АЛТЫБАС АҚМОЛДА

АЛТЫБАС АҚМОЛДАшын аты Әлмұхаммед(1860 — 1925) — ақынӨлеңдері Ахмет Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышына” енгенАлғашқы өлеңдерінен сақталғаны — Ресей отаршылары 1886 ж. Троицкіде Байтұрсын (А. Байтұрсыновтың әкесі) мен оның ағасы Ақтасты соттап, Сібірге айдағандасоларды арашалай алмаған уез начальнигінің көмекшісін сынға алған өлеңіБұл өлеңі Муфтахиддин Ақмолланың өлеңдер жинағына қате енген (АқмоллаКүндер мен түндерөлеңдертолғаулартермелер, айтыс. А., Жазушы, 1986). А.А. Торғай еліндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан. ОШипиннің айтуынша, “патшаға қарсы шығу күнә” деп уағыз айтқан Зияуәддин ишанды “Ай ортақкүн ортақ, ал әділдіктен тайыпхалықты алалайтын патшаға қарсы болу күнә емес” деп тиып тастаған. “1916 жылБилерге” өлеңінде А. А. қазақ жастарын байлап-матапсолдатқа беріп жатқан би-болыстардың қылығын әшкерелейдіЕнді бірде, ел арасын бітістірмейіріткі салып жүрген Сыр бойының датқаларын сынайды. Ә. Жангелдинге, Т. Сейдалинге, Ы. Алтынсаринге арнаған өлеңдері бар. Филос. толғау түріндегі өлеңдерінің бірінде билік иесі екенмін деп асқақтамауға шақырадыдүниенің өткіншілігін еске салады (ҚұддысШамғаҮндістанға патша болсаң да, дүниені түгел билесең де, Ақыры барар жерің тар лакат көр). А. А-ның жетпіс шақты өлеңі Қазақстан ЕМ — ҒА-ның қолжазба қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *