Орта мектепте химияны оқытуда оқуды ұйымдастыру формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Сабақ туралы түсінік. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жэне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі — сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.

Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы — ұйымдастыру формалары — сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді.

Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен эдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.

Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жэне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жэне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сэйкес анықталады, оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; э) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту жэне жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру жэне бағалау.

Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.

Химия сабактарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.

Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:

  1. жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
  2. теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;
  3. білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;
  4. бақылау-есепке алу;
  5. аралас сабақтар.

Өзге эдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.

1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабактары. Негізгі дидактикалық буыны — оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.

2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары.

Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.

3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтарьи Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.

Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жүмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дэріс сабағының нұсқаларын — хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына — жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба — нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.

Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.

Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;

2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз эдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.

Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дэріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұгалімнің дэрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.

Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау жэне есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру жэне өткізу.

Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі жэне біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны жэне әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.

Сабақтың жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.

Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пэнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.

Мазмұндық. құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын эдістердің өз-ара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны жэне эдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.

Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім жэне қорытынды бөлім.Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді отуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі болімінде жаңа материал отіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нотижесі шығарылады.

Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі жэне құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:

1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және лдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;

  • Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
  • Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
  • Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
  • Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
  • Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
  • Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін эдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;

9.Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;

10.Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;

11.Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Сабақты талдау. Сабақ беру әдістемесін игерумен бірге оны жан жақты талдай білудің маңызы да зор. Сабақты білгір талдау үшін химия курсының мазмұнын, құрылымын жэне сабақтар жүйесіне жіктелуін жетік білу қажет.

Сабаққа кірердің алдында мұғалімнің тақырыптық жоспарымен танысып, сабақтың типі, құрылымы және басқа сипатамаларын жазып алған жөн.

Сабаққа кірген соң бақылағандарынын ретімен жүйелі түрде: 1) сыныбын; 2) мұғалімнің аты-жөнін, уақытын, сағатын; 3) сабақтың мақсатын; 4) сабақтың талдауын жазу керек. Сабақты талдағанда дэптердің бетін екіге бөліп, сол жағына көрген-білгенін, ескертпелерін жазған қолайлы.Талдау кезінде қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың қандай дэрежеде орындалғанына көңіл аударылады. Сабақты оқыту барысының негізгі бөліктері бойынша, әсіресе мұғалімнің істегені мен оқушылардың таным әрекетінің қалай жүзеге асқаны тұрғысынан қарастырады.

  1. Сабақтың білім беру міндеті қалай жүзеге асты? Сабақ құрылымының ең басты дидактикалық мақсатына сай келетінін немесе келмейтінін, жеке бөліктерінің өзара үлесімділігін және оларды жүзеге асыру әдістерінің тиімділігін, сабақ құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын, пәнарылық байланыстардың жүзеге асуын талдау;
  2. Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды? Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда, ақыл-ой еңбек, экологиялық, экономикалық, патриоттық және интернационалдық, адамгершілік тэрбие берудегі жүзеге асырылған шараларды талдау;
  3. Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? Оқушылардың тыңдау, бақылау, қабылдау, есте сақтау жэне ойлау нәтижелерін қалыптастыру жэне дамыту, сабақ мүмкіндіктері қалай пайдаланылғанын талдау;
  4. Оқушылардың таным эрекеті қалай жүзеге асты? Мұғалімнің келтірілген үш саладағы ісі оқушыларда із қалдырды ма? Оқушылардың өздігінен істеген жұмыстарын, сабаққа ынтасын, белсенділігін, жаппай, топтық жэне жеке тапсырмаларды қалай орындағандарын талдау;
  5. Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің дәрежесі қандай болды? Мұғалім мен оқушылардың химия ғылымының тілін — терминологиясын, номенклатурасын жэне символикасын қалай меңгергенін, химиялық сауаттылығын талдау;
  6. Сабақтың мақсаты мен нэтижесі үйлесе ме? Сабақтың тақырыптық жоспарына сәйкестігін немесе одан алшақтығын, нәтижесінің қалай анықталғанын, оқушыларға қойылған бағалардың ақиқаттығын, сынып журналы мен басқа да құжаттардың қалай пайдаланылғанын талдау.

Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі — жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама жэне оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету жэне зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.

Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық жэне пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.

Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұгалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде «Азот топшасы» бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.

Тақырыпты оқып үйренудің негізгі міндеттері: азот пен фосфор түзетін жэне жай заттардың жэне қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыру ақылы периодтық заң және химиялық элементердің периодық жүйесі туралы білімді тереңдету жэне нақтылау. Оқушыларды дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін теориялық білімді қолдана білуге үйрету электролиттік диссоциациялану жэне тотығу-тотықсыздану эректтері тұрғысынан заттар қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін түсіндіріп, жасалған қорытындыларды тәжірибе арқылы дәлелдеу; химиядан жэне математикадан алған білімді сан есептерін (теориялығымен салыстырғандағы өнім шығымының масалық жэне көлемдік үлесін табу) шығаруға пайдалану, химия гылымьшың өндіріспен байланысын көрсету, химия өндірісіндегі негізгі мамандықтармен таныстыру, азық-түлік молшылығын жасауда, табигат қорғау ісінде химияның рөлін көрсету.

  1. Сабақтың тақырыбы: азот топшасы элементтерін сипатау. Азоттың химиялық қасиеттері.
  2. Сабақтың мақсаты: тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
  3. көрнекі құралдары. Элемент атомдары модельдерін көрнекі көрсету, аммиак синтезінің тэжірибесі.
  4. Жоспарланған сабақ нәтижесі; азот, жай зат қасиеттерін білу. Периодтық жүйе жэне атом құрылысы жөнінде білетіндерін, химиялық элементтерді жэне жай заттарды сипаттауға қолдана білу, азоттың химиялық қаситтерін тотығу-тотықсыздану әрекеттерінің, химиялық реакциялар жүру заңдылықтарының тұрғысынан сипаттап түсіндіре білу.

Сабақтың жаңа материалын түсіндіруде енгізілетін жаңа ұғымдар болмауынан жоспардың 2-бабын пайдаланылып, басқа баптары текстегі ретімен берілді, пайдалануға қолайлы жэне көрнекі болу үшін тақырыптық жоспарды кесте түрінде жазған тиімді. Тақырыптық жоспар сабақтардың жүйесін және оны іске асыратын ауқымды мэселелерін ғана қамтиды. Әр сабақтың нақтылы мазмұны күнделікті жоспарда шешіледі. Күнделікті жоспар қысқа, кеңейтілген жэне қысқаша жазба түрінде жазылады.

7-кесте. Тақырыптық жоспардың үлгісі

Сабақ ретіСабақтың тақырыбыНегізгі ұғымдарХимиялық экспериментЖоспарланған оқыту нәтижесіОқулық бойынша тапсырма
 12345

Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, кұралдары мен эдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:

1)сабақтың тақырыбы;

2)Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;

3)Пайдаланылған эдебиеттер;

4)Кұрал-жабдықтары;

5)Кұрылымы:

а) кіріспе бөлімде тексерілетін ұй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен эдістері;

ә) негізгі бөлімде түсіндірілетін материалдың жоспары, ұғымдар, заттардың формулалары және құбылыстардың реакция теңдеулері, тэжірибелер мен көрнекі құралдардың орны жэне пайдалану эдістері;

6)         қорытынды бөлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау,
эдістері, жаңа білімді бекіту жэне қолдана білу үшін қойылатын
сұрақтар, орындалатын жаттығулар жэне есептер, өздігінен істейін
жұмыстар.

Химиядан оқу жүмысын үйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен, өндірісін және қоғамдық қүрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тэрбиесі және кәсіптік багдар беруге жәрдемдеседі.

Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.

XIII сынып. Отегі алатын қондырғы. Тұз қышқылының өндірісі. Су тазалайтын станциялар. Дәріхана, өнеркәсіп жэне ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлке тану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электрстанциялары.

  1. сынып. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретін заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк өндіретін завод. Суыту мекемелері.
  2. сынып. Мүнай және табиғи газ өндейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық жэне гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.

XI сынып. Пластмаса. Синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермасы.

Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу жэне қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастырылу жэне танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мүғалім топсеруен объектісімен жан-жақты танысып, оқу-тэрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғылырды дәл анықтап, олармен таныстырудың әдістемесін анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.

Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен — химия, физика, география, биология, тарих, т.б. ұйымдастырылады. Мұнда бір объект (нысан) әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады жэне уақыт үнемделеді.

Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін үйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады . Мысалы өндіретін цехқа топсеруен жасау үшін, алдымен, арнайы сабақта оттегін зерханаларда және онеркәсіпте оттегін алу тэсілдері талқыланады. Оттегінің коп мөлшерде ауадан алынатыны, ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықты пайдалану қажеттігі айтылады.

Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен откізіледі:

  1. оттегі алатын шикізат (ауа) жэне дайындау (тазарту);
  2. оттегін алудың өндірістік барысы;
  3. оттегінің қолданылуы;
  4. өндірістік бақылау (цехтың химия-зертханалық жұмысымен танысу).

Оттегін ондіретін цех машина залынан, газгольдер және газ млтыратын бөлмеден, слесарлық шеберханадан тұрады. Бұлардың кұрылысы және жұмыс істеу негіздерімен таныстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін, жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын ала кездесіп, түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алуы қажет, бүл — аса маңызды шарттардың бірі. Әдетте маманы техниканың ұсақ-түйек мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да, оқушылар жалығып, топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сонымен топсеруеннің объектісін мүғалімнің өзі (жақсы білетін жагдай) түсіндіргені жөн.

Топсеруеннің алғашқы нэтижесі келесі сабақта шығарылады. Мұғалім топсеруен объектісі (нысаны) бойынша оқушылардың көрген — білгенін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады. Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырадыдосымша мағлүматтар береді. Бұдан соң мүғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ, конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге даярлық жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жазба рефераттар, баяндамалар, өндіріс сызбанұсқасын, макеттер, модельдер, жинақтамалар жэне басқа безендіру материалын әзірлейді, қабырға газетін шығарып, көрме ұйымдастырады. Заводтағы негізгі мамандықтар жөнінде мэліметтер жинайды, конференцияға айтулы мамандарды шақырады. Топсеруеннің материалдарын сабақта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде пайдаланады.

Химияның факультативтік сабақтары. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей, біріңғай бағдарламалармен оқытылган кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген күштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалап жүреді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Бүлардың кәдімгі сабақтан айырмасы -тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері тыңдайды.

Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші — орта мектепте етілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: «жалпы химияның негіздері», «Органикалық заттардың қүрылысы мен қасиеттері». Екінші — химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптегі химия», «ауыл шаруашылығындағы химия», «Химиялық анализдің негіздері».

Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты, бағдарламасын, оқу қүралдарын Білім министрлігі бекітеді. Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мүғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркэсіп жэне ауыл шарушылығы мамандары жүргізеді.

Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды. Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша таңдап алғанымен, үзбей қатысуға жэне үлгеруге міндетті. Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.

«Атом — молекулалық ілімнің тарихы. Химияның негізгі үтымдары мен заңдары» тақырыбының мақсаты — ғылыми атоммистиканың шығу мен дамуы жөніндегі оқушылардың білімін кеңейту. Осы мақсатты орындау үшін ежелгі атомистика, М.В. Ломоносов жэне Дж. Дальтон атомистикасы туралы кең түсінік беріледі. «Атом» жэне «Химиялық элемент» үғымдарының байланысы ашылады. «Элемент» үғымы дамуының кезеңдері сараланады. Тақырып периодтық заңның химия ғылымын, ғылымның дамудағы мэнін баяндаумен аяқталады. Келесі, яғни «Атомдармен молекулалардың құрылысы» тақырыбында «химиялық элемент» үгымы дамытылып, бұрынғыдан гөрі дәлірек анықтама беріледі, элементтердің бір-біріне айналуы жөнінде түсінік қалыптастырылады.

Атомның қүрылысы негізгі курстағыдан гөрі толығырақ айтылып, s — жэне р — деңгейшелерінен басқа f жэне д. деңгейшелердің электрондармен толу ерекшеліктері түсіндіріледі. Электрондардың орналасу ретін көрсететін формулалар жазылады. Химиялық байланыстардың түрлері, түзілу механизмдері тереңірек сипатталады Жиынтық қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты қарастырылады.

Үшінші —»Химиялық кинетика және тепе-теңдік» тақырыбы химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын баяндауға арналған. Жаңадан әрекеттесуші массалар заңы жэне Ле-Шателье принципі өтіледі. Осылардың тұрғысынан химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерін тигізетін жағдайлар және химиялық тепе-теңдіктің «үғысу» жағдайлары қарастырылады. Катализ туралы үғым кеңінен талданады. Активті малекулалар жэне активтендіру энергиясы туралы жаңа ұғым беріледі.

Төртінші — тақырып дисперстік жүйелерге арналған. Мұнда коллоидты ерітінділердің құрамы, оның бөлшектерінің құрылысы, қасиеттері жэне түрлері (лиофильді, лиофобты), ғылыми сарамандық маңызы коллоидты жүйелердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелер толық қарастырылады. Кәдімгі ерітінділердің қасиеттері Рауль заңы, эбуллиоскопия; криоскопия жэне осмос бойынша түсіндіріледі. Электролит ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіру үшін С.Аррениус теоремасымен бірге қазіргі заманның теориялары пайдаланылады.

Бесінші — «Химиялық энергетика» тақырыбында оқушылардың термохимия негіздерінен алған білімдері кеңейтіледі. Реакцияның жылу эфектісі, заттардың түзілу жылуы, химиялық реакция кезінде бөлінетін жылу үғымдары пайдаланылып, есептеулер жасалады. Алтыншы — «Бейметалдар химиясы» тақырыбында бейметалдар түзетін жайзаттардың, сутекті жэне оттекті қосылыстардың қүрылысы мен қасиеттері сипатталады, заттардың қүрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тэуелділік ашылады.

Жетінші — «Металдар химиясы» тақырыбында металл атомдарының қүрылысы, кристалл торлары, қасиеттері, қүймалар, қазіргі техникадағы металдардың алатын орны, электрохимияның негіздері баяндалады.

Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады. Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп, белгілі сағаттар бөлінген. Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді. Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді. Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сэйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.

Р№Факультативтер тақырыбыСыныбыСағат саны
1Жоғары деңгейдегі факультативтер 8-сынып материалының негізіндегі курстар868
29-сынып материалының негізіндегі курстар968
310-11 сынып материалының негізіндегі курстар10-11102
4Қолданбалы химия факультативі Ауыл шаруашылығы химиясы868
2Химия негіздерінің талдауы868
3Өндірістегі химия8102
III 1Арнаулы курс факультатив Металдар химиясы және металлургия1134
2Жоғары молекулалық химиялык полимерлер1168
3Биохимиялық мәселелер1168
4Бейорганикалық химия элементтері, т.б.1068

.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *