АЛТЫН

АЛТЫНэкономикада — тауарлардың жалпы жиынынан бөлініп шығып, жалпыға бірдей баламаға айналған асыл металл. Ол ұзақ тарихи кезең бойы басқа металдармен қатар, ал кейін жеке дара ақша және валюта жүйесін құрай отырып, ақша тауары рөлін атқарып келеді. А. б.з.б. 1500 ж. Қытай, Үндістан, Мысыр жөне Месопотамияда, ал б.з.б. 8 — 7 ғ-да Ежелгі Грекияда ақша қызметін атқарды. Толыққанды А. теңгелерін еркін жасау және оның ішкі ақша айналымында пайдаланылуы банкноттардың А. теңгелер мен оған балама қатты құймаларға кедергісіз айырбасталуы, А-ның елден-елге көшірілуіне шек қойылмауы оның құн өлшемі, айналым қаражаты, аса бағалы зат, төлем құралы, дүн. жүз. ақша, т.б. міндеттерін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қамсыздандыру қоры түрінде немесе рынокта оны сату арқылы шетелдік валюталарды алу үшін халықаралық валюта-қаржы ұйымдары мен мемлекеттерде А. теңгелер мен А. құйма түрінде орталықтандырылған алтын-валюта қоры болады. 

Ұлттық ақшаның тұрақсыздығы және құнсыздануы салдарынан бағаның артуы, валюталық айырбас мөлшерінің ауытқымалы болуы кәсіпкерлер мен азаматтарды (заңды және жеке тұлғаларды) А-нан қор жинауға итермелейді. Мұны экономикада А-ды тезавраттау (грек. Тһеsauros — қор) деп атайды. 

А. кез келген құнды металл сияқты тауар бола алады. Ол құнды металл биржаларында рынок бағасы бойынша сатылады. 

Жеке және заңды тұлғалар өздерінде басы артық бағалы металдар — алтын сертификаттарын ұстайды. А. сертификаттары банкідегі аманат А- ды білдіреді. Олар еркін айырбасталады. Шетел банкілері алтын орнына осындай А. сертификаттарын шығарады. Бұл А-ды айналымға түспей жатып қалудан сақтайды. А. иелеріне берілетін сақтық кітапшалары алтын сертификатының бір түрі болып саналады. Бұл олардың А-мен операция жасауларына мүмкіндік береді. А. сертификаттарымен операциялар жүргізу банкілер үшін пайда табудың көзі болып табылады. 

А-ның ақшалай тауар ретіндегі рөлі экономика саласында — жалпы алтын баламасы түріндегі ақша жүйесін құрайтын, ал құқықта — ақша айналымын ұйымдастырудың бір түрі саналатын алтын стандарты бойынша айқындалады. Мұндайда ақша айналымына А. теңгелер (алтын теңге стандарты) түседі немесе белгілі бір жағдайларда алтын жамбылары (алтын құйма стандарты) банк билеттеріне еркін алмастырылады. Не банкноттар шетел валюталарына алтынға шаққандағы сәйкесті құнмен айырбасталады. А. теңге стандарты 19 ғ-дың 1 жартысына таман Англияда, содан соң Бат. Еуропаның көптеген елдерінде қолданыла бастады. АҚШ пен Францияда А. стандартына қоса күміс стандарты қолданыла бастаған. 20 ғ-дың басында 1— дүн.жүз. соғыс алтын стандартын дағдарысқа ұшыратып, оның орнына қағаз ақша шықты. 1922 ж. Генуя конференциясы дүн.жүз. валюта жүйесі үшін алтын девиз стандартын (банкноттарды шетел валютасына айырбастау) пайдалануды ұсынды және ол 1944 ж. Вреттен — Вудседе өткен халықар. қаржы конференциясында да мақұлданды. Әр түрлі мемл-тердің ақша жүйесі алтын теңге стандартымен анықталмағандықтан әзірге осы жүйе кең қолданылуда. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *