ЗЕРЕК ТАБИҒАТТЫ – ЗЕРЕНДІМ

 

Тҿлегенов И.М., Жаркинбеков Т.Н.
Кҿкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау Мемлекеттік университеті

Islamkhan.tulegenov@mail.ru

Табиғатың таң етпеген аз ба адам,

Кҿк желекке оранған ҽр-бір қадам.

Жазда, қыста мейлі болсын кҿктемде де, Мен ҿзіңді сағынып жиі барам.

Кҿкшетау қаласынан 45км шақырым жерде орналасқан ерекше табиғатымен есте қалар Зеренді қазіргі таңда Қазақ даласындағы ең кҿрікті курорттық демалыс аймақтарының бірі. Зеренді кҿлі – Зеренді тауларының солтүстік – шығыс баурайлары бойында орналасқан. Су айнасының ауданы – 10,7 шаршы шақырымға дейін. Максималды тереңдігі – 8,8 метр, орташа тереңдігі – 1,8 метр. Кҿл ұзындығы – 21,3 шақырым.

1989 жылы «Кҿкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (келесіде МҰТП) ҿз жұмысын бастап, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мҽдени жҽне рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық жҽне ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік жҽне рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау жҽне ғылыми мекеме мҽртебесі бар ерекше табиғи аумақ ретінде қорғауға алынды. Осыған орай құндылықтардың құнын жоғалтпас үшін, табиғатқа зардап келтірмейтін туристік ұсыныстар кҿп. Соның қатарында «Экологиялық туризм» ҿз орынын ойып алары сҿзсіз. «Кҿкшетау» МҰТП аумағында 17 туристік маршрут жұмыс жасайды, оның ішінде 14-і табиғатқа 100% зақым келтірмейтін экологиялық туризм болып есептеледі. Ал қалған 3 туристік маршрут автобустық сакяхатқа арналған. Сонымен қатар 2017 жылы Тҿлегенов И.М. ұсынысы бойынша Зеренді аумағындағы ең алғашқы экологиялық маңызы зор «атты туризмге» арналған маршрут қолға алынған болатын.

Экологиялық туризм – табиғатқа антропогендік ҿзгеріс енгізбей, экологиялық кері ҽсерлерді болдырмау жҽне сол мақсатта серуендеу, саяхаттау, денсаулықты қайта қалпына келтіру немесе нығайту, кҿңіл кҿтеру негізінде орындалады.

Егер экологиялық туризм бойынша ұсыныстарды ілтипатты зерттейтін болсақ, онда олардың барлығы, айрықша қорғалатын аумақтарға бару (қорықтар, ұлттық парктер) жҽне табиғат ескерткіштерімен ( үңгірлер, сарқырамалар, кҿркем ландшафттар жҽне т.б) , фауна мен флораның қайталанбас түрлерімен танысуын кҿздейді.

Экологиялық маршруттар. Экологиялық маршруттарды ұсынған кезде олар келесідей талаптарға сай болуы тиіс:

— экологиялық кҿліктерді қолдану – велосипед, моторсыз қайықтарды, парапландарды жҽне т.б қолдану;

— жергілікті экологиялық мҽселелерді шешу үшін туристерді ынталандыру (қоқысты жинау жҽне т.б) ;

— рұқсат етілетін аймақтарда саңырауқұлақ, жидек, емдік қасиеттері бар ҿсімдіктерді, табиғи сувенирлерді жинау;

— демалыс орындарының құрылысын жүзеге асыру — паналар, лашықтар, қоныс үйлер, кемпингтер жҽне т.б. Маңайдағы ландшафттың қалыпты экологиялық дамуын бұзбау үшін, тек экологиялық қауіпсіз материалдарды қолдану.

Осындай кҿркем табиғатты сый еткен Зерендідей кҿрікті жерге қасірет алып келетін дүниелерді жасау табиғатқа, отанға деген қиямет болары анық. Сондықтан да Зеренді аумағында экологиялық туризмді дамытудың маңызы ҿте зор. Кҿкше еліне сүйсінген Сҽкен Сейфуллин:

Сексен кҿл Кҿкшетаудың саясында, Ҽрқайсы алтын кесе аясында. Ауасы дертке дауа жұпар иісті
Кҿкірек қанша жұтса тоясың ба – деп жыр арнаған.

Зеренді талай саңылаққа шабыт берген мекен. Солардың қатарында сонау заманнан сал сері Ақан сері, Біржан сал, ақын-жазушы Сҽбит Мұқанов та бар. Абылай да осы ҿлкеде шалқая жатып, бай-манаптың малын баққаны да бҽрімізге мҽлім.

Талайлардың таңына айналған Зеренді, бағына айналған Зеренді, Абылайдың тағына айналған Зеренді.

Зеренді

Табиғатың таң етпеген аз ба адам,
Кҿк желекке оранған ҽр-бір қадам.
Жазда, қыста мейлі болсын кҿктемде де,
Мен ҿзіңді сағынып жиі барам.
Жиі барам кҿгілдір кҿліңе де,

Кҿлің – кҿкпен ұштасып кҿріне ме?!
Жағалауың жанға рақат сыйлайды кеп,
Жатқан кезде жағажай кҿлеңкеде.

Зеренді, шабыт берген ҿнерге де,
Сҽкендей алып тұлға ҿренге де.

Шабыт берді «Зеренді» бүгін тағы,
Зерен жайлы жыр-шумақ ҿлеңге де.

Қарағайы қасқайып қарап тұрар,
Шағаласы шаңқылдап сауық құрар.
Кҿңілімді табиғатпен ұштастырса,

Сұлу, кербез Зерендіге ғашық құмар.

Құдайым-зергер салған Зерендіні,
Сегізінші ғажайып қып кҿрем бұны.
Альпілік таулары болса дағы
Швейцарияның Зерендіге жетпес құны.

Әдебиеттер:

1. https://ru.wikipedia.org/wiki/Зеренда
2. http://kokshe-gnpp-old.akmol.kz/
3. «Кҿкшетау» МҰТП-ның статистикалық есебі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *