғайып 2,7 млн. шаршы км болды, ал халқы 1468мың адамға көбейіп, жалпы саны 5230 мыңға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар республика халқының- 2/3-сіне жуығы (61,3%) болды [1, 167-б.]. Бұл арада Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі небары 8-9 жыл аралығындағы аласапыранда аталған өңір халқының қосқан үлес салмағы қарапайым арифметикалық тұрғыдан қарастырғанның өзінде (1917жылғы 2.665.441 қазақтан 1926 жылғы санақ бойынша шамамен 1.468.000 қазақ қосылған.) ойсырап-ақ қалғаны көрініп тұр.

Осы орайда тарихи – демографиялық экскурс (талдау) жасай отырып, құбылмалы, тұрақсыз саяси жағдайға қатаң қысы мен құрғақшылығы қосымша болған 1917 жыл мен азамат соғысының аумалы-төкпелі 1918 жылы Түркістан қазақтарына жеңіл тимегендігін айтуға болады. Осылай 1918 жылдың 30 қыркүйегіндегі Əулиеата уездік комиссарының баяндамасында уезд жағдайы мынадай мазмұнда беріледі: « Маған сеніп тапсырылған Əулиеата уезі төрт бөлімшеден тұрады: Таулық ( Горный), Аса, Шу жəне Меркі, онда 43 қырғыз болысы мен 75 орыс селениесі;олардың ішінде 21-і ескі 54-і жаңа». Осы селениелердің 15-і жеке жəне 60- ы 12 болысқа біріктірілген; 5 селение неміс — менониттік, 4 селение түземдік, 2 поселок дүнген, 1 селение татарлардікі; барлығы жеке селениелер

Қазіргі уақытта шамалап есептегенде халықтың саны 200 мың адамды құрайды. Аштықтан өлген түземдіктер қазіргі уақытта, яғни 1917 жəне 1918 жылдың алғашқы жартысында 60 мың төңірегінде; 1917 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мəлімет бойынша халықтың саны 300 мың адам болған [2].

Бұл арада уездің саяси кеңістіктегі параметрі айқындалып-ақ тұр — көп ұлттық құрамы, елді — мекендердің көп екендігі сол кезеңді алғанда, жалпы халықтың санының көптігі; сонымен қатар большевиктер Үкімет басына келуінің жергілікті халыққа бірден қырғын əкеліп 60 мыңдай адамдардың аштан өлгендігін де осы құжат көрсетіп тұр.

Ары қарай баяндамада «1) түземдік халықтан 1917 жылғы салықтың көлемі …. Барлығы 297, 381 р. 79к. 2) Биылғы жылға халықтан алынатын салыққа байланысты төлем қағаздары ( окладные листы) таратылып берілген жоқ.; Қаланың əртүрлі мекемелеріндегі қарыз 100 мың рубль. Бұларды менің орнымдағылар қоғамдық қордан берген екен; қоғамдық қордың 4 кассасы босаған, ол əлі де бос»[3]. Берілген құжат уездегі экономикалық жағдайдың ауырлығын көрсетеді, мұның өзі тиісінше жаңа үкіметтің нығаю мүмкіндігін, оның беделге ие болуын тежеді., себебі олар өз іс-қимылдарын сүйкімсіз іс- шаралардан — өткен жылы төленбеген салымдар мен осы жылғы салықтарды жиюмен бастаған еді. Жергілікті үкіметтің «халықтың төленбеген салымдарын үш жылға соза тұру əрекеті» жүзеге аспай Ташкенттен тез арада төленбеген салымдарды да, сонымен қатар осы жылғы салықтарды да тез өндіру туралы нұсқау түсті. Түземдік жəне орыс халқының экономикалық жағдайы, 1917 жылғы егіннің болмауына байланысты, əсіресе біріншілерінікі өте ауыр, сондықтан да олардың 1917 жылғы төленбеген салым мен осы жылғы салықты төлей ала ма оны болашақ көрсетеді»[4]. Осылай жаңа билік құрылымдарына тікелей қарама-қайшы мəселелерді — бір жағынан Патша жəне Уақытша Үкіметтердің бұрынғы бағытын жүргізіп, салықтар мен салымдарды күштеп тартып алуға, екінші жағынан жұмысшылар мен шаруалар жағында тұрған Үкімет ретінде жаңа биліктің артықшылықтарын дəлелдеуі керек болды.

Осыған қарамай билеуші партияға саяси кеңістікті игеру үшін белсенді күрес жүргізу қажет болды соның ішінде біз қарастырып отырған Сырдария облысының саяси кеңістігіндегі саяси күштердің ішінде БК(б)П – ның өлкелік филиалы ретіндегі, Түркістанның Коммунистік партиясы басымдылық жағдайда болды.

Жалпы, партиялық жəне Кеңестік органдардың билік өкілеттіліктеріндегі ерекшелігі олардың билік пен саясаттағы ресурстарының тым жұтаңдығы болатын. Бірінші дүние жүзілік жəне азамат соғысы жылдарындағы экономикалық тұралаудың салдарынан материалдық жəне қаржы ресурстары жетімсіз болды. Лайықты кадрлардың жетіспеуі орын алды жəне соңында саясаттың ерекше ресурсы ретіндегі « саяси уақыт» ресурсы күрмеуге келмеуі себепті, алға қойылған қайта құруларды жүргізуді өте қысқа тарихи мерзім ішінде жүзеге асыру қажеттілігі туды.

Ал, осы жоспарларды жүзеге асырушы билік құрылымының өзі үш деңгейге бөлінетін еді. Ең жоғарғы деңгей «макробилік» деп аталынып, мемлекеттің негізгі ішкісаяси процестері мен сыртқы саясатын қамтиды. Ол өзіне жоғарғы орталық саяси институттарды, жоғарғы мемлекеттік мекемелерді, саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың басшыларын кіргізеді. Макробиліктің негізгі міндеті жалпыпартиялық, жалпымемлекеттік саясатты қалыптастырып, жалпы мақсаттар мен міндеттерді декларациялау болып табылады. РКФСР жəне кейіннен КСРО тұрғысында қарастырар болсақ бұл, БК(б) П ОК, БОАК жəне ХКК арқылы жүзеге асты. Осындай арнаулы органдар Түркістанда да құрылып жатты. Олардың алғашқысы ретінде 1919 жылдың ақпанында БК(б)П ОК қаулысы негізінде құрылған « Түркістан істері жөніндегі ерекше (уақытша) комиссияны» айтуға болады. 1919 жылдың қазанында БОАК мен РКФСР ХКК-ның Түркістан істері жөніндегі комиссиясы – Түрккомиссия құрылады. БК(б) П ОК саяси бюросының қаулысымен 1920 жылдың маусымында:«Түркістандағы мəселелер туралы», «Түркістандағы билікті ұйымдастыру жөнінде құжаттар қабылданып», «Түрккомиссия Ережесі» бекітіледі. 1920 жылдың шілдесінде БК(б)П ОК-ның Түркістандық бюросы — Түркбюро құрылады[5, 723-724-бб.]. Осылай Түркістан өлкесіндегі жоғарғы билік эшелоны құрылған еді.

Орталық, аралық, билік деңгейі «мезобилік» деп аталынып, орта звено билігі мен осы деңгейдегі бюрократиялық аппараттардан құрылады. Мезобилік өзіне жергілікті аудандық, облыстық жəне өңірлік маштабтағы партия жəне əкімшілік органдарын кіргізеді[6, с.43-45]. 20 — жылдардың басына қарай Түркістанда мезобиліктің мынадай құрылымы қалыптасты: партиялық тұрғыда — Түркістан Коммунистік партиясының ОК, кейіннен, зерттеліп отырған өңірге қатысты, ТКП-ның Сырдария облыстық комитеті, уездік комитеттер, мысалы, ТКП-ның Əулиеата уездік комитеті, уездік қалалық комитеттер — Əулиеата Уқалкомы, уездік болыстық ( аудандық) комитеттер — болкомдар. Кеңестердің өкілеттілік билігі де осындай тұрғыда құрылып, ол Түркістан ОАК-нен вертикаль бойынша уқал жəне уболкомдарына дейін таралды.
Осы деңгейдегі биліктің ерекшелігі ретінде жалпыпартиялық саясатты Түркістан өңірі үшін қажетті формаға келтіруді айтуға болады. Орталықтың мəлімделген ,декларативтік мақсат – мүдделері
іс жүзінде нақты жетістіктерге жеткізе бермейтін, бұл құбылыс мынандай факторлар арқылы, мысалы, орталықтан тым алыс екендігіне, яғни үнемі бақылап жəне қажетті кезінде араласу мүмкіндігінің болмауына, өңірлердің бір-бірінен алшақ орналасуына жəне оларды жалғастыратын транспорт пен байланыс инфрақұрылымының дамымай қалғандығына байланысты болды. Сонымен қатар зерттеліп отырған кезеңде орта буын кадрлердің, əсіресе аудандық деңгейде жетіспеушілігі білініп тұрды. Əртүрлі себептерге байланысты орта буын кадрлердің кейбір бөлігі əрқилы мəселелер төңірегінде өзіндік позицияда болды, мұның өзі 20 — жылдардың соңы — 30 жылдардың басына, əлі тоталитарлық жүйе толық құрылып біткенге дейін ғана мүмкін болды, сондықтан орталықта немесе жергілікті жерлерде көптеген жалпыпартиялық пікірталастар жүріп жатты.

Дегенмен, биліктің орталық деңгейі өзінің өңірдегі ықпалын үдету үстінде болды. Түркістан Компартиясының съездері үнемі өтіп тұрды, 1919 жылдың мамырында ТКП-ның І-ші Қазалылық уездік съезі, 1920 жылдың тамызында Шымкентте Түркістан К(б) П-ның Сырдария облыстық съезі өтті [5, 721-726-бб.]. 1925жылдың ақпанында Орта Азияда өткен ұлттық межелеудің нəтижесінде БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті құрылып оның құрамына Сырдария облыстық партия ұйымы да кіреді. [5, 730-б.]. Билік өлшемінің үшінші деңгейі – « микробилік», — адамдардың, кіші топтардың, жергілікті өзін-өзі билеу саласындағылардың саяси өмірге ашық араласуын білдіреді. Бұл деңгейдегі, негізінен еңбек ұжымдары мен төменгі қоғамдық бірлестіктерде, қоғамдағы саяси мəдениет, сенім, пікір жəне өмірлік позиция қалыптасады. Бұл деңгей бұған дейінгі макро жəне мезобилік деңгейлерінен құрылымы жəне атқаратын қызметі тұрғысынан ерекшеленеді[6, с. 43-44].

Тікелей БК(б)П құрылымындағы микродеңгейде бастауыш партия ұйымдары, партия ұялары, қоғамдық жəне басқа да əртүрлі ұйымдардың бастауыш бөлімшелеріндегі большевиктік фракциялар іс-қимылда болды. Микродеңгейде Орталық деңгейден алынған тапсырмалар жүзеге асырылады, мұның өзі Орталық декларацияалаған мақсат пен міндеттердің тағы бір өзгеріске ұшырауымен жалғасады. Мұндай өзгерістерге (деформацияға) ұшыраудың жаңа өрісінің пайда болуының себебін, оны жүзеге асырушылардың білімі мен теориялық деңгейінің төмендігінен жəне мұндай іс-шаралар жүргізу тəжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады.

Осылай, Тұрар Рысқұлов, Түркістан ОАК-ның Əулиеата жəне Черняев уездері істері жөніндегі комиссияның төрағасы болып тұрған кезінде, 1919 жылы жазылған мақаласында: «Кеңес Үкіметі аталған уездерде тек қалаларда ғана қызмет етуде. Деревняларда, кишлактарда жəне болыстарда осы уақытқа дейін, тіпті Уақытша Үкімет тұсында құрылған кулактар мен байлардың атқару комитеттері жұмыс істеп келді, ал кейбір жерлерде…. тек «болыстар» немесе «селолық старшиналар» жұмыс істеп жүр. «Кедейлер үкіметінің ұйымдары не істеп жүр — кедейлердің жəне партия ұйымдарының атқару комитеттері не бітіріп жүр. Түк те бітіріп жүрген жоқ деп айтуға болады» [7]. Т. Рысқұлов осы сапарында, 1919жылы 7 тамызда Əулиеата партия ұйымының жетекшілерімен бірлесіп өткізген мəжілісте, Əулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады.Олардың орнына 5 мүше кірген уездік уақытша Революциялық Комитет ұйымдастырылды. Мəжілісте сонымен қатар Т.Рысқұлов кедейлер комитеттерін (одағын) ұйымдастырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті[8, 87-б.]. Дəл осындай бағаны Түркістандағы жағдайға Г.Сафаров та берді. « Түркістандағы күштер аз, қызметкерлер бүкіл ел бойынша жəне кеңестік Ресейде жетіспейді. Бірақ оларды табу керек. Қайткен күнде де табу керек» [9].

Биліктің мезо-микро деңгейлері қалаларда өзіндік ыңғаймен бір-біріне кірігіп жатты, бұған салыстырмалы түрде ұйымдасу деңгейі жоғары уездік, қалалық комитет қызметі əсер еткен еді. Қалалық ұйымдардың мүшелерінің аз болуы кəсіподақтарда, кооперациялар мен басқа да ұйымдарда коммунистік фракция құру мəселесін күн тəртібіне қойды. Осылай, Əулиеата уезінде, Уқалком аталған ұйымдардағы партиялық ықпалды күшейтуге тырысты. Сонымен қатар коммунист — мұсылмандар арасындағы жұмыс, олардың аздығына қарамай жекеше жүргізілді, əйел мұсылмандар арасындағы жұмыс та жолға қойылды.

БК(б)П – қызметінде жергілікті халықты партия жəне кеңес құрылымдарының орталық деңгейіне тарту маңызды орын алды. Əулиеата уезінде «РК(б)П – ның Əулиеата уездік — қалалық мұсылман ұйымдарының бюросы» делінген қаланың өміріне белсенді араласып отырған мұсылман коммунистерінің ұйымы қызмет жасады. Осылай 1919 жылдың 20 қазанында Қошмамбетовтың
төрағалық етуімен «Қазан революциясы мерекесіне арналған манифестацияға екі жауапты шешен тағайындау мəселесі тыңдалды, … Жауапты шешендер ретінде жол. Абланов , жол. Сармолдаев
тағайындалсын». Осы мəжілісте Коллегияның халық шаруашылығы бөлімі бюросына өкіл ретінде
Ж.Ж.Фахрутдинов пен Бабаназаров делегат ретінде жіберілді[10]. Бюро түйткүл мəселелерді де, дəлірек айтсақ ЧК(ТК) төрағасы Краснокутскийдің Шақпақ болысының төрт үй қырғызының 208 қойы мен 4 түйесін айдап кеткендігі туралы фактіні қарастырды. Бюро мынаны атап өтті – ТК сонымен қатар Упрдот (уездік азық-түлік бөлімшесі) төрағасы ретінде кедей малшылардың соңғы жинап — тергенін тартып ала отырып мұның ешбір заңдылыққа қиыспайтындығын айтуымыз керек, себебі малшының артық малын алу үшін оның 200 қойы мен 4 жылқысы болуы керек… Біздіңше бұл жерде мал қорғаушысыз қырғыздардың қолынан тартып алынып отыр, себебі бюроға уездегі шаруалардың арасында мың қой жəне жүздеген ірі қара малдары бар адамдардың бар екендігі белгілі, əйтсе де ТК жəне Упрдот (уездік азық-түлік бөлімшесі) төрағасы ол бай шаруаларды білсе де (көрмегендей) білмегендей болған» [11]. Кеңестік органдарда жергілікті халықтың тең өкілдігі болуы туралы мəселеге де үлкен маңыз берілді.РК (б) П-ның төртінші Түркістандық өлкелік төтенше съезінің Қарарларында өлкелік жəне жергілікті Кеңестер съездерінің талаптары бойынша өкілдіктердің тепе-теңдік принципін қатаң сақтау жөнінде қадап айтылады, мұның өзі Кеңес Конституциясында көрсетілген ережелерді сақтай отырып жүзеге асу керектігі ескертіледі.

Сонымен қатар мұсылман еңбекшілері мен кедейлерді Кеңестік құрылысты өркендетуге тарту қажеттілігі атап айтылады. Қалаларда мұсылман пролетариаттары ұйымдарын құру жөніндегі іс — шаралар жүргізіліп, кишлактар мен ауылдардағы еңбекші халық пен диханшыларды таптық тəнтілігіне байланысты ұйымдарға біріктіру көзделінді. Анығында тепе-теңділік жағдайы бұрын да болған еді, онда Əулиеата Кеңестік құрамына «орыстардан» 10 адам, «Кеңес мүшесі болып түземдіктерден» — 14 адам кірген болатын. Əйтсе де Кеңестің атқару комитетінде оның 14 мүшесінің тек үшеуі ғана жергілікті халықтың өкілдері болды – большевиктерден Рысқұлов пен Қошмамбетов, солшыл эсерлерден Жұмағұлов [12].

РК(б) П- ТКП жалпы қоғамдағы, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі əйел-мұсылмандар мəселесін барынша белсенді түрде қолға алды. Бірінші партияда жоқ мұсылман əйелдерінің конференциясы 1921 жылдың 9 науырызында Əулие-Ата қаласында өтті. Қаланың ірі саяси белсенділері Абланов, Ахметжанов, Рахманберды жəне Палийлер делегаттарды конференцияның ашылуын құттықтады. «Москвадағы жалпы Ресейлік мұсылман əйелдері съезі» туралы мəселені қарап конференция съезге өзінің қызығушылығын танытты жəне Кеңес үкіметін қолдайтындығын білдіртті. Облыстық конференцияғ аделегаттар сайланып, олардыконференцияның президиумы төрайымы Серікбаева таныстырды. Конференцияға жиналған делегаттар мұсылман əйелдер ұйымын құру мəселесін уақыт оздырмайтын қажеттілік деп қарауды өз қаулыларында атап көрсетті[13]. Кейіннен облыстық партия мектебі жанында əйелдер секциясы жұмыс істеп, сонымен қатар «Шығыс арасындағы университеттің бөлімшесі жанынан əйел жұмысшылар үшін 3 айлықмектепашылып, онда 32 курсант есепте болды» [14]. Нəтижесінде, кейіннен Қызылордада 50 əйелдің кілем тоқитын артелі ашылды[15, 30-б.]. Əйтсе де 20 – жылдардың басында партиялық ықпал барынша əлсізеді. 1921 жылдың сəуірінде өткен ІY Əулиеата уездік — қалалық конференциясында «… Уездік партия ұйымының тым əлсіздігі, партия жұмысының уезде де, қалада да əлсіз екендігі, Уқалкомның жетекшілік ролінің жоққа тəн екендігі, онсыз коммунистік ұйымдар мен басқа да партия ұйымдары күнін көре алмай кететіндігі… Уқалкомға мынадай ұсыныстар: «… қала мен уезде коммунистік бастауыш ұйымдарын құруға барлық күш-жігерді жұмсауды, ал коммунистік фракциялардың кəсіподақтары жанынан жастарды, мұсылмандар мен орыстар одағын жəне əйелдерді қоса отырып енбіліктер ұйымдастыру қажеттілігіайтылды[16]. Дəл осындай жағдай Перовскжəне Черняев уездерінде де болды.Бұдан кейінгі кезеңдерде бастауыш партия ұйымдары мен партия ұяшықтары орта деңгейдегі аппараттың қырағы көзқарасымен жұмысі стеді, дегенмен мұндай бақылауорталық партия органдарының бағытынан айнымауға кепілдік бере алмайтын еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *