АЛТЫН — Қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Кіші жүздегі байұлы тайпасынан таратылады. Ежелден бергі қонысы Ырғыз, Торғай, Перовск уездері. А. туралы деректер әр түрлі. Шежіре бойынша, байұлынан — Алтын, одан Жапалақ, Көзала (Қазалы), Шұңғыр, Қасақұл (Қосқұл) туады. Көзаладан Орза, Мәметек, Шұңғырдан Апсай, Бұйра тараған. А. руынан атақты Сәлтеке, Байназар, Уәлі билер мен Сейітжан, Топжан ақындар шыққан. А. руының 5 мың шаңырақтан тұратын төрт атасы Торғай, Қарасқай өздерінің бойын, Сырдарияның сол жағалауын, Темірлік және Қуандария шатқалдарын мекендеген.