АЛТАУДЫҢ ХАТЫ

“АЛТАУДЫҢ ХАТЫ” — қазақ зиялыларының И.В. Сталинге жолдаған хаты (1933 ж., 24 ақпан). Хатта 1933 жылдың қаңтар — ақпанында Қазақстанда қалыптасқан өте ауыр ахуалдың сыры ашылыпшаруа қожалықтарының саны 50%- ке дейін азайғаны, “ауа көшу мен өлім-жітім тоқтаудың орнына күшейіп отырғандығы” айтылады. Елде әлі де болса асыра сілтеушіліктердің орын алып отырғаныҚазақстанның коммунист басшылығы қалыптасқан жағдайды түзетуде кешірілмейтін шабандық танытып отырғаны, ал “қазақ коммунистері қазақ ауылындағы ұжымдастыру, мал шаруашылығын дамыту практикасындағы өлкелік басшылықтың қателіктерін айтсаәлгілер оларды ұлтшылдарконтрреволюционерлер етіп көрсетуге” тырысатыны жазылды. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің бұрынғы 1-хатшысы Ф.ГолощекинніңҚазақ АКСР Халком Кеңесінің төрағасы О. Исаевтың, В. Голюдовтың, I. Құрамысовтың қызметі сынға алынды. Өлкенің жаңа басшысы Л. Мирзоянға елді қолдан жасалған нәубеттен тез арада құтқару жолында нақты нұсқаулардың берілуін өтіндіХаттың көшірмесі БК(б)П Қазак өлкелік к-тінің 1-хатшысы Л. Мирзоянға табыс етілді. Хат авторлары — қоғам қайраткері Ғаббас Тоғжанов (1900 — 38), Мәскеудің жоғары оқу орындарының студенттері — Бірмұхамед Айбасов (1895 — 38), Жүсіпбек Арыстанов (1904 — 93), Ілияс Қабылов (1904 — 38), Ғарифолла Ысқақов (т.ө.ж.б.), Оразалы Жандосов (1904 — 38, Ораз Жандосовтың інісі). Хатты архив қорынан тауыпалғаш жариялаған тараздық зерттеуші Замир Келдібеков (Қазақ тарихы, 1995, 3 саны). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *