Ландшафттану курсына кіріспе

                Ландшафттану – географиялық қабықтың құрамына кіретін табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелер жайлы ғылым. Ландшафтанудың жер туралы ғылымдардың арасындағы орны. Ландшафттану, геоэкология және созоэкология, В.В. Докучаевтің және Л.С. Бергтің ландшафттану ғылымының басталуына сіңірген еңбегі.

         Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандайда болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген  компоненттерді қарастыратын география салалары дамыған болса онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыс тану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ, бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды. Жекелеген жағдайда ландшафтанудың дамуына биологиядағы эволюциялық ілім-дарвинизм және биогеография мен топырақ тану ғылымдарындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынысын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.

         Қандайда болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде социалды-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым социалды ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен социалды экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мӘселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағығылымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы екі жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафтану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық практикамен тығыз байланысты. Ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл және орман шаруашылығындағы көптеген пролблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойындады.

         Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында Әртүрлі территорияларды бөлуді талап етті. Ғылыми ландшафтық идеялардың пайда болғанына дейін Әртүрлі мамандарда: аңшыларда,орманшыларда жергілікті жердің  табиғи комплекстері туралы өз тӘжірибесінен алағн түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың Әртүрлі ландшафтық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтаныда далаларда, шөлді, сортаң жерлердң ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді жӘне осы халық термині ландшафтанудың ғылыми сөздігіне енді.

         Екіншіден ландшафтанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тӘртібіне ие болды.

Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Ұлы географиялық жетістіктердің нәтижесінде жердің шар тәрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бәрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды.

         Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернград Варения – 1622-50) «Жалпы географияң деген еңбегінде география-жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. Ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.

Ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар еуропалық мемлекеттерде капитализмнің өркендеуі география ғылымының дамуына жол ашты. Осы кезден бастап ғылыми түрде географиялық ізденістер басталды. Ғасырдың басында география ғылымынан геология ғылымы бөліне бастады. Және де осы уақытта географиядан климотология, океанография-фитозоогеогрфия ғылымдары құрыла бастады. Кәдімгі география ғылымынан экономикалық география бөлініп шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *