Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ЕҢБЕГІНДЕГІ

 

ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Бижанова М.А., Сүлейменова А.Х.
Алматы қ., Алматы технологиялық университеті
meru190284@mail.ru , Aizhankhamit2015@gmail.com

VIII-XI ғасырларда Орталық Азияда, оның ішінде бүгінгі Қазақстанның территориясында ислам дінінің таралуына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым дамыды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда исламның тамыр жаюынан ерте түркі сына жазуы ығысып, араб ҽліпбиі негізінде жаңа түркі жазуы қалыптасты. XI-XII ғасырларда ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялаған бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекетінің күшеюімен рухани мҽдениет те құлашын кеңге сермеді. Бүкіл Шығыста, дҽлірек айтқанда, Таяу Шығыс пен Алдыңғы Азияда, Үнді мен Иран жерінде жҽне Орталық Азияда VIII- XII ғасырларда ҽдебиет пен ғылымның мҽдениет пен ҿнердің, философиялық ой-пікірдің дамуына тікелей ҽсер еткен ақыл-ой тҿңкерісі болды. Ислам дінінің адамзатқа түсірілуі негізінде орын алған Мұсылман Ренессансы деп аталатын дҽуірде ҿмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани жҽне тағы басқа ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен таралып, замананың рухани дамуына ҿздерінің зор ықпалдарын тигізді.

Ж. Баласағұн 1015 (1016) жж. қазіргі Шу ҿзені бойындағы Баласағұн, кейде Құз орда деп аталатын қалада атақты түрік ҽкімінің отбасында дүниеге келді. Түрік білімімен қатар парсы-тҽжік жҽне соғды бастауларын қамтыған терең білім алды. Жетісу қашаннан кҿшпенді, ҽрі отырықшы, түрік жҽне соғды, сондай-ақ басқа да мҽдениеттердің тарихи біте қайнасқан орны болған ды. Сол себептен де ол кҿптеген ғалымдардың, саясатшылардың, ел билеушілері мен ҽскери басшылардың кҿпестер мен қолҿнершілердің дүниеге келген отаны болды [1:342].

Ж. Баласағұн ҿз еңбегін түркі династиясының аса гүлденген кезеңі — Қараханидтер дҽуірінде жазды. Ислам діні біріктіруші арна ретінде қалыптасып, ҽскери жҽне мҽдени экспансия қуатты қағанат құруға мүмкіндік берді. Кҿшпенділер мен егіншілердің шаруашылық байланысы нығайып, қалалар жедел ҿсті. Мұның себебі – Қараханид билігі кезеңі – олардың кең байтақ империясында елеулі экономикалық, ҽлеуметтік, мҽдени алға басушылық болды. Қолҿнер, ҽдебиет пен мҽдениет бұрын болып кҿрмеген дҽрежеде ҿркендеді.
XI ғасырдағы ҽдеби-философиялық шығармалардың ішіндегі ең кҿрнектісі, ҽлемдік ҽдебиеттің алтын қорынан орын алған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» («Қалай бақытты болу жайындағы ғылым») поэмасы. Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында 1015 жылы дүниеге келген Жүсіп сол кездегі мемлекет басшысы атақты Сатұқ Боғраханның сарайында хас-хаджиб – мемлекеттік кеңесші лауазымын атқарған. Бүкіл Шығыс елдеріне данышпан, ойшыл, философ, ақын, ғылым жҽне қоғам қайраткері ретінде белгілі болған, ол математика, философия, астрономия, тарих, тіл жҽне басқа да ғылым салаларында шығармалар жазған. Түркі тілінде 1069 жылы жазылған «Құтты білік» поэмасы ғұламаны бүкіл ҽлемге танымал етті. Энциклопедиялық еңбек болып саналатын бұл дастанда саясат, мемлекетті басқару ҽдістері, қоғамдық-саяси мҽні бар нұсқаулар мен ережелермен қатар, билеушілердің ҽдеп ережелері, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қатынастар мҽселелері, сондай-ақ, ҽділеттілік, ізгілік, парасаттылық, қанағат, ақыл, сана, білім мен ғылым сынды категориялар жан-жақты қарастырылады.

Бұл шығармада Фарабидің кемел адам тұжырымын Баласағұнның кісілік қағидасы алмастырып тұрғандай. Кісілік ұғымы мағынасы жағынан ортағасырлық мұсылман философиясындағы араб тіліндегі адамның жаратылысына, табиғатына тҽн қасиеттерді білдіретін «инсанийа» терминіне жақын. Сондай-ақ адам болмысын аңғартатын «humanitas» сҿзімен де ортақ тұстары бар. Дегенмен түбірін түркілік дҽстүрден алатын кісілік ұғымы кең де ауқымды түсінік. Кісілік адамның адами табиғатының шырқау биігі. Баласағұнның «Құтты білігі» — кісілік ұғымының бар қырлары мен сырларын ашуға арналған еңбек. «Құтты біліктің» басты желісі ортасырлық мұсылман философиясына да, дҽстүрлі түркі дүниетанымына да тҽн ақыл мен білім, парасат пен ҽділет, еркіндік пен бақыт түсініктері.

Егер «Құтты білікті» этикалық тұрғыдан қарастырсақ оның пҽндік сұхбаттан айырмашылығы – мұнда қызмет етуші адамның қиналысы мен адамгершілігінен жҽне парасаттылығынан бастау алатын ар-ождан басты нҽрсе болып табылады. Этиканың онтологиядан жҽне метафизикадан айыр-машылығының ҿзі адамның қайғы-қасіретке тап болған жан дүниесіне бойлауында жатыр. Баласағұн сондықтан да кҿбінесе кедейліктік, қайғы-қасіреттік тауқыметін тартқан адамдардың жан айғайын тақырыпқа арқау еткен. Сондықтан да гносеология мен ғылымдағы орталық ұғым ретіндегі ақиқаттың орнын этикада қасірет иеленген.

«Құтты біліктің» басты тҿрт кейіпкері – Елбасы Күнтолды (Ҽділет), Уҽзір Айтолды (Бақыт), Уҽзірдің баласы Ҿгдүлміш (Ақыл) жҽне Уҽзірдің інісі Оғдұрмыш (Игілік) ұлықтық пен кішілік ізеттерін ұстай отырып, диалектикалық талас-тартысқа бармаса да Сократтың диалогиялық ҽдісімен Платон, Аристотель, Фараби кҿтерген ҽлеуметтік-философиялық мҽселелерге жаңаша түркілік түсініктерге сай жауап іздейді. Кейіпкерлердің ҽрқайсысына тҽн қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тҽуелсіз ҿмір сүргенде адамды бақытқа жетелей алмайды деген қорытынды жасайды. Тҿртеуі бірлік пен ынтымақта болғанда ғана адамдар бақытты ҿмір сүре алады.
Билеушінің бақыты халықпен бірге, халықтың бақыты билеушінің басты мұраты болуы тиіс. Бақыт жекелеген адамдарға ғана тҽн ұғым емес. Ол кҿпшілік сипатқа ие болатын мҽдени-ҽлеуметтік, этикалық-эстетикалық құбылыс.

Билеушілер мен ҽкімдер халық мүддесімен санасып билік еткенде ғана елге ұнамды болады. «Патша жоғарылаған сайын жүгі де ауырлайды», «Мал, дүние молайса, бек те болар, хан да болар, бар байлықтан айрылса, жалғыз қалып сандалар», «Жақсы тҽртіп орнат – сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды» [2:114]. Билік — мансап үшін берілген сыбаға емес. Билік жоғарылаған сайын жауапкершілік те күшейеді. Ең ауыр жүк – халық алдындағы жауапкершілікте. Билеушінің сыйлы болуы оның орнықтырған тҽртібіне байланысты болмақ. Қандай да бір қоғам немесе басқару түрі болмасын елдегі тыныштық пен бейбіт ҿмір жоғары билеуші орнатқан тҽртіпке келіп тіреледі.

Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден ғана тұрмайды. Жүгенсіз кеткендер мен бұзақыларға күш қолданбаса, мемлекеттік тыныштығы мен бақыты, тұтастығы мен қауіпсіздігі сақталмайды. Билеуші ҽділдіктен, заңнан аттамаса ғана қоғамда сый-құрметке ие бола алады. Саясат, Баласағұнның айтуынша, мемлекетті басқарудың сан қилы ҽдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, ҽлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу. «Саясатпен жұртын, заңын түзетер, саясатпен елін-жерін күзетер. Бұл саясат бек қақапасын зерлейді, саясатпен бектер елін жҿндейді. Ел былығы саясатпен арылар, алаяқтар есебінен жаңылар» [2:125]. Икемді де, ойлы саясат мемлекеттің гүлденуі мен халықтың мүддесіне қызмет ете алады.

