АЛТЫНАСАР — көне қала орны. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қуандария өз-нің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз. Алғаш 1948 ж. Хорезм археол. экспедициясы (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген. Қала жұртының аумағы 17 га. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі “Үлкен үй” аталады, аумағы 150×150 м, биікт. 12 — 15 м. Мұнда, негізінен, тұрғын үйлер болған. Екінші төбе “Кіші үй”. Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төменгі қабаты 1 — 8 ғ-да салынғанын анықтады. Жоғары қабаты 6 — 8 ғ- ға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды. Қала халқы мал, егін ш-мен айналысқан. Сырдың төменгі ағысындағы Жетіасар мәдениетінің басқа қоныстары секілді, А-дың да ежелгі тұрғындары жау шапқыншылығынан қаланы тастап кеткен.