АЛТЫБАЙ КҮМБЕЗІ

АЛТЫБАЙ КҮМБЕЗІ – 19 ғасырдың ақыры — 20 ғасырдың басында тарақты Алтыбай батырға арнап жасалған ескерткіш-кесенеБетпақдаланың Арқа жақ шетіндеҚушоқы тауының маңындаШажағай өз-нің бойындаҚабырғасының биікт. 2,5 м, күмбезі 3,5 м, қалауының ені 0,8 м. А. к. Қазақстанның балшықтан салынған халықтық құрылыстарының елеулілерінің біріКесененің шаршы іргелігі жоғарғы жағы саңырауқұлақ сияқты бітетін үш цилиндрлі сирек кездесетін сатылы күмбезбен жабылғанКүмбездің табаны мен төменгі текшесі жұмыр жартыбағандармен және шағын қуыстармен әшекейленгеносындай қуыстар күмбездің жоғарғы кемерінде де бар. Бұрыштары ширек бағандармен бекітілген мүрде жатқан төменгі шаршы бөлік жоғарғы бөліктен әдемі айшықты бағандармен бөлінгенКүмбездің іші әктелгенжарық түсетін тесіктері бар. Солт.-батыс жағындағы есік орнындағы ойық 2 м-ге созылған доға сияқты дәлізбен жалғасқан. Күмбездің негізгі ғимаратына жалғастырып діни ғұрыптарды орындауға арналған қоршау салынған. А. к. қазақ сәулет өнерінде өзіндік ерекшелігі бар құрылыс болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *