АЛТЫБАЙСОР — Павлодар обл. Қойтас кентінің солт.-шығысында, Ертіс алабында орналасқан көл. Аум. 13,56 км2. Ұз. 6,2 км, ені 3,2 км. Суы ащы. Суының молдығы жауын-шашынға, еріген қарға байланысты көбейіп, кейде құрғап отырады. Қарашаның басында мұзы қатып, сәуірдің ортасында ериді.