АЛТЫН

АЛТЫН (лат. Аurum), Аu — элементтердің периодты жүйесінің І-тобындағы хим. элемент, асыл металдардың бірі. Рет нөмірі 79, атом массасы 196,967, балқу t 1063°С, қайнау t 2947°С. Таза А. сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, хим. инертті элемент. Сыртқы ортаның хим. әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот және көміртекпен тікелей қосылмайды. А-ға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 колем HNO3, 3 көлем НСL) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында А. бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5-10_7%), теңіз және мүхит су- ында (0,01 — 0,05 мг/т) кездеседі. Кентастардан А-ды үсақтау, байыту жөне цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. А-мен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы А-мен бағаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *