АЛТЫ ҚЫРЛЫ СҮҢГІ — темір сауытты да тесіп өтетін екі басты, ұзын сапты найза. Жебелері үшкір, бірнеше қырлы болып жасалған. Қырларының саны үш, төрт, алты, сегізге дейін болуы мүмкін. Үскі сияқты мұндай өткір жебелер қандай сауытты болса да тесіп өтеді. Ұзын әрі ауыр болғандықтан, жауынгерлер мұндай сүңгіні екі қолмен ұстайтын. А. қ. с-мен көбіне ауыр қарулы әскер жарақтандырылған. Сармат ауыр әскерлері сүңгілерінің ұз. 5 м-ге дейін жеткен. Оны ортасына байланған қайыс арқылы иыққа іліп соғысқан.