Мемлекетті басқару ҽдістері мен билеушінің қасиеттері туралы ақыл-кеңестерді Қайта ҿрлеу дҽуіріндегі итальяндық ойшыл Николло Макиавеллиден бес жүз жыл бұрын айтқан Ж. Баласағұн «саясат — ҿнер ғана емес, ол – білім мен даналық», — деген қорытынды жасайды. Бірақ оның ел билеу ҽдісі туралы кҿзқарасының Макиавеллиден басты айырмашылығы сол Ж. Баласағұн билеушінің қатыгездігі мен алдап-арбауын сҿз етпейді. Жалпы бұл жерде исламдық құндылықтардың үлкен ықпалы бары да сҿзсіз. Ж. Баласағұн ел билеуде зорлық тҽсілге қарағанда (мұның тағы бір мысалын қытайлық заңгерлер мектебінің теориясы мен практикасынан кҿруге болады), халық жүрегіне жол таба білуді ұсынады. «Қалың елдің қарапайым жүрегі, соны білсең сияпатың жүреді». Баласағұн халықпен үнемі араласу, оның кҿңіл-күйін назардан қалдырмау, билеуші беделін кҿтереді деп есептейді. Н. Макиавелли де саяси билікті жүзеге асырудың міндетті ережелерінің бірі қол астындағылардың сеніміне ие болу деп есептеген болатын. Бірақ ол сүйіспеншілік пен қорқытушылықтың біреуін ғана таңдау қажет болғанда, соңғысына басымдылық береді, ал Баласағұн халық жүрегіне жол табуды алдыңғы орынға қояды.

Қазіргі билік басындағылардың да Баласағұн мұраларынан үйренері кҿп-ақ. «Жай халықсыз болмайды іс те, жайлап сҿйлес, жҿнсіз билеп-тҿстеме». «Ел басшысы қадірлі болса, қалғандары да сыйлы болады». Бірақ бұл ережелер заңды бұзғандар мен мемлекетке опасыздық жасағандарға аяушылық жасау дегенді білдірмесе керек. Мемлекет үшін қажетті жағдай туғанда қанжар күшін де қолдануға тура келеді екен: «Қылыш елді тез бағындырады», «Қылыш ел шауып, халық құрайды, қалам қазына тауып, ел сұрайды», «Кісенді кісі қаша алмас – айдаған жаққа жүреді». Мемлекеттің күші зорлықта болмағанымен, ол мақсатты түрде, мемлекеттің игілігі үшін қолданылса ғана ақтауға жатады. Мемлекет басшысы халықтың бақылауында болуы керек. «Ел патшаны сақтап, құлқын түзетсін, патша елдің жанын, тҽнін күзетсін» [2:164].

Жүсіп Баласағұн бақытқа жету үшін ҽкімдердің ел билеу ҽдісіне кҿбірек кҿңіл бҿледі. Поэмадағы «Билеушінің міндеттері» деп аталатын тақырыпта билеушіге арналған нұсқаулар мен ережелер берілген. «Ел билеуге керек мың түмен, сонда ғана ашылады түн-тұман», «Ҽлем билеу үшін зерде тірек қой, ел билеуге керек – ақыл, жүрек, ой», «Бағынған елді баға біл, баққан елді бұйырма арзан үкімге», «Кҿп ойнаған ҽкім елін жеп бітіреді», «Ақымақ ҽкімнің айналасында жарамсақтар отырады, ақылды ҽкімнің айналасында ақылды адамдар отырады». «Ҽділ бектің заңы да жоғары», «Бек тҽтті ҿмірді сүйсе, елдің күні қараңғы», «Істі білгенге тапсыр» [2:256] деген ұлағатты сҿздер айтқан Баласағұн барлық басшыларға халыққа қызмет етуді міндет ретінде ұсынады.

Елді билеу үшін ҽскермен бірге зерде мен парасаттылық, ақыл мен білім жҽне біліктілік қажет. Ол ҿзіңді баққан елдің ҽділетсіз сот үкіміне ұшырамауын, бағынышты халықты басқаруға да ҿнер қажет екендігін ұғындырады. Ҽкім қандай болса, оның айналасындағылар да сондай. Басшының кҿңілінен шығуға, оған жақсы кҿрінуге тырысатындар халықтың мүддесін емес, ҿзінің қарақан басын күйттейтіндер. Мемлекеттің ісі дұрыс жүруі үшін басшылық қызметке іскер адамдарды тартудың тиімділігін ескерген Баласағұн «Ей, бек істі тапсыр кҿзі қаныққа, жолмен ҽділ жүрерін де анықта» деген талап та қояды.

Мемлекетті заң арқылы басқару ғана адамдардың теңдігін орнатып, ізгі қарым-қатынастар жасауға жағдай жасайды. Баласағұн шығармасындағы Күнтолды (патша) да заңды құрмет тұтады. Ол туралы щығарма авторы «заң түзелді, дүние тыншып жайланды, ҽділ заңмен аты аңызға айналды» деп жазады жҽне ҽділдіктің ҿлшемі, басшылықтың сүйеніші, мемлекеттің арқауы – ҽділ заң деп тұжырым жасайды.

Билеуші мен қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың реттелуі екі жаққа да байланысты болмақ. Бұл мҽселеге айрықша кҿңіл бҿлген Баласағұн халықты қоғамдық ҿзгерістерге ықпал ете алатын күш деп білді. «Қара халықтың қарны тойса, тілінен ерік кетеді», «Халық тарықса, үкімет жұтайды», «Кҿш басы қайда барса, соңы да сонда барады», «Халық бүлінсе, саясат оны түзейді», «Ҽкімнің ақысы болса, қараның қақысы бар», «Уҽзір жауыз болса, ел мен халық бұзылар». Халықтың ашуы ханды да тақтан ұшырады.

Халықтың құқы мемлекет заңымен жҽне тҽртібімен қорғалса ғана ҽділетсіздік болмайды. Үкіметтің міндеті халықты қайыршылық күйге жеткізбеу. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін жеке адамның да, ҽлеуметтік топтың да мүдделері мен мінез-құлқын ҽрдайым зерттеп, қадағалап отыру қажет. Бұқара халықпен үнемі араласу, олардың тұрмыс жағдайын, мұң-мұқтажы мен ҿтініштерін ескеру билеушілердің назарынан тыс қалмауы тиіс. Ҽр топтың мүддесі де, қарекеті де ҽртүрлі, сондықтан да олардың ҽрқайсысымен сҿз табысып, ортақ келісімге келу билеуші қасиеттерінің бірі.

Жүсіп Баласағұн аталмыш шығармасында:
«Диқанның наны – адал,

Сен диқанмен қатынасып, аралас,

Сонда болар тҽтті тағам, адал ас», — десе, қолҿнершілер мен саудагерлердің кҽсібінің қиыншылығы мен ерекшелігін айта келіп, олармен де қалай тіл табысуы керектігі жҿнінде ақыл-кеңестер береді:

«Қолҿнершілер қолдарында түрлі ҿнер,
Қол ҿнерін пайдаланып күн кҿрер.

Бұлар да бір ең қажетті кісілер,
Жақын жүргін, кҿп-кҿп пайда түсірер.
Керуеншілерде күллі ҽлемнің аңсары,
Кіл асыл зат қызықтырған баршаны.
Кезбесе олар жиhанды, ұлы-кішікті.
Киер ме едің қара сусар ішікті.

Жақсы атыңды шықсын десе, сайлы бол Мүсҽпір мен керуенге жайлы бол» [2:312].

Диқандар адал еңбегімен, маңдай терімен мемлекеттің қазынасын молайтады, басқаларды да асырайды, қолҿнершілер сұлулықты жасайды, ал саудагерлер керек-жарағыңның бҽрін тауып береді. Жақсы адам деген атыңды шығарғың келсе, жол үстіндегі керуеншілер мен мүсҽпір-қонақтарды күтіп, қонақжайлылық таныт дейді. Жоғарыда аты аталған кҽсіп иелерінің адал еңбегі қандай құрметке болса да лайық.

«Баққан елді бұйырма арзан үкімге, Ас-суын бер, киімін де бүтінде. Салмағың сал есепке, алып күшін де, Құдай сенен сұрар солар үшін де, Бейнет беріп қинама сен оларды, Содан құдай саған дұшпан боларды, Сен басынба, бҽрі құлы Алланың, Ҿйтсең ҿзің тозақ тілеп алғаның» [2: 314].

Патша, уҽзір, ҽскер басшы, қазы, хатшы, қазынашы, ғалым, қолҿнерші, малшы, жұлдызшы, дҽрігер жҽне тағы басқалардың жағымды жҽне жағымсыз қасиеттеріне сипаттама берген Жүсіп Баласағұн мемлекетте тұрақтылық пен үйлесімділік, молшылық пен бақыт, ҽділдік пен заңдылық үстемдік құруы үшін олардың ҽрқайсысының не істеу керектігін жҽне неден тартынуы жҿнінде кеңестер береді. Тҽлім-тҽрбиелік маңызы бар бұл шығарма сол дҽуір үшін идеологиялық құжат қызметін де атқарды. Оның мақалға айналған кҿптеген қағидалары мен сҿздері бүгінгі күнге дейін мҽнін жойған жоқ.
Әдебиеттер:

1.Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 5-том. «Орта ғасырдағы түркі ойшылдары». Астана: «Аударма», 2006.-528б.

2.Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / Кҿне түрік тілінен аударған, алғы сҿзін жазған А.Егеубай. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *