АЛТЫ АЯҚ

АЛТЫ АЯҚ — қазақ поэзиясында Абай енгізген шумақ түріАқын осынау шумақ өрнегімен “Бойы бұлғаң”, “Буынсыз тілің”, “Бай сейілді”, “Қор болды жаным”, “Қуаты оттай бұрқырап”, “Ем таба алмай”, “Кешегі Оспан” деген өлеңдерін жазғанӘр шумағы алты жолдан түзіледі. А. а-тың бірінші — екіншітөртінші — бесіншіүшінші — алтыншы тармақтары өзара ұйқасады. 3,6 тармақтары жеті буыннан құралсабасқа жолдары төрт буыннан тұрады (мыс., “Бойы бұлғаң”, “Бай сейілді”, “Кешегі Оспан”). Ал басқаларының буындық және ұйқастық құрылысындадауыс ырғағының кестесінде біраз өзгешеліктер байқаладыСөйтіп Абай А. а-тыңоның шумақтық үлгісініңырғақтық жүйесініңұлттық поэзия тілінің өрнектілікикемділікәуезділік сырларын жарқыратып көрсете білгенАталмыш өлең өлшемін Абайдан кейін қазақ ақындары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Н. Орманбетов, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Сейфуллин, С. Мұқанов және т.бпайдаланды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *