АЛТЫНБАЕВ Қалихан Қалиасқарұлы 

АЛТЫНБАЕВ Қалихан Қалиасқарұлы (16.11.1927 ж.т., Семей обл. Жарма ауд. Малай а.) — айтыс ақыныРеспубликалық айтысқа алғаш рет 1959 ж. қатысыпекінші жүлдені жеңіп алған (бірінші жүлде ешкімге берілмеген). 1961 ж. Алматыда өткен халық ақындарының респжиынына қатысты. Ә. Сарыбаевпен, К. Шәкеевпен, С. Мұқановпен, С. Тоқтарбаевамен айтыстарда айқын басымдылық танытты. 1984 ж. Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған респақындар айтысында үшінші орынға ие болды. 1984 ж. Семей және Жамбыл облыстары ақындары арасында өткен респтеледидар айтысында қарсыластарын таныстырутақырып ашуөтірік өлең сайыстарында айқын басымдылықпен жеңді. 1990 ж. респАйтыста да жеңіске жеттіАқын шығармалары орысөзбекқырғыз тілдеріне аударылған. “Дала-бесік” (1973), “Қиял қанатында” (1985), “Қалбатау” (1997) жыр жинақтары жарық көрген. “Қойбағар”, “Тепек”, “Мамай батыр”, “Барақ шыққан бауырында”, “Ақырғы айқас”, т.бтарихи дастандары бар. Оның ұлттық мәдениет тарихы, Абай мен Мұхтарбелгілі ақындар мен жыраулар туралықазақтың атбегілікбалуандық спорт өнері туралы ғыл,- көпшілікэтногрмақалалары мен әңгімелеріру-тайпалар туралы шежірелері жарық көрді. А-тың ел аузынан жинаған ауыз әдебиеті нұсқалары ҚР ҒМ — ҒА М.О. Әуезов атындӘдебиет жөне өнер ин-тының қолжазбалар қорында сақтаулы. А-тың ақындық өнеріне С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, М. Қаратаев жоғары баға берген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